Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 38 стр.

Полный просмотр работы

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қол есептесу нысандары

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I Тарау. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың экономикалық мәні және қазіргі жағдайда оларды есепке алуды жетілдіру мәселелері 5
1.1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қол есептесу нысандары 5
1.2. Ғалымдардың еңбегіндегі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың толық жетілдіру сұрақтары 8
II Тарау. «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының ұйымдық – экономикалық сипаттамасы және есеп-қаржы жұмысын ұйымдастыру 13
2. 1 Кәсіпорының ұйымдық – экономикалық сипаттамасы 13
2.2 «Оралоблгаз» АҚ – ның есеп- қаржы жұмысын ұйымдастыру 19
ІІІ тарау. «Оралюблгаз» АҚ-да жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы 23
3.1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы 23
3.2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды құжаттық ресімдеудің ерекшеліктері 28
3.3. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды автоматтандыру және жетілдіру 32
Қорытынды және ұсыныстар 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38

КІРІСПЕ
Қазақстандық бухгалтерлік есептің ХҚЕС көшуіне байланысты қазіргі шаруашылық жағдайында бухгалтерлік есеп басқару шешімдерін қабылдауда маңызды орын алады. Қазіргі кезде, жабдықтаушылар мен мердігерлер, сатып алушылармен тапсырыс берушілермен есептесуге көңіл бөлінеді. Бұл жағдай үнемі шаруашылық құралдардың айналымы түрлі есептеулердің үзіліссіз жанарып тұруына ықпал етеді. Ең таралған есептеу түрі-жабдықтаушылармен шикізатқа,материалдарға,тауарлар және де т.б. құнды заттарға есеп айырысу түрі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы «Оралоблгаз» АҚ -да мысал негізінде «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы және оның аудиті» жұмысымның тақырыбын таңдауға себепші болды.
Курстық жұмыстың мақсаты – жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды және аудиттің қазіргі тәжірибесін зерделеу негізінде оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.
Бұл жұмыста көзделген келесі мақсаттарды шешу қажет:
- жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу түрін және мәнін ашу;
- есептесу құжаттардың ресімделуін зеттеу;
- жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың синтетикалық есептің ерекшеліктерін көрсету;
- жабдықтаушылар мен мердігерлермен автоматтандырылған есеп айырысудың ерекшелігін көрсету;
- дебиторлық және кредиторлық берешек ұғымын ашу, және экономикалық талдаудың мағынасы мен мақсатын шешу;
- дебиторлық және кредиторлық берешектің құрылымы мен құрамын талдау;
- дебиторлық және кредиторлық берешектің айналымдылығын талдау жасау, сонымен қатар уақыт айналымының факторлық талдауын өткізу;
- дебиторлық және кредиторлық берешектің есеп айырысуна талдау жасап салыстыру.
«Оралоблгаз» АҚ -да қызметі бақылау және салыстыру тәсілдері арқылы жүргізіледі. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуын талдау барысында экономикалық талдаудың келесі әдістері қолданылады:
- абсолюттік, салыстырмалы, орташа әдісі;
- ауыстырмалы әдіс;
- баланстық әдіс т.б.
Кәсіпорынның есебін зерттеуде осы «Оралоблгаз» АҚ -да -нің бухгалтерлік есеп мәліметтері және нұсқаулық материалдар қолданылған.

I Тарау. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың экономикалық мәні және қазіргі жағдайда оларды есепке алуды жетілдіру мәселелері
1.1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қол есептесу нысандары
Кәсіпорындар және жеке тұлғалар есеп айырысуды қолма-қол және қолма-қол емес түрде жүзеге асырады. Ақшасыз есептесудің жүйесі Қазақстан Республикасында банктік операциясына сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта қолма-қолсыз есеп айырысудың келесі түрлері бар:
1) төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
2) аккредиттік есеп айырысу түрі;
3) төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу;

1.2. Ғалымдардың еңбегіндегі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың толық жетілдіру сұрақтары
«Қазақстан аудит орталығы» тәуелсіз аудиторлық компаниясының директоры В.В.Радостовецтың ойы бойынша, жабдықтаушы мен тапсырыс берушінің арасындағы есептесуде басты проблемасы талапқа көну келісім-шартын бұрыс құруда деп есептейді. Талапқа көну келісім-шарты, кейде «цессия келісім-шарты» деп аталатын, төлемсіз шешу пробемаларында кең қолданылатын нормативті-заңды құрал болып табылады. Цессия келісім-шарты бойынша бір заңды тұлға қайтару негізінде өз міндеттерінің құқығын атқару талабын басқа заңды тұлғаға толық немесе жартылай мөлшерде тапсырады. «Бастысы, кез-келген цессия келісім-шарт мәтініндегі тиісті болуы - ескіден жаңа кредиторға құқығының негізін және ретін тапсыруы. Бұл жерде, цессия келісім-шартында екі жақта, мысалға: тек, тапсырылған қарыз ақшаның саны немесе тауардың сапасы, басқа тұлғаға берілу талаптары көрсетілуі керек емес, сонымен қатар міндетті түрде, айқын жағдайлардың туындауына негіз болған нақты құжаттарды атауы қажет. Бұл құжаттардың көшірмелері куәландырылып, цессия келісім-шартының қосымшалары болуы тиіс».

