Инфляция және жұмыссыздық
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ҚҰБЫЛЫСТАР РЕТІНДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 6
1.1 Инфляция түрлері, мәні 6
1.2 Жұмыссыздық мәні мен Филлипс қисық сызығы 11
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ 19
2.1 2007-2009 жж аралығында инфляция деңгейін талдау 19
2.2 Жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасу прблемалары 22
3 ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТИІМДІ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ 28
3.1 Жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасуын мемлекеттік қолдау 28
3.2 Инфляцияға қарсы шаралар жүйесі (мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты, Ұлттық Банктің ақша саясатының инфляциялық реттеу) 35
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайлардың өзгеруінің келеңсіз әсерін бастан өткеріп отыр. Бұл факторлардың макроэкономикалық теңгерімді бұзуы үшін айтарлықтай қатері бар, өйткені инфляцияның өсу қаупі, теңгенің айырбас бағамының шектен тыс нығаюы, экономиканың шикізат емес сектеорларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі күшейіп отыр.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әралуан қысылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшуге, экономиканы реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне амалсыздан душар болып отыр.
Осыған байланысты, Президенттің «Қазақстан – 2030» жолдауында анықталмаған, қазіргі кезеңдегі республика дамуының негізгі басымдықтарының бірі кедейлікпен және жұмыссыздық пен инфляциямен күрес жөніндегі бағдарламалар мазмұнын осы жұмыстан көруімізге болады.
Курстық жұмыстың мақсатына орай негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- Казақстан Республикасының негізгі халқын жұмыспен қамтамасыздандыруының қазіргі жағдайын талдау;
- Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтуда еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қалыптастыру, жастар, мүгедектер, әйелдерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасауды көздеу;
- Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесін жоғарлатуды талдау;
- Жұмыссыздықтың, инфляцияның мәні мен Филлипс қисық сызығына сипаттама беру;
- 2007-2009 жж аралығында инфляция деңгейін талдау;
- Инфляцияға қарсы шаралар жүйесін (мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты, Ұлттық Банктің ақша саясатының инфляциялық реттеу) қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазуда әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел авторларының оқулықтары, оқу құралдары мен монографиялары қолданылды.
1 ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ҚҰБЫЛЫСТАР РЕТІНДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Инфляция түрлері, мәні
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция ерекшелігі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайдар да әсер етеді.
1.2 Жұмыссыздық мәні мен Филлипс қисық сызығы
Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық, технологиялық.
Фрикциондық жұмыссыздық.
Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жербен екіншіге жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Яғни, фрикционды жұмыссыздық дегеніміз – жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық.
Фрикционды жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы толық информация болғанда немесе осы информация тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1 айдан 3 айға дейін).
Циклдік жұмыссыздық.
Циклдік жұмыссыздықтың негізін экономикалық құлдыраумен және сраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдік ауытқулары құрайды. Яғни, циклдік жұмыссыздық дегеніміз – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмыспен толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.
Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р.Липси есімді экономист жасаған екен. Кейіннен американ экономистері Р.Солоу және П.Самуньсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс модельіндегі еңбекақы келесім (ставкасын) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығын белгілі экономикалық өсуі, белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
2.1 2007-2009 жж аралығында инфляция деңгейін талдау
2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 8,9 - 9,7%, инфляция деңгейі - 5 - 8% құрайды - үкіметтің түзетілген болжамы Қазақстан үкіметінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің түзетілген болжамына сәйкес, 2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 8,9 - 9,7%, инфляция деңгейі - 5 - 8% құрайды. Осы жөніндегі қаулыға республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.
2.2 Жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасу прблемалары
Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселе еңбек рыногы, адамдардың еңбекпен қамтылуы, жұмыссыздық екені даусыз.
2003 – ші жылдың шілдесінде 15 – жас және одан асқан экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны (бағалау бойынша) 8,1 млн. адамды құрады. Республиканың экономикада 7,4 млн. адам жұмыспен қамтылған, жалдамалы қызметкерлер саны 4,4 млн. адам болып, өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 302,6 мың адамға (7,4%) өсті, оның ішінде мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтіндер саны тиісінше – 3,5 млн. және 252,9 мыңға (7,7%), жеке тұлғаларда – 0,5 млн. және 34,8 мыңға (6,9%) шаруа қожалықтарында – 0,3 млн. болып, 14,9 мың адамға (54%) өсті.
