Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктеріне кейбір психологиялық, педагогикалық көзқарастар
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігінің теориялық мәселесі 8
1.1 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктеріне кейбір психологиялық, педагогикалық көзқарастар 8
1.2 Мектепке дейінге педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістері және танымдық белсенділігінің құрылымы 10
2 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу 20
2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы мен әдістері 20
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау және оның интерпретациясы 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт - бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайқты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Заманға алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады.
1 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігінің теориялық мәселесі
1.1 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктеріне кейбір психологиялық, педагогикалық көзқарастар
Мектеп жасына дейінгі балаларға баланың туғанынан мектепке барғанға дейінгі жас аралығындағы балалар жатады. Олар 2-3 жастан бастап өзара қарым - қатынаста болып, мектепке өзінше тәжірибе жинақтап барады.
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Балалар саздың ылғалдық дәрежесі мен оның жапсыруға бейімділігін, құрылым формасы мен оның орңықтылығын, допты соққан күш пен оның еденнен жоғары секіру күшінің дережесі арасындағы т.б. байланыстарды табады және пайдаланады. Дамып отыратын ойлау балаларға өздерінің іс - әрекеттерінің нәтижелерін алдын ала көріп, жоспарлауға мүмкіндік береді [6].
1.2 Мектепке дейінге педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістері және танымдық белсенділігінің құрылымы
Алғаш философия ғылымының негізінде туған педагогика ғылымы философиядан бөлініп шыққан кейінгі даму барысында өзара тарамдалып, жеке бөлімдерге, дербес салаларға бөлінді.
Мектепке дейінгі педагогика туғаннан 7 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық тәрбие орындарында тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін қарастырып, программасын жасайды, балалардың жасына қарай оның өзін екі кезеңге бөледі. Сол бөлінуіне сәйкес мектепке дейінгі кезеңнің алдындағы педагогика, мектепке дейінгі педагогика делінді.
Әр ғылымның өзінің мазмұны мен мәніне қарай оның дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір ғылыми - зерттеу әдістері бар. Айталық, педагогика тәрбиелеу, оқыту теориясы мәселелерін зерттейді. Сол зерттеу жұмысында белгілі мәселені таңдап алып, оның өмірге қаншалықты қажетті екенін негіздеп, айқындаудың үлкен маңызы бар. Қайткен күнде, зерттеу жұмысының табысты, баянды болуының негізгі шарты теория мен практиканың өзара тығыз байланыстылығы болып табылады.
2 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу
2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы мен әдістері
Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігінің даму ерекшеліктерін зерттеу үшін төмендегідей бағдарлама кұрылды.
Зерттеу жұмысының объектісі - мектепке дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері.
Зерттеудің пәні мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктері.
Зерттелушілер: 5-6 жастагы 30 бала
Зерттеу кезеңдері:
1. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру кезеңі.
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау және оның интерпретациясы
Зерттеу жұмысымыздың алдында балалардың сөздік қорын анықтау үшін және сол сөздерді әңгіме кезінде қолдана алу мүмкіндіктерін тексеру үшін «Қажетті сөзді тап» әдістемесін қолдандық.
3 кесте
«Қажетті сөзді тап» әдістемесінің тәжірибеге дейінгі нәтижелері