2.2 «Оралоблгаз» АҚ – ның есеп- қаржы жұмысын ұйымдастыру
«Оралоблгаз» АҚ - ның өзінің есеп жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге негізгі нормативтік құжаттар ретінде бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға методикалық нұсқаулар, сонымен қоса кәсіпорынның жұмыс шоттары жасалған негізгі шоттар жоспары пайдаланады. Сонымен бірге «Оралоблгаз» акционерлік қоғамымен қабылданған есеп саясаты қолданылады. Кәсіпорында журналды – ордерлі форма қолданылады. Оларға жазу алғашқы құжаттар, есеп регистрлерінен түсіріледі.

3.2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды құжаттық ресімдеудің ерекшеліктері
Жабдықтаушылардан материалдық құндылықтарлың түсуі, мердігерлердің жұмыстар мен қызметтерді орындауы тапсырыс берушілер (сатып алушылар) арасында жасалған шаруашылық келісім шарттары негізінде жүргізіледі. Келісім шарттарда мыналар айтылады: жеткізілетін материалдық құндылықтардың, атқарылатын жұмыстар мен қызметтердің түрлері, жеткізудің коммерциялық талаптары, материалдық құндылықтардың немесе қызметтердің сандық және құн көрсеткіштері, есептесу тәртібі (төлем шарттары).

3.3. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды автоматтандыру және жетілдіру
Шаруашылық қызмет процесінде ұйымдар мен кәсіпорындар жабдықтаушылармен және мердігерлермен, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есептесу операцияларын жүргізеді.
Жабдықтаушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу міндеттерінің кешені баланстық шоттардың маңызды топтары жөніндегі ақпараттың өңделуін көздейді, олардың жекелеген түрлерін есепке алу бастапқы ақпаратты ұсыну нысандары бойынша, шығыс ақпараттық пассивтерінің нысандарын өңдеу тәсілдері бойынша өзіндік ерекшеліктерге ие.