Жұмыссыздар (табысты жұмысы болмаған, оны белсенді түрде іздеген және оған кірісуге дайын болғандар) саны 667,2 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі 8,3 пайызды құрады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органында 2003 жылдың шілде айының соңында жұмыссыздар ретінде 168,7 мың адам тіркелді.
Сөйтіп жұмыспен қамтылды дегендердің 40,8 пайызы өзін - өзі жұмыспен қамтып жүргендердің 2047,2 мыңы, яғни 71,1 пайызға ауыл шаруашылығындағылар. Бұл түсінікті: Ауыл тұрғындарының меншігінде біраз малы және көкөніс, картоп өндіретін азын – аулақ жері болса, солардың өнімдерін есептеп, одан алынады – ау деген табысқа айналдырып, оларды өзін - өзі жұмыспен қамтығандарға жатқызамыз. Ал, өмірдегі шындық басқаша. Сол екі миллионнан астам адамның көбі шың мәніндегі жұмыссыздар.
Кесте 2.
3 ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТИІМДІ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасуын мемлекеттік қолдау
Дүниеде өзгермейтін ешнәрсе болмаса керек. Бәрі өзгереді. Адам да, қоғам да. Қоғам өмір сүретін орта да. Бұрын қалай еді: Кеңес одағы дейтін алып мемлекет үстемдігі соншалықты берік орнап тұрған кезде халық бір бағдарға қарады, бір талапқа бағынды. Сол бағдармен алды-артын айқындап отырды. Кейін алып одақ ыдырап, қоғамдық құрылысқа жаңа леп, өзгеріс лебі келгеннен кейін аяғыңды сол өзгеріс атаулыдан алып жүре алмайтындай болдың.
Мәселен үкіметтің 2002 – 2010 жылдарына арнаған «Ауыз су» салалық бағдарламасы, Қазақстан Республикасында жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісін қалпына келтірудің және дамытудың 2010 жылға дейінгі кезенге арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы «Салауатты өмір салты» кешенді бағдардамасы, Қазақстан Республикасындағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарына арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы кедейлікті азайту жөнінде 2003-2005 жылдарына арналған бағдарламасы қабылданды.
3.2 Инфляцияға қарсы шаралар жүйесі (мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты, Ұлттық Банктің ақша саясатының инфляциялық реттеу)
Ифляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілетті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцины тежеудің қоғамдық бағасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, мен ең басты назарды осы жұмыстың мына жерлеріне келтіремін.
Сонымен, жұмыссыздық – бұл уақытша белсенді халықтың жұмыс басты болмауы.
Қазіргі неоконсерванттардың өкілдерінің ойынша, жаппай жұмыссыздық әлеуметтік – эономикалық мәслелердің ең ауырына жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формаларына нақты қауіп тудырады.
Табыс ретінде жалақы ставкасы, сонымен қатар, белгілі бір мерзімде еңбек бірліктерін пайдаланғаны үшін төленетін баға болып саналады. Шығарылған өнім бағасын сұраным мен ұсыну заңына байланысты анықтайды.
Өздерінің еңбегі үшін жұмыскерлердің талап ететін жалақысы жоғары болған сайын, оларды жұмысқа алу үшін жұмыс берушілер аз келесім береді. (сұраным заңы)
Және басқа жақтан, ұсынылатын жалақы жоғары болған сайын, осындай жұыспен айналыатын адамдар саны көбейеді. (ұсыным заңы)
Осы аталған сұраным заңы мен ұсыным заңы қиылысқан да еңбек күшінің бағасы тепе- теңдікте болады.
Жұмыссыздық аз еркімен және еріксізден болуы мүмкін, қазіргі экономикада оның негізгі үш түрін қарастырады:
Фрикциондық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, яғни оны натуралды жұмыссыздық деңгейі анықтайды және циклдық жұмыссыздық.
Натуралдық жұмыссыздық деңгейі деген ұғым экономикалық қиындықты шешуде, инфляцияда сипаттау жасауда үлкен роль атқарады. Яғни, баға деңгейі мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі инфляцияның өсу қарқына тездетілуінен болуы мүмкін.
Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жолдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс - әрекет жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында еңбек рыногы лі қалыпқа келтірілуде. Еңбек инфрақұрылымының құрылуы аяқталуынан әлі алыс.
Қазақстан Республикасына жұмыссыздықты бақылаудың екі орталығы айқындалады:
Арнайы, яғни статистикалық орталықтың айқындалуымен және оның бөлігі, мемлекеттік қызмет органдарымен жұмыс басшылық тізіміне өтетіндер.
Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтуда еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қалыптастырылған, жастар, мүгедектер, әйелдерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі (квотасы) белгіленген.
Қорыта келгенде, республикада алдағы жылдары тіркелетін жұмыссыздар саны бірнеше мыңға дейін ұлғайуы немесе төмендеу мүмкін. Сондықтан осындай жағдайларда мемлекет әлеуметтік саясатында міндетті шараларды жүргізуге міндетті: әсіресе, жұмыссыздарға жәрдем төлеу, бірлікті арттыру мен жаңа жұмыс орнын құру және әлеуметтік саясат және тағы басқа. Сонымен қатар шетелдердің тәжірибесін тиімді қолдану. Мысалы, кез келген қиындықты шешудің тиімді жолы – оның бағалы жүйе негізінде нақты анықталғандығы және екі ойлы концепция емес екендігін дәлелдеу. Бұл Ресейдегі экономикалық теорияларды зерттеулеріндегі тапсырысы.
Cонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.
Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.
Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік-саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруд және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. –Макроэкономика ,А -2003-Экономика баспасы
2. Жұмамбаев С.К., Еңбек нарығының экономикасы.A-2003
3. Үсербаева А.Б., ҚР Еңбек нарығының даму тенденциясы, III дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- теориялық конференция материалдары - 11-12 желтоқсан 2002
4. Фишер С. Макроэкономика, М.-1997;ИНФРА
5. Б.Жақашев, Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері, АльПари,№2.2007
6. Б.Жақашев Ауыл шаруашылығындағы маңызды күш – еңбек потенциалы, АльПари,№2.2007
7. А.К. Ермекбаев Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау,-ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы №4(56).2006
8. Статистический ежегодник.2006
9. Ақиқат журналы, 2002 №5, 2001 №1, 2000 №5
10. Алпысбаева С.Н. «Рынок труда» Қарағанды, 2002 жыл.
11. Болатханова З.А. «Әлеуметтік экономикалық статистика» Алматы, 2003 жыл.
12. Булатова А.С. «Экономика»
13. Дорнбуш Р., Фишер С. «Макроэкономика» ағылшын баспасынан аударма, Алматы: білім, 1997 жыл.
14. Жеденов Ө.К., Жүнісов Б.А., Байжұрартов У.З. «Жалпы экономикалық теория» Алматы, 2002 жыл.
15. Жүнісов Б.А. және басқалар. «Нарықтық экономиканың негіздері»: Оқу-метод құралы. Ақтөбе: АОУ – ХАУ 2-ші бөлім, 1993 жыл.
16. Жұмабаева С.К. Еңбек рыногы, экономикасы, 2003 жыл.
17. Қазақстан цифрларда. 1997 жыл, Алматы, 2002 жыл.
18. Орталық Қазақстан, 2003 №1
19. Президент пен Қазақстан Республикасы үкіметінің актілер жинағы. 2000 жыл, №1.
20. Труд в Казахстане, 2003 №12, 2004 №1, 2002 №12.
21. Чипурин М.Н. «Куср по экономической теории»
22. Ш. Қашықов, Ө. Нурғалиев «Кәсіпкерлік және маркетинг негіздері» - Қарағанды, 1995 жыл.
23. Шаекина Ж.М. Нәбиева Е.Н. Базарова С.Қ. Маркетинг негіздері. - Астана 2005 жыл.
24. Эванс Дж. Р., Берман Б. Маркетинг. — М.: Экономика, 1990. — 350 с.
25. Оганесян А. Экономика предприятия. – Москва: ПРИОР, 2003
26. Раицкий К.А. Экономика предприятия. –М.: ИВЦ «Маркетинг»,2000.
27. Хрипач В.Я. Экономика предприятия. –Минск, 2001 г.
28. Экономика предприятия: Учебник /Под ред. Н. А. Сафронова/ – М.: «Юристъ», 2000 г