Міржақып Дулатұлы
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада қазіргі Торғай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.
Міржақып Дулатұлы әуелі ескіше оқып, 1897 жылы ол Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, бес жыл оқып, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шығады. Содан алты-жеті жыл бойы ел ішінде ауыл мектептерінде бала оқытады. Мұғалім бола жүріп, өлең жазады. 1907 жылы Петербургте шыққан “Серке” газетінде Міржақып Дулатұлының “Жастарға” деген өлеңі, 1909 жылы Уфа қаласында “Оян, қазақ” өлеңдер жинағы басылып шықты. Ондағы өлеңдері:
Әдеби – теориялық ұғымдар сөздігі.
Мазмұн мен форма. Шығарманың ішкі мазмұны мен сыртқы формасы болады. Шығармада жазушы өмір шындығын көрсетеді. Онда өрнектелген өмір шындығы – оның мазмұны, ал сол өмір шындығы қандай көркемдік тәсіл арқылы көрсетілген, оны бейнелеу үшін қандай көркемдік құрал қолданылған, міне бұл шығарманың формасына жатады.
Көркем форма шығарманың жанрлық, композициялық, лексикалық, стилистикалық, ырғақтық, саздылық элементтерінен тұрады.
Шығарманың мазмұны мен формасы бір-бірімен қабысып тұратын, бөлінбес бүтін бір дүние. Шығарма мазмұны тек белгілі қалыпта ғана, белгілі бір құрылымда ғана жасалады. Формадан тыс ешқандай мазмұн болуы мүмкін емес. Мазмұн мен форма бір-бірімен тоғысып, іштей тұтастық тапқан. Ал бұл екеуін бөле жара қарау шығармадағы диалектикалық осы тұтастықты бұзады. Шығарманың көркемдігі де, міне, осында – мазмұн мен тұтастығында.
Лирика. Адамның көңіл-күйі әр алуан. Ол бірде қуанады, бірде қайғырады, бірде егіледі, бірде еміренеді.
Адамның адамдығы да сонда. Сезім сұлулығы да соның міне осындай алуан күйініш-сүйінішін, қуаныш-қызығын, зар-мұңын өлең өрнегіне түсірген. Қазақтың тұрмыс-салт жырлары – лириканың шынайы түрі.
Демек, лирика – адамның көңіл-күйін, қуаныш-реніш сезімін күйіттейтін поэзия.
Лирика тақырыбы мен мазмұнына қарай әлденеше түрге бөлінеді: