Экологиялық факторлар
Жоспар
1.Экологиялық факторлар
2.Факторлардың организмге әсері
3.Организмдердің негізгі тіршілік орталары
4. Экологиялық жүйелердің негізгі типтері
5. Дрейф теориясы
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялык және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қа¬жет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948 ж .) ашқан.
Оны "Минимум заңы" дейді. "Минимум" заңының өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең кажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Организмдер үшін судың тұнықтығы мен жарық режимі үлкен роль атқарады. Жарық, әсіресе, судағы өсімдіктерге шектеуші фактор болып саналса, ал судың тұнықтығы ұсақ организмдер мен балықтардың тіршілігі үшін қажет.
Су организмдерінің ішінде медузалар, екі жақты моллюскалар, инеліктің личинкасы өз денесінен атқылаған су энергиясының күшімен тез жүзуге бейімделген. Бұл құбылыс, әсіресе, бас аяқты моллюскада жақсы байқалады. Ал, осы әдіспен қозғалатын кальмардың жылдамдығы сағатына 40-50км алатын көрінеді. Ірі киттерде жүзуді жүзеге асыратын жақсы жетілген әрі қуатты жүзгіