Сөз таптарының бастауыштық қызметi
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сөйлемнiң бас мүшелері 6
1.1 Тұрлаулы мүшелер 6
1.2 Бастауыш және оның грамматикалық белгiлерi 21
1.3 Баяндауыштың зерттелуi және оның грамматикалық белгілері 38
1.4 Баяндауыштардың сөз таптарынан жасалуына қарай бөлінуі 39
1.5 Баяндауыштың күрделендіруші элементтері 41
1.6 Зат есімнің баяндауыш болу құбылысы 43
2 Сөз таптарының бастауыштық қызметi 46
2.1 Зат есімнің бастауыш болуы 46
2.2 Сын есімнің бастауыш болуы 49
2.3 Сан есімнің бастауыш болуы 51
2.4 Есімдіктердің бастауыш болуы 53
3 Баяндауыштың түрлері және жасалу жолдары 55
3.1 Шақ мағыналы баяндауыштар 55
3.2 Іс-әрекеттің қарқынын білдіретін баяндауыштар 57
3.3 Іс-әрекеттің, қимылдың қалпын білдіретін баяндауыштар 58
3.4 Іс-әрекетті, қимылды білдіретін мақсат, қалау, тілеу мәнді баяндауыштар 60
3.5 Модаль баяндауыштар 63
Қорытынды 66
Әдебиеттер тізімі 70
Кіріспе
Сөйлем мүшелері, негізінде, синтаксисте, оның ішінде сөйлемнің синтаксисінде басты қызмет атқарады. Сондықтан да сөйлем мүшелеріне ерте кезден-ақ басты назар аударушылық басым болды.
Бірақ қазақ тіл білімінде бүл аталған тілдік категория осы күнге дейін арнайы зерттеудің объектісі болмай отыр. Бұл еңбекте сөйлем мүшелері деген не, олар туралы көзқарастар, олардың өзара қалыптасуы, жасалу жолдары, сұраулары, түрлері, т.б. ерекшеліктері арнайы, ғылыми тұрғыда сөз болады.
Сөйлем синтаксисінің ең негізгі бірлігі, өйткені сөйлем ғана тілдің негізгі қызметтерін анықтай мен шындық болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беру жағынан ажыратылады.
1 Сөйлемнiң бас мүшелері
1.1 Тұрлаулы мүшелер
Сөйлем - ойды жеткізудің негізгі формасы. Ойдың әр қилы болатындығынан сөйлемнің қурамы да әр түрлі болады. Сөйлем құрамындағы сөздің санының аз болуы көп болуы ой ерекшелігімен, стиль ерекшелігімен байланысты болады.
Сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай жіктейміз. Грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып туратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. [1, 48]
Қазақ тіл білімінде болсын, басқа да түркітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлауы мүшелерге негізінен бастауыш пен баяндауышты жатқызатыны белгілі.
1.2 Бастауыш және оның грамматикалық белгiлерi
Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде көптеген оқу кітаптары, методикалық құралдар және мақалалар жарық көрді. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі мәселелерінен гөрі, олардағы кейбір жанама мәселелеріне де баса назар аударылған. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастауыштарды басқа тілдермен салыстыру, орын тәртібі және стильдік қызметтері сөз болады.Бастауыштың ережесі. Бастауыштың ережесі әр түрлі оқулықта әр түрлі беріліп жүр.
1.3 Баяндауыштың зерттелуi және оның грамматикалық белгілері
Барлық түркітану және қазақ тіл білімінде арнайы түрде зерттелуі болатын негізгі мәселе-баяндауыштың жасалу жолдары. Негізгі пікір мынаған келіп тіреледі: біріншіден, баяндауыш қызметінде сөз болатын сөз таптары-етістік пен есімдер тобы. Кейбір еңбектерде баяндауыштың жасалуында етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуын айта келіп оның ішінде есімшенің де баяндауыш болуын арнайы бөліп көрсетеді. (А. Байтұрсынов)
Ал, Е.И. Убрятов етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы айта келіп, етістіктер тек сөйлемнің соңында жұмсалып қана баяндауыш болады деп ерекше атап кетеді. Сөз таптарының ішінде баяндауыш қызметінде есімдік, үстеу кейбір көмекші сөздер, туралы түрліше көзқарастарды байқауға болады.
1.4 Баяндауыштардың сөз таптарынан жасалуына қарай бөлінуі
Предикативтік іс-әрекеті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтік форма осы баяндауыш бойынан табылады.
