Предмет: Заң факультеті халықаралық құқық және конституциялық құқық кафедрасы
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 79 стр.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . 19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . 30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . 37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . 57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . 63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . 66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74-79
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi. Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.
Зерттеудің нысаны. Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi. Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарды себептік-кешендік факторларына қарай топтастырып, оларға сипаттама беріп, жіктеу;
- әлем мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселесіндегі тәжірибесін зерттеу;
- дүниежүзілік қауымдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қолданылатын халықаралық-құқықтық актілеріне шолу жасап, олардың әр мемлекеттің даму ерекшеліктеріне қарай қолданылуын талдау.
Зерттеу материалдары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін Б.В Воложенкин, Г.А. Сатаров, П.А.Кабанов, М.Л. Цирик, М.И. Лёвин, Н.А. Морозов, И.И.Сулима, Г.В. Игнатенко, Ю.А.Кузнецов, А.В.Хомутова және де басқа ғалымдар зерттеді.
Жемқорлықтың қағидаларын, түрлері мен нысандарын, себептік-кешендік факторларын, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің тәжірибесін пайдалануды, қолдауды ұсынған мынадай қазақстандық ғалымдардың еңбектері осы мәселенінің зерттелуіне елеулі үлес қосты: Б.А.Амрекулов, Г.И.Баймұрзин, И.Ш.Борчашвили, С.Ғ.Қапаров, Ш.Құттаяқов, Д.В. Құрбатов, Г.С.Мәуленов, М.О.Нәукенов, С.С.Сартаев, Е.З.Тұрғымбаев, М.К. Ынтықбаев және тағы басқалар.
Жұмыстың зерттеу әдiсi. Жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеуге арналғандықтан, сыбайлас жемқорлық факторларын белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, талдау әдісі, осы құбылыстың себептерін анықтау, ерекшелігін нақтылау үшін салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи, бақылау әдiстері қолданылды.
Зерттеудiң теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары сыбайлас жемқорлық, оған қарсы күрес мәселесінің ғылыми негiздерiн өз деңгейiнде толықтырады. Арнайы зерттеу нысанасы негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы әлемдік тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Зерттеудiң нәтижелерiн сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес мәселесі бойынша арнаулы курстар оқуда, семинарлар жүргiзуде, заңтану курсында, қоғамдық практикада пайдалануға болады.
I Бөлім. Халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалыптасуы және дамуы
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан . Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
1.2 Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың себептік-кешендік факторлары
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.
Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі.
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің дамуы
Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі, Америка мемлекеттерінің ұйымы, сонымен қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде жемқорлықтың трансұлттылығы бүкіл қоғамдастық қауіпсіздігі үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді. Халықаралық жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған құқықтық, саяси, ұйымдастырушы шаралар кешені ретінде стратегия қажет: 1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру; 2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру; 3) жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң құзыреті әділет параметрлерін унификациялау; 4) жемқорлық әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау.
II Бөлім. Шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестегі тәжірибесі
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дәуір және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелері де әр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында және мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған әкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған.
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері
АҚШ-тың ғылымдары берген анықтама бойынша: «сыбайлас жемқорлық – бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, жеке кәсіпкерлердің, өзге де тұлғалардың жеке басының, отбасының пайдасы үшін, әлеуметтік мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын байыту мақсатында өздерінің ресми міндеттемелерін және мемлекеттік қызметтерін заңға қарсы пайдаланушылық».
АҚШ заңнамасында лауазымды тұлғалардың жемқорлығы ұғымы жеткілікті кең. Оған Заң жинағындағы 18 тарауының 4 бөлімінде қарастырылған құқыққа қайшы бірсыпыра әрекет кіреді: 1) Парақорлық - жария лауазымды тұлғалардың арам табыстары және өзінің қызмет бабын теріс пайдалану; 2) Лауазымды тұлғалар және жалдамалы қызметшілер; 3) Қорқытып алушылық және қатерлер; 4) Сайлау және саяси іс-әрекет.
2.3 Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы
Сыбайлас жемқорлық - қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі - ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Ол бүкіл әлемдік мәселе, соның ішінде Сингапур – Азиядағы сыбайлас жемқорлық құбылысы мардымсыз елдердің бірі.
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы
Сингапурдағыдай Жапондық заң шығарушы сайлау кампанияларының, партиялар мен өзге де саяси ұйымдарды қаржыландыруда қатаң шектеулер қояды, сайлауда кандидаттар, саяси қорлар пайдасына қайырымдылық көрсетудің қатаң реттеу тәртібін енгізеді. Оларға түсетін және олар жұмсайтын қаражаттар жөнінде есептеме тәртібін орнатады. Заңды бұзу қайырымдылық көрсетуші және саяси қайырымдылықты алушы, сондай-ақ екеуінің арасында делдал болушы жауапты тұлғаларға ықпалын тигізетін жазалау қолдануға мәжбүрлейді.
III Бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық - құқықтық құралдар
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық - құқықтық актілері
Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі. БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы халықаралық құқықтық құралы жөнінде мәселесін шешуге бастайды. Ол бойынша мемлекеттердің жемқорлықпен күресуге көмектесу және ақша құралдарының заңсыз аударуларын қадағалайды.
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында Еуропа Кеңесінің тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады. Соның растығы ретінде 1996 жылы Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрекетінің Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаның аясында сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенциялар қабылданды. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенциясы 1999 жылы 27 қаңтарда қол қойып, бекітуге әзірленді, ал Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенция Страсбург қаласында 1999 жылы 4 қарашада қол қоюға ұсынылды. Екі конвенцияға Еуропа Кеңесінің құрамына әзірше кірмейтін, шақырылған еуропалық мемлекеттер, сондай-ақ еуропалық емес мемлекеттер (АҚШ, Канада, Жапония және конвенцияларды дайындалу барысына қатысқан өзге де елдер) мүше бола алады. Әр конвенция 14 мемлекет мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциясы
Қазіргі кезеңдегі тарихи дамуда әлем бірлестігіне қауіп төндіріп отырған сыбайлас жемқорлықтың ұлтаралық қатынасы, осы қауіпті бейтараптау үшін халықаралық деңгейде жан-жақты шара қолдануды талап етеді.
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар
Бүкіләлемдік Банк сыбайлас жемқорлық мәселесіне баса назар аудара отырып және өзінің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлықты «қоғамның кеселін» анықтайтын негізгі немесе жеке факторы деп қарамай, оны «мемлекеттің іргелі мәселесінің сыртқы белгісі» деп қарау керектігін атап көрсетеді. Осыған байланысты мемлекетті басқару және жемқорлыпен күресуді жетілдіруде қажетті шешуші реформалар бағдарламасын ұсынады. Мемлекеттік басқару реформалар бағыттарының ішінен Бүкіләлемдік Банк мыналарды ерекше бөледі: 1) саяси басшылықтың есеп беріп отыруы; 2) қызмет етуге бағытталған және деритократия қағидасында құрылған; 3) мемлекеттік әкімшілік; 4) мемлкеттік қаржыларды басқаруда ашықтық пен есептілік; 5 ) заң билігімен қамтамасыз ету; 6) бәсекелестікті дамыту және рынокты монополиядан шығару; 7) азаматтардан ақпарат жинау; 8) саяси басшылықтың есеп беруі; 9) «ашықтық мәдениетін» енгізу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сыбайлас жемқорлық – бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттей отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.
Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.
Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті – осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.
Жемқорлықты болдырмау үшін, біздің пікірімізше, экономикалық, құқықтық және саяси сипаттағы шаралар кешенін қабылдау керек, олар:
1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рәсімінің тазалығы және ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру.
2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рәсімін ықшамдау керек. Конституция мен елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет тарапынан бақылауды күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін таныстыру, саяси әлеуметтік тетігіне ие болу және олар үшін жауап беру.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту – ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін:
1. ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;
2. құқық сақтау органдарын заманауи техникамен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды енгізу қажет.
4. Жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалар қабылдау. Әр ведомствоға өздерінің ерекшеліктеріне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар құрылымы және жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру тәсілдері бар. Олардың әрқайсысына сырттан мамандарды тарту арқылы ерекше бағдарламалар жасау керек. Ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әрбір үш-бес жылда жаңартып отыруды тәжірибеге енгізу қажет. Осы салаға алуан түрлі сыбайлас жемқорлықты жұқтырған мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларға ревизия жасау да жатады.
5. Насихат және хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1. басқа елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты бағдарламаларды
зерттеп, игеріп, үлгісін тарату;
2. аймақтардың, ірі кәсіпорындардың, салалардың, билік тармақтарының шешімдерін және олардың өкілдерінің әрекеттерін бір-бірімен салыстырып отыру, сыбайлас жемқорлық деңгейінің көрсеткіштерін бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялау және пайдалану;
3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тұрақты ақпарат беріп тұру.
