Ұлт көсемi А.Байтұрсыновтың өмiрi мен шығармашылығы
Мазмұны
Кiрiспе 4
1 Ұлт көсемi – Ахмет Байтұрсынов 6
1.1 Ұлт көсемiнiң өнегелi өмiрi 6
1.2 А.Байтұрсыновтың демократтық-ағартушылық қызметi 8
2 А.Байтұрсыновтың шығармашылығының негiзгi арналары 15
2.1 А. Байтұрсынов – аудармашы 15
2.2 А.Байтұрсынов – фольклорист 19
2.3 Қазақ әдебиетiндегi тұңғыш әдебиет теориясы оқулығы 37
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Кiрiспе
Қазақ халқының рухани көсемi, Алаш ардақтысы, қазақ зиялыларының көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың есiмi әр қазақтың жүрегiнде. Оның өмiрi, демократтық-ағартушылық қызметi, саяси көзқарастары, шығармашылығы бүгiнгi күнi қазақ ұлтына жарқырай сәулесiн шашып тұр.
Дипломдық жұмысымның кiрiспесiн Ахаңа шын жүректен арналған осындай сөздерiммен бастасам, ол менiң ұлттық көсемiмiзге деген шексiз құрметiмнiң белгiсi. “Ұлт көсемi А.Байтұрсыновтың өмiрi мен шығармашылығы” тақырыбын жүрек қалауымен таңдадым. Өйткенi, Алаш ардақтыларының өмiрi мен тағдыры кiм-кiмдi де күрсiндiрмей қоймайды. Олар туралы жазылған әдебиеттердi оқи отырып, өзiңнiң қазақ ұлтының өкiлi ретiнде олардың алдында қарыздар екенiңдi сезiнгендей боласың. Осындай сезiмдерден кейiн осы тақырыпты таңдауыма тура келдi. Бұл тақырыпты таңдаған себебiм, А.Байтұрсыновтай ұлт көсемiнiң өнегелi өмiрiмен, шығармашылығымен жақынырақ танысу, қолымнан келгенiнше оның еңбектерiн қарастыру және ой-пiкiрiмдi айту едi.
1 Ұлт көсемi – Ахмет Байтұрсынов
1.1 Ұлт көсемiнiң өнегелi өмiрi
Қазақ халқының рухани көсемiне айналған, ұлты үшiн артында өшпес мұралар қалдырған, халқының адал да бiртуар, бiрегей ұлы - Ахмет Байтұрсынов. Бұл кiсi туралы небiр жақсы сөздер айтылып, небiр дастандар жазылса да артық емес. Өйткенi олар туған халқы үшiн туылып, еңбек етiп, сол халық үшiн небiр құрбандықтарға барып, соңында ұлт үшiн құрбан болған жандар. Олардың өнегелi өмiрi кейiнгi ұрпаққа, бiзге үлгi, өнеге.
Ал Ахмет Байтұрсынов ұрпағына үлгi жандардың көш басында тұр. Сондықтан ол туралы жазу – кейiнгi ұрпақ парызы.
1.2 А.Байтұрсыновтың демократтық-ағартушылық қызметi
Олар әдебиет әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өнер дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған жандар. Олардың өздері де, өлеңдері де қиын-қыстау тауқымет жолын көп кешкен. Сонда да өз мүдделерінен ұлт мүддесін жоғары қойған.
Сондай әлеуметтік астары бар құбылыстардың бірі ағартушылық идеясы, оның халықтық сипат алуы болатын.
2 А.Байтұрсыновтың шығармашылығының негiзгi арналары
2.1 А. Байтұрсынов – аудармашы
Ахмет Байтұрсынов мұрасының негізгі арналарына тоқталайық. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ – орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.
Бұрынғы ескі – ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов (1768-1844) туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарды.
2.2 А.Байтұрсынов – фольклорист
Ахмет Байтұрсынов мұрасының манызды саласы ол жинап, реттеп, өндеп бастырған – фольклор материалдарының бірі – 1923 жылы Мәскеуде Күншығыс баспасында шыққан «Ер Сайын» жыры. Кітап Шоқанның досы, әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде шығарылған. Ахмет Байтұрсынов жазған арнау өлең:
2.3 Қазақ әдебиетiндегi тұңғыш әдебиет теориясы оқулығы
А.Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» (Теория словестности) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгірмеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Қорытынды
Ахаңның қай еңбегін алсақ та келер ұрпақка берер тәрбиелік маңызы зор, құнды мұралар.
“Әдебиет танытқышын” алып қарасақ, нағыз данышпандықпен жазылған ұлы еңбек. Осы еңбекке қарап отырып, Ахаңды әдебиетіміздің атасы дейміз.
Сол сияқты Ахаңның тарихтағы орнын, оның әлеуметтік қоғамдық істерін, дүниетанымдағы кейбір қайшылықтарын өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі Сәкен Сейфулин, “Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қылықты атарман-шабармандардың қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың сол уақыттағы кейбір оқығандары арларын сатып жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды” ,-деп баға берғен.