Баяндауыштың грамматикалық белгілері мыналар:
1.5 Баяндауыштың күрделендіруші элементтері
Баяндауыштарды қай сөз таптарынан жасалуына қарай есімдік, етістікті және құрама баяндауыштар деп бөлуін біз де қолдай келе, назар аударуды жөн деп білеміз. Етістікті баяндауыштардың өзі дара және күрделі болып бөлінетіндігі белгілі.
Етістікті баяндауыштағы етістікті көмекші сөздер сол негізгі мағыналы етістіктердің шақ, тағы басқа ерекшеліктерін қалай айқындауға себеп болса, бұл тіркескен сөздер де сондай қызметке ие болады. Мысалы: Ол ағамен кездесіп қап өзін, таныта білсе керек. (З. Шашкин) Өз жүрегінің жұмбағын өзі шешу керек. (З. Шашкин) Осы күні оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып кеткен тәрізді.
1.6 Зат есімнің баяндауыш болу құбылысы
Әдетте баяндауыш, оның етістікті де, ортақ баяндауыштарды сөз еткенде оларға қатысты мәселенің бірі оларды күрделендіруші элементтер арнайы сөз болады.
Біріншіден, негізгі сыңары етістік және есімдерге көмекші етістіктердің күрделенуі онша қиындық келтірмегенімен екінші тобының жасалуында бірізділік жоқтың қасы. Оның өз мына мәселелерге келіп тіреледі.
Етістік баяндауыш пен ортақ баяндауышқа көмекші сөздерді саралап жатпай-ақ, оларға көмекші етістіктердің тіркесі арқылы күрделі баяндауыш жасалады деу басым.
Әрбір сөз табының лексикалық мағынасымен бірге олардың өзіне қатысты синтаксистік қызметтері лексикалық мағынасымен бірге олардың өзіне қатысты синтаксистік қызметтері болатыны анық.
2 Сөз таптарының бастауыштық қызметi
2.1 Зат есімнің бастауыш болуы
Зат есімдер бастауыш қызметінде де ең көп қолданылатын сөз табы. Оның өзі оның мағынасымен де тығыз байланысты. Бастауыш сөйлемдегі ойдың негізі болады дейтін болсақ, сол негізгі ой көбіне заттар арқылы көрінсе керек. Сол зат есімдер бастауыш қызметінде жақ жағынан көбіне үшінші жақта айтылып барып жұмсалатыны айқын.
Зат есімдер бастауыш қызметінде дара, күрделі түрде жұмсалады. Зат есімді дара бастауыштар нольдік тұлғадағы бастауыштар. Зат есімдер сондай-ақ жалқы есім, жалпы есім деректі, дерексіз болып бөлінетіні белгілі. Сол зат есмінің барлық түрі де бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Раушан қалтырып тұр, өкпесі аузына тығылып сөйлеуге ерік бермейтін секілді.(Б.Майлин).
2.2 Сын есімнің бастауыш болуы
Сын есімдер табиғатында анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары. Олар заттың түрлі сындық, сапалық, көлемін, аумағын білдіретін сөздер. Сондықтан да олар тек зат бар жерде пайда болып, оның қасиетін сапалық жағынан айқынаушы сөздер. Сын есімдер осы қасиетіне сай зат есімдердің алдында келіп, яғни онымен қабат тұруы арқылы тіркестерде жұмсалады.
Сын есімдер затқа қатыстылығы арқылы сол заттардың анықтауышы ретніде жұмсала келіп, келе-келе олар сөйлемде тек анықтауыш қызметімен бірге басқа да сөйлем мүшелері, соның бірі бастауыш қызметінде де жұмсала алатын дәрежеге ие болып отыр. Мұның өзі бір күнде пайда болған құбылыс емес.
2.3 Сан есімнің бастауыш болуы
Сан есімдер де сын есімдер тәрізді затқа қытысты, яғни онымен тіркесте көбіне анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы. Егер сын есімдер бүтіндей затқа қатысты ғана жұмсалуға тиіс болса, ал сан есімдердің топтарының қызметі әр түрлі.
Сан есімдердің ішінде бастауыш қызметінде жұмсалуға ыңғай барлары есептік, реттік сан есімдері, кейде жинақтық, болжалдық сан есімдері туралы да осыны айтуға болады. Мұның өзі сан есімдердің морфологиялық өзгерісіне байланысты. Морфологиялық өзгеріске көбірек ұшырайтындарды есептік, реттік сан есімдері, сан есімнің жоғарыда көрсетілген түрлері көбіне тәуелдену арқылы ғана бастауыш қызметінде жұмсала алады. Міне, бұған қарағанда сан есімнің түрлерінің бастауыш қызметінде жұмсалуының бәрі бірдей қолданыла бермейтінін көреміз.