6. Халықаралық ынтымақтастық. Егер ұлттық сыбайлас жемқорлық нақты бір елдегі жалпы проблемалардың пайда болуына себеп болса, халықаралық өзара әрекеттен туындаған сыбайлас жемқорлық осы өзара әрекеттердің толық жетілмегеніне байланысты. Сондықтан өзара әрекет ету тетігін жетілдіруге бағытталған күш қолдану қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс:
1. жемқорлыққа қатысты азаматтардың адами ұстанымын қалыптастыру;
2. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
3. мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан ұстанымы олардың мәртебесіне
сай болуы;
4. мемлекеттік қызметкерлердің табысын және олардың заңға сәйкестігіне
шынайы бақылау жүргізу;
5. қылмыстық жолмен тапқан пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді тәртібін
енгізу;
6. мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет
ету мақсатында қоғам мен мемлекет осы мемлекеттік қызметшілерге беретін жеңілдіктерді заңда нақты белгілеу.
Қылмыстық кодекстен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ұғымын алып тастап, орнына лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымын енгізу керек деп ойлаймыз. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлға ұғымы, біздің пікірімізше, осы ұғыммен алмастырыла алады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік - құқықтық актілер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз //Алматы: Жеті жарғы, - 100 бет.
2 Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсідігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 2001. – 96 бет.
3 Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 ж. 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.
4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi. 2003 ж. 25 қыркүйектегі №484 Кодексі. //Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2003 ж. - № 15-16, 211 - құжат
5 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.
2001 ж. 30 қаңтардағы №155 Кодексі. //Егемен Қазақстан. - 2001 ж. 13 ақпандағы. - №31-34.
6 «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002ж. 4 шілдедегі №336 Заңы. //Егемен Қазақстан. – 2002ж. 12 шілдедегі. - №158 - 159.
7 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 ж. 2 шілдедегі №267 - 1 Заңы. //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі. - №132.
8 Өзгерістер мен толықтырулар еңгізілген Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2007 ж. 21 шілдедегі - №308 Заңы. //Казахстанская правда. – 2007 ж.- 27 шілдедегі .- №315.
9 Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008ж. 4 мамырдағы №31 – Заңы. //Егемен Қазақстан. – 2008ж.- 6 мамырдағы .- №130-131.
10 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» 2002 ж. 2 сәуірдегі - № 839 Жарлығы. //Қазақстан Республикасының ПҮАЖ - ы, 2002 ж. - №10, 92 - құжат
11 Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттелікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005 ж. 14 сәуірдегі - № 1550 Жарлығы. //Казахстанская правда. – 2005 ж. 15 сәуірдегі - №87 – 88.
12 Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2005 ж. 23 желтоқсандағы №1686 Жарлығы. //Егемен Қазақстан. – 2005 ж. 30 желтоқсандағы - № 292 - 295.
13 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігін (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы» 2005 ж. 25 ақпандағы - №1521 Жарлығы. //Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. №9,76 – құжат.
14 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» 2005 ж. 3 мамырдағы - №1567 Жарлығы// Егемен Қазақстан. - 2005 ж. 5 мамырдағы - № 94.
15 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасында Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім жасау туралы» 2002ж. 24 мамырдың - №566 Қаулысы //ПҮАЖ-ы, 2002ж. - №576, 172 – құжат.
16 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2002 ж. 30 мамырдағы №598 Қаулысы.//Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007ж. - №16, 172 – құжат. Өзгертулер енгізілумен 2007 ж. 20 наурыздағы - №217 Қаулысымен.
17 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агентігінің (қаржы полициясы) Ережесі туралы» 2004ж. 29 қаңтардағы - №100 Қаулысы. //Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004ж. - №4, 56 – құжат.
18 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» 2007 ж. 14 наурыздағы - №193 Қаулысы. //Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007ж. - №8, 92 – құжат.
19 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 ж. 20 наурыздағы - №217 Қаулысы //Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007ж. - №9, 105 – құжат.
20 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» 2001ж. 13 желтоқсандағы - №18 Нормативтік қаулысы //Егемен Қазақстан. – 2001ж. 4 қаңтардағы - №2-3.
21 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 ж. 20 қаңтардағы - №4 бұйрығы //Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені - 2004 ж. - №13-16, 915-құжат
22 Біріккен Ұлттар Ұйымының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Нью-Йорк, 2003ж. 31 қазандағы Конвенциясы.
23 Еуропа Кеңесінің «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Страсбург 1999 ж. 27 қаңтардағы Конвенциясы.
24 Еуропа Кеңесінің «Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы» 1999 ж. 9 қыркүйектегі Страсбург, 1999 ж. 4 қарашадағы Конвенциясы.
25 Хартия Европейской безопасности. Организация по безопасности в Европе, г.Стамбул, 19 ноября 1999г.
26 Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасаған кездегі сатып алушылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес» 1996 ж. 16 желтоқсандағы Декларация.
27 Жапония Республикасының «Ақпараттарды ашу жөніндегі» 2001 ж Заңы
28 2007 жылғы 17 қыркүйектегі қолданыстағы заңды дамыту сұрақтары бойынша Ведомствоаралық комиссиямен мақұлданған, нормативтік құқықтық актілердің (жобалардың) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын өткізу бойынша Әдістемелік ұсыныс.
Арнайы әдебиет
29 Ағыбаев А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 304 с.
30 Башимов М.С. Институт омбудсмена в странах СНГ и Балтии. Монографии. Т1 //Институт международного права и международного бизнесса «Данекер». Алматы: Данекер, 2003. – 228 с.
31 Жакупова Р.Б. Казахстан и Всемирная торговая организация. Алматы: Данекер, 2000. – 303 с.
32 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия, 1999. – 352 с.
33 Корчагин А.Г. Экономическая преступность. Владивосток: Изд-во Дальневост, 1998. - 216 с.
34 Кузнецов Ю.А., Силинский Ю.Р., Хомутова А.В. Российское и зарубежное законодательство о мерах противодействия коррупции //Учебн.пособ. Владивосток, 1999. - 189 с.
35 Құдайбергенов М.Б. Кодекс поведения должностных лиц по поддержанию провопорядка: Учебник. Алматы: Данекер, 1999. – 320 с.
36 Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. – Алматы: «НАS» баспа компаниясы, 2003ж. – 384 бет.
37 Құттаяқов Ш. Қазаннан қақпақ кетсе...Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ой – толғамдар. – Астана: Елорда, 2000. - 152 бет.
38 Сарсембаев М.А Международное право. – Алматы: Данекер, 1996. – 450 с.
39 Топорин Б.Н. Европейское прао: Учебник //Институт государства и права РАН. – М: Юристъ, 2001 – 454 с.
Мерзімді басылымдар
40 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары. //Заң. - №2. 2008. – Б. 25-29.
41 Алауханов Е. Казахстанское и зарубежное антикоррупционные законодательства. //Заң және Заман. - №1. 2008. – С. 32.
42 Аленчинов Ж. Исторические предпосылки формирования коррупционного правосознания в Казахстане. // Фемида. - №2. 2007. – С. 11.
43 Алданжаров А. Борьба с коррупцией в Англии. //Юридическая газета. - №7. 2005. – С. 13-14
44 Ахметов А. Коррупция в минусе когда борьба с ней. //Казахстанская правда. - №.127. 2007. – С. 1-2.
45 Вагапов Р. От качества законов зависит уровень коррупции. //Закон и правосудие. - №3. 2008. – С. 7.
46 Гилевская М.А. Анализ антикоррупционной программы Сеула. 20.02.2008. http://crime.vl.ru С. 1-5.
47 Жандарбеков Р. Жемқорлықпен күрес ешқашан бәсеңдемейді //Арқа Ажары. - № 8. 2008. – Б. 2.
48 Жұмабаев Н.Ә. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің ақапараты «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж. Б.4.
49 Игнатенко Г.В. Международно-правовые проблемы противодействия транснациональной преступности и коррупции. //Организованная преступность и коррупция. - №1. 2000. – С. 103.
50 Интервью Калмурзаева С.С. на вопросы «Казахстанской правды» Бороться до чистой победы. //Казахстанская правда. - №.92. 2008. – С. 1-3.
51 Исакбаев Н. Налогоплательщик вправе знать. //Казахстанская правда. - №.84-85. 2008. – С. 9.
52 Кемали Е. Актуальные вопросы реализации антикорупционной политики в Казахстане на современном этапе. //Закон и время. - №5. 2006. – С. 38.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі. Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстың алдын алу. //Арқа Ажары. - №7. 2008. – Б. 4.
53 Қапаров С.Ғ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің ақпараты «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж. Б. 1-2.
54 Мәмет С. Сыбайлас жемқорлықпен күрес науқандық шаруа емес. //Егемен Қазақстан. - №135-136. 2008. – Б. 2.
55 Назмышев Р. Потенциал и полномочия совета. //Кахахстанская правда. - №94. 2008. – С. 2.
56 По материалом пресс-службы акима г.Астана. Столичная коррупция имеет тенденцию к росту. //Человек и закон. - №9. 2008. – С. 7.
57 Сарсембаев М.А. Международно-правовые инструменты в борьбе с коррупцией. //Человек и закон. - №4. 2008. – С. 5.
58 Сарсембаев М.А. Коррупцию можно и нужно победить. //Антикоррупционный вестник. - №1. 2008. – С. 1, 12.
59 Турсынбаев Д. Причины и условия, порождающие коррупцию в Республике Казахстан. //Фемида. - №2. 2008. – С. 13-15.
60 Шпитальский Р. Зримый бой. //Экспресс-Казахстан. - №782. 2008. – С. 4.