Қорытынды және ұсыныстар
Кредиторлық берешек дегеніміз – осы ұйымның кредиторлар деп аталатын басқа ұйымдарға, қызметкерлер мен жеке тұлғаларға берешегі. Берешектері олардан материалдық құндылықтарды сатып алумен байланысты пайда болған кредиторларды жеткізушілер деп атайды.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты көзделген, онда тауар-материалдық қорларды жеткізу және қайта өңдеуге кеткен шығыстарды қоса алғанда, алынған тауар-материалдық қорлар мен айналымнан тыс активтер, атқарылған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер бойынша жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу туралы; жабдықтаушылардан және мердігерлерден есептесу құжаттары алынған тауар-материалдық қорлар мен айналымнан тыс активтер, жұмыстар мен қызметтер (фактураланбаған жеткізулер) туралы; қабылдау кезінде анықталған тауар-материалдық қорлар мен айналымнан тыс активтердің артылып қалғаны туралы ақпарат қорытындыланады.
«Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы мен аудит және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында жазылған дипломдық жұмыс «Оралоблгаз» АҚ – кәсіпорынның материалдары негізінде құрылды. Осы кәсіпорын үлгісінде жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың бухгалтерлік есебі мен экономикалық талдауын жүргізу тәртібі зерделенді. Жүзеге асырылған жұмыстар нәтижесінде «Оралоблгаз» АҚ бухгалтерлік есебі кәсіпорында қабылданған есеп саясатына, бухгалтерлік есеп және есептілік туралы ережеге, нұсқаулық материалдарына сәйкес жүргізілетіндігі анықталды. Аталмыш кәсіпорында журналдық-ордерлік есеп нысаны қолданылады.
«Оралоблгаз» акционерлік қоғамының жарғылық қоры құрылған кезден бастап 15 есеге дейін жоғарлаған. Негізгі құралдардың көлемі тозу, сатылу себебінен 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 178370 мың теңгеге немесе 45,5 есеге көбейген.
Жұмысшылар саны жыл сайын өсіп отыр. Оның себебі кәсіпорының қызмет көлемінің жалпы өндірістің ұлғаюы себептерінен, жаңа жұмыс орындарының барынан деп түсінуге болады.
«Оралоблгаз» акционерлік қоғамы 2004-2006 жылдары өзінің шаруашылық қызметін пайдамен аяқтағанда, ал таза табыс 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 71,7есеге көбейген .
Ендігі жерде тұрған мәселе, ол кәсіпорының қызмет көлемін ұлғайтып, ал экономикалық - өндірістік қатынастарда болатын партнерлар санын көбейту, сөйтіп ішкі нарықта өз қызметтеріне сұранысты ұлғайтып, ұзақ шаруашылық қызмет атқару болып табылады.
Ғалымдар мен практиктердің және тәуелсіз аудиторлардың жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулерді жетілдіру мәселесіне қатысты еңбектерінен мысалдар келтірілді. В.В.Радостовецтің, аудитор З.П.Дружининаның, э.ғ.к., доцент Ф.С.Сейдахметованың және «Хегай и К» ЖШС директоры И.М.Хегайдың пікірлері қаралды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына кредиторлық берешектің болуы емес, оның мөлшері, қозғалысы мен нысаны, яғни бұл берешектің неден қалыптасқаны ықпал етеді. Кредиторлық берешектің пайда болуы шаруашылық қызметтің ақшасыз есептесу жүйесіндегі объективті процесті білдіреді. Кредиторлық берешек үнемі есептесу тәртібінің бұзылуы нәтижесінде қалыптаса бермейді, сол сияқты үнемі қаржылық жағдайды нашарлатпайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы. 26.12.95. №2732; 28.02.2007 жылғы өзгертулер мен толықтыруларды есептегенде
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары. – А.: Юрист; 2003ж.;
3. Аудит бойынша қазақстандық стандарттар: ҚР аудиторлары палатасы. – А.: Қаржы-Қаражат, 1995ж., 152 б.;
4. ҚР бухгалтерлік есеп және аудитті дамыту мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы. «Азия: экономика және өмір», 1998ж.;
5. «БҚАП» ЖШС жарғысы;
6. Абленов Д.О. «Основы аудита». Учебное пособие. А., 2003ж.;
7. Дружинина З.Л. – Разбор ситуаций/Бюллетень бухгалтера. №10, 2000ж.;
8. Джумагазина А.К. – Принципы организации внутреннего аудита/Бухгалтерский учет и аудит. №6, 2000ж.;
9. Дюсембаев К.Ш. – Аудит и анализ финансовой отчетности. А.: Изд. 2 доп. и перераб. 1999ж., 340 б.;
10. Жиленкова Л.А. – Факторинг – финансирование под уступку денежного требования/Бюллетень бухгалтера. №41, 1997ж.;
11. Кеулимжанов Б.К. – «Некоторые вопросы дальнейшего совершенствования бухгалтерского учета в Республике Казахстан». Бюллетень бухгалтера. №32, 1999ж.;
12. Кондраков Н.П. – Бухгалтерский учет: пособие для ВУЗов: Изд. 2 доп. и перераб. – М.: Инфра, 2000ж., 584 б.;
13. Козлова Е.П., Бабченко Т.Н. – Бухгалтерский учет на предприятии. М.: Финансы и статистика, 2000ж., 720 б.;
14. Крупченко Е.А. – Аудит: учебное пособие для учащихся экономических колледжей: Изд. 2 доп. и перераб. – Ростов-на-Дону: Изд. «Феникс», 2002ж., 320 б.;
15. Макальская М.А., Пирожкова Н.А. – Основы аудита: Изд. 2 доп. и перераб. – М.: Дио и Сервис, 2002ж., 160 б.;
16. Маметова Р.А. – Соотношение Закона РК и Правил, разработанных для реализации положений этого закона/Бюллетень бухгалтера. №1. 2001ж.;
17. Радостовец В.В. – Договор уступки требования: правовая основа/ Бюллетень бухгалтера. №1, 2001ж.;
18. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Н. – Бухгалтерский учет на предприятии: Изд. 2 доп. и перераб. – А.: Центр аудит – Казахстан, 1998ж., 77 б.;
19. Радостовец В.В., Шмидт О.Н. – Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. – А.: Центр аудит, 2000ж., 146 б.;
20. Одинцов А.М. – «Аудит расчетных операций»/ Бюллетень бухгалтера. №21, 2001ж.;
21. Сейдахметова Ф.С. – Оценка и учет товарных потерь/ Бюллетень бухгалтера. №42, 1997ж.;
22. Сейдахметова Ф.С. – Основные правила организации бухгалтерского учета. Учебное пособие. – А.: Изд. «Лем». 2001ж., 38 б.;
23. Сарсенов А.С. «Особенности учета с поставщиками и подрядчиками»/ Бюллетень бухгалтера. №34, 1999ж.;
24. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». А., 2000ж.;
25. Сейдахметова Ф.С. – «Ошибки при операциях с расчетами с поставщиками (подрядчиками) и покупателями (заказчиками)»/ Бюллетень бухгалтера. №25, 2002ж.;
26. Торайгыров Б.С. «Аккредитивная форма расчетов как основная форма безналичныз расчетов»/Файл бухгалтера. №23-27, 2002ж.;
27. Токтамысов Ш.С. «Особенности расчетов с покупателями и заказчиками». Каржы-Каражат, №12, 2003ж.;
28. Хегай И.М. – «Учет расчетов с поставщиками и подрядчиками»/ Бюллетень бухгалтера. №28, 2000ж.;
29. Шуремов Е.Л. – «Методы оценок запасов»/ Бюллетень бухгалтера. №45, 1999ж.