Салық жүйесінің экономикалық қалыптасу негізі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Салық жүйесінің экономикалық қалыптасу негізі 5
1.1 Салық жүйесінің ұғымы және қаржы жүйесінде алатын арны 5
1.2 Салықтар – салық жүйесінің негізгі элементтері ретінде 12
1.3 Шет мемлекеттеріндегі салық жүйесінің қалыптасуы мен даму ерекшелігі 16
2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикада алатын орны мен маңызы 21
2.1 Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы мен даму бағыттары 21
2.2 Қазақстан Республикасының салық реформалары 25
2.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің 2004-2006 жылдардағы түсіміне талдау 28
3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінде кездесетін мәселелер мен шешу жолдары 33
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің мәселелері 33
3.2 Салық жүйесіндегі мәселелерді шешу және жетілдіру жолдары 37
Қорытынды 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 44
Қосымша 46
Кіріспе
Салық - мемлекетке тиесті қоғамдық жиынтық өнімді бөледі. Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекетгер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, еліміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты - бюджетің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
1 Салық жүйесінің экономикалық қалыптасу негізі
1.1 Салық жүйесінің ұғымы және қаржы жүйесінде алатын арны
Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір белігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салық мәжбүрлеме сипатта болады. Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
- бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүрлі түрде;
- екінші кезең, салықты төлеген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылып отырады;
- үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады. [12,12-26б.]
1.2 Салықтар – салық жүйесінің негізгі элементтері ретінде
Салық элементтері - салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:
1.3 Шет мемлекеттеріндегі салық жүйесінің қалыптасуы мен даму ерекшелігі
Бұл бөлімде корпоративтік табыс салығының шетел тәжірибесіне сүйене отытып салыстыру көрсеттім. Яғни Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетіл тәжірибесіне сүйене отырып құрылды. Біз осы арқылы салық жүйесінің тиімді жұмыс істеп отырғаның көреміз. Көптеген мемлекеттерде заңды түлғалардың табысына салынатын салық (корпорациялық салық) компанияның таза пайдасынан үйлесімді салық ставкасымен алынады. Салық салынатын таза пайда жалпы түсім мен өндіріс процесі барысында жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Ал компанияның пайдасы бөлінетін және бөлінбейтін деген екі бөліктен тұрады. Салық салу барысында бұл бөліктер өз алдына мынадай түрлерге топталады:
2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикада алатын орны мен маңызы
2.1 Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы мен даму бағыттары
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекетгер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, еліміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты - бюджетің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
2.2 Қазақстан Республикасының салық реформалары
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне, он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржылаыдырудың негізгі көзі болып табылады.
2.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің 2004-2006 жылдардағы түсіміне талдау
Отандық тәжірибеде, салық жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік саясатына икемделіп келе жатқан кездері деп соңғы бес жылдықты атауға болады. 1998 -2005 жылдар аралығындағы салық жүйесінде болып келе жатқан үлкенді - кішілі реформалардың арқасында бүкіл әлем назар салып, бет бұрып отырған қоғам игілігі халықтың тұрмыс -деңгейін көтеруге, әлеуметтік жағдайдың дұрыс жолға қойылуына салық жүйесі тарапынан аз үлес косылып отырған жоқ.
3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінде кездесетін мәселелер мен шешу жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің мәселелері
Корпорациялық табыс салығының әлеуметтік аспектлерді қамтып отыратындығын, сонымен бірге жасалынатын шегерімдерден көруге болады. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстар шегеріледі, әлеуметтік төлемдерге жұмсаған шығындар, оның ішінде қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген, жүктілігі мен босануы бойынша демалысына ақы төлеуге есептелген, өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге зиянды өтеуге бағытталған, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есептелген шығыстар шегерімге жатқызылады. Мұндай жағдайлар, әрбір салық төлеуші кәсіпорындардың аталған әлеуметтік төлемдер мен өтемдерді жүзеге асырып отыруын ынталандырады.
3.2 Салық жүйесіндегі мәселелерді шешу және жетілдіру жолдары
Экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілі А. Смит (1723-1790) кәсіпкерлерді қандай да бір комметциялық идеяны өткізіп, пайда алу үшін экономикалық тәуекелдерге баратын меншік иесі ретінде сипаттаған. Мұнда ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады, нәтижесіне өзі ие болады.. көрнекті ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің пікірі бойынша, кәсіпкер белсенді, тәуелсіз, ұқыпты және өте сақ болуы керек.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, салықтың экономиканы тұрақты ұстауында атқаратың ролі өте үлкен. Экономиканың дамуның бірде бір қозғаушы күші болып табылады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты тұрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасыгыц Конститутциясы.
2. Қазақстан Республикасынің «Қазақстан Республикасындағы
3. салық жүйесі туралы» Заңы. 1991 жылы 25 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы 1995 жылы 24 сәуір.
5. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы. 1999 жылы 16 шілде.
6. Қазақстан Республикасыиың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі). 2001 жыл 12 маусым.
7. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (Салық Кодексі) жасалған өзгертулер мен толықтыруларды қоса. 2006 жылы 1 қаңтар.
8. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
9. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі.
10. А.И. Худяков, Г.М. Бродский «Теория налогообложения». -Алматы «Норма-К», 2002г.
11. Крымова В. «Экономикалыц теория» : кестелі оқу құралы, Алматы, 2003.
12. Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу», әдістемелік оқу құралы. Шымкент, 2004 жыл
12. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» - Астана, Фолиант, 2005.
13. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. «Шет мешекеттер салықтары», Алматы, 2004.
14. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі». - Алматы, 1993.
15. Сүлеймен Рақымжанұлы Тоқсанбай «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік». -Алматы, 1999.