2.4 Есімдіктердің бастауыш болуы
Есімдіктердің әрбір тобының бастауыш қызметінде жұмсалуының дәрежесі әр түрлі. Жіктеу, өз есімдіктері ондай қызметте мол жұмсалса, басқа топты есімдіктер де ретіне қарай қолданыла береді. Есімдіктердің кейбір топтары бастауыш қызметінде сол қалпында жұмсалса, енді бірі заттанып барып қана жұмсалады. Сондықтан да есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалу аясы әр түрлі. Атау тұлғалы есімдікті бастауыштар:
3 Баяндауыштың түрлері және жасалу жолдары
3.1 Шақ мағыналы баяндауыштар
Шақ мағыналы баяндауыштар ретінде негізінен ашық рай етістіктер жұмсалады. Предикативтік мағынаның компаненті болып қалыптасқан шақ формалары түгелдей баяндауыш құрамында ғана көріне алады.
Шана жаймен келе жатыр. Боран қарды жол үстінен сыпырып тастапты жолаушы ауылға сәскеде жетеді?
Баяндауыш қызметінде етістіктің шақ формаларының функционалдық қалпы да орныққан.
Мысалы ауыспалы шақ етістіктен болған баяндауыштар дағдылы іс-әрекетті ұзақ мерзім ішінде болатын істі білдіруге бейімделген.
3.3 Іс-әрекеттің, қимылдың қалпын білдіретін баяндауыштар
Іс-әрекеттің, қимылдың қалпын білдіретін баяндауыштар етістіктердің белгілі аналитикалық формалары негізінде жасалады. Ол формалардың бірқатары осы күнгі жарыққа шыққан лингвистикалық еңбектерде аталып, шақтың катигория қатарына жатқызылып жүр. Біз бір топ баяндауыштарды іс-әрекеттің қимылдың қалпын білдіретін топ деп бөліп атағанда, олардың құрамындағы грамматикалық ерекшеліктерді сол құралған аналитикалық формалардың тұтас тұлға ретінде түрлену мүмкіншілігін, осы формалар білдіретін негізгі грамматикалық мағынаны ескердік. Ол негізгі грамматикалық мағына іс-әрекеттің, қимылдың процеске айналу алдындағы қалпын білдіру.
3.4 Іс-әрекетті, қимылды білдіретін мақсат, қалау, тілеу мәнді баяндауыштар
Іс-әрекетті, қимылды субъектіні мақсат, тілек ету, қалауы тұрғысынан атайтын баяндауыштар бірнеше формада көрінеді.
Іс-әрекетті субъектінің мақсаты тұрғысынан атайтын баяндауыштар –мақ, -мек тұлғалы қимыл атаулы етістіктерді қатыстыру арқылы жасалады. Қимыл атауы түбір күйінде немесе –шы, -ші жұрнақтарын үстемелеп (алмақшы, көрмекші) баяндауыш ретінде жұмсалады. Бұлармен қатар мақсат мәнді баяндауыштар –мақ болды, -мақшы болды құрамында да ұшырайды. Осы үш форманы біз функциялық қызметі жағынан біріне-бірі жуық сынар варианттар деп есептейміз. Құнанбай салған мешіт бітті. Алшынбай, Құнанбай сонны той етпек. (Әуезов) Кешкі салқынмен борсықтың інін қазбақшы болдық (Мұстафин).
Грамматикалық құрылысын ескерсек те, мағына, қызмет аясын ескерсек те, осы варианттардың ішіндегі негізгі, тірек сыңар деп жалаң –мақ тұлғалы етістіктен жасалған баяндауышты атауымыз керек.
3.5 Модаль баяндауыштар
Синтаксисте көрінетін модальдық категорияның мазмұны, формалдық көрінісі туралы тіл білімінде пікір бырыңғай емес. Біз әңгімемізде модальдық категория қатарына айтылған ой-пікірге субъектінің субъективтік қатысын, бағытын танытатын формаларды ғана жатқызып отырмыз. Модальдық категорияға кірістірілген бұл формалар мына мазмұнда болып келеді.
Қорытынды
Сөйлем құрауға негіз болатын өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін-турлаулы мүшелер дейміз. Турлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей болмайды.
Бастауыш-сөйлемде айтылатын ойға негіз болады. Ал баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағанады.
Турлаулы мүшелердің ең негізгісі-бастауыш. Дегенмен сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болады. Ол сөйлемдегі ойды тиянақтап көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап турады. Яғни сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.