Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 80 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстан стратегия 2030


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақстанның 2030 жылдарға дейін дамуы стратегиясының мақсаттарына жетуінің аналитикалық бағасы 7
1.1 Қазақстандағы инфляциялық жылдар 7
1.2 Қазақстанның даму кезеңдері және ел басының жолдаулары 9
2 Ұзақ мерзімді басымдық және ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы 16
2.1 Болашаққа қарай-даму сценарийі 16
2.2 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы 21
2.3 Мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру 23
2.4 Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын дамыту 24
2.5 Бизнестiк ортаны дамыту және кәсiпкерлiктi қолдау 28
2.6 Мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару 29
3 Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру 52
3.1 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру 52
Қорытынды 78
Қолданылған әдебиеттер 80

Кіріспе
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.

1 Қазақстанның 2030 жылдарға дейін дамуы стратегиясының мақсаттарына жетуінің аналитикалық бағасы
1.1 Қазақстандағы инфляциялық жылдар
1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың “егемендіктер парадының“ басталуы және эканомикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметті-эканомикалық жағдайларғаәкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде эканомиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп 1994 жылдың жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және эканомикаллық себептер 1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын “ жоғалтып “ жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде эканомиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 % құраса ,1994 -те - 1258, ал 1 995-тің аяғында “ теңге” тұрақтана бастап , инфляция төмендеді және 60,3 % - ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7% -тың маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2 %, 1998-ші жылы- 1,9 %, 1999-шы жылы - 17 ,8 %, 2000- ші жылы – 9,8 құраса, ал 2003-ші жылыдың аяғында 5,9-ға тұрақтады.

1.2 Қазақстанның даму кезеңдері және ел басының жолдаулары
Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін оның құрамындағы елдер өз беттерімен бөлініп-бөлініп кетті.Олар көптен күткен арманына жетті - яғни тәуелсіз мемлекет атанды.Бірақ тәуелсіздіктің де тауқыметін тарту оңай емес.Әлуметтік және саяси тұрақсыздық кең ауқымда болды.Тауар ұсынысы азайды, сәйкесінше таурға баға көтерілді, адамдардың көбі кедейлікке ұшырады. Бұл тәуелсіздікпен бірге мемлекет халқының көрген қиыншылығының тек басы ғана еді. Бұрыңғы кеңес одағына енген елдер басшылары Н.Назарбаевпен бірге Алматыда ТМД құру жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл достастыққа әр түрлі эканомикалық потенциалы бар елдер кірсе де,бұл достастықты құрудың өзі Евразия территориясында азаматтық соғысты болдырмауды білдірді, ал қажет болған жағдайда посткеңес үкіметтері бірін-бірі қолдайтынын білдірді.КСРО тарауы салдарынан 1991-1996 жылдары орын алған күйреу мен күйзелістерден Қазақстан ТМД елдері ішінде тез арада еңсе тіктеп, барлық бағытта дерлік тұрлаулы алға басуды қамтамасыз ете алады.

2 Ұзақ мерзімді басымдық және ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы
2.1 Болашаққа қарай-даму сценарийі
Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды қандай мүдделердің - саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеп соғады.
Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бүрынғы Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.

2.2 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары мемлекеттiк жоспарлау.
Мемлекеттiк жоспарлаудың стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым мiндеттерiн iске асыруға бағдарланған тұтас және тиiмдi жүйесiн қалыптастыру.
Мiндеттерi
1. Мемлекеттiк органдардың шешiмдер қабылдаудағы дербестiгiн және олардың түпкiлiктi нәтижелерге (мақсатты индикаторлар) қол жеткiзуге жауапкершiлiгiн арттыруға бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге және ұстауға жаңа тәсiлдердi көздейтiн мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн әзiрлеу және енгiзу.

2.3 Мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру
Ел экономикасының өнiмдiлiгi мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым мiндеттерiн шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетiктерiн жетiлдiру.
Мiндеттерi
1. Салық-бюджет жүйесiнiң орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртiптi арттыру, мемлекеттiк шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргiзу және ұлттық қордың активтерiн тиiмдi басқаруды жүзеге асыру.
2. Экономикаға салық жүктемесiн оңтайландыруға, салықтық рәсiмдердi оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргiзу жолымен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халықтың iскерлiк белсендiлiгiнiң өсуiн ынталандыру.

2.4 Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын дамыту

Ырықтандыру жағдайында баға тұрақтылығын, қаржы секторының орнықтылығы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету.
Мiндеттерi
1. Инфляцияның деңгейiн берiлген параметрлерде ұстап тұру.
2. Қазақстанның қаржы секторын нығайту, оның орнықтылығын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпорындар мен халықтың қаржы секторының қызметтерiмен қамтылуын кеңейту, оның жекелеген сегменттерiн одан әрi дамыту.

2.5 Бизнестiк ортаны дамыту және кәсiпкерлiктi қолдау
Кәсiпкерлiктi тиiмдi дамыту үшiн заңнамалық және институционалдық сипатта қолайлы жағдай жасау, әкiмшiлiк кедергiлердi одан әрi қысқарту, шағын және орта бизнестi, оның iшiнде мемлекеттiк холдингтердiң қолдауы.
1. Бизнестi дамытуды бөгейтiн әкiмшiлiк кедергiлердi жою.
2. Бизнес ахуалды жақсарту.
3. Шағын және орта бизнестi мемлекеттiк холдингтермен ынтымақтастыққа тарту үшiн ынталық туғызу.
Алға қойылған мiндеттердi шешу үшiн мыналар көзделедi:

3 Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру
3.1 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру
Экономиканы әртараптандыру және шикiзаттық емес экспортты ұлғайту.
Мiндеттерi
1. Әртараптандыру процесiн ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
2. Экономиканың шикiзаттық емес салаларындағы инвестициялық белсендiлiктi ынталандыру.
3. Үлкен мультипликативтiк тиiмдiлiгi бар жаңа технологиялық және жүйе құрайтын өндiрiстердi дамыту, оның iшiнде "серпiндi" инвестициялық жобаларды iске асыру.
4. Жұмыс iстеп тұрған өңдеушi өндiрiстердi жаңғыртуды ынталандыру.
5. Өңдеушi өнеркәсiптiң ғылымды қажетсiнуiн арттыру үшiн
ынталандырулар туғызу және бизнестiң инновациялық-кәсiпкерлiк белсендiлiгiн ынталандыру.

Қорытынды
Ұзақ мерзімді басымдықтарды тандап алу, 1998-2030 жылдарға арналған міндеттерді белгілеу және келесі жылдың іс-қимыл жоспарын әзірлеу - аса күрделі міндет.
Алдын ала бәрін болжау мүмкін емес, бұл жолда қандай қиындықтардың тосып тұрғаны да беймәлім. Алайда осынау ұзақ мерзімді басымдықтарды әзірлеу бірден бәріміздің қажырымызды жанып, іске жұмылдырары анық, ал бұл бізге жетіспей жүрген қасиет.
Бүгінгі ұрпақтың көпшілігінің осынау стратегиямыздың іске асқан кезіне жетер-жетпесі де неғайбыл.