Математика сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - студенттерді біліммен қаруландырып қана коймай, олардың өздігінен білім алуын дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген. Солардың бірі - білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық оқу құралы ретінде компьютер саналады.
Математика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - студенттердің білім алу үдерісіне көмектесу.
Практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолданудың оқытушы үшін тиімділігі: біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден объективті түрде қадағалай отырып студенттердің алған білімін бағалауды жүзеге асырады.
Студенттер практикалық сабақ барысында интерактивті тақтада геометрия есептерінің сызбаларын сызған кезде, соның ішінде үшбұрыш қабырғасының ортасын тапқанда, үшбұрышқа іштей шеңбер сызғанда, бұрыштың биссектрисасын салған кезде тақтадағы құрал саймандарды: циркульді, сызғышты, транспортирді, қаламды пайдаланып сызбаны жылдам және ықшам, дәл және нақты, сонымен қатар көрнекі түрде сызып көрсете білді (3,4-суреттер).
Математиканы оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны қолдануға байланысты төмендегідей тұжырымдарды қорытындылауға болады:
- интерактивтік тақта оқу үдерісін іскерлік тұрғыда ұйымдастырудың барынша адекватты техникалық күр алы;
- интерактивтік тақта белсенді әріптес рөліне еніп, студенттердің іс-әрекет ынтасын арттыра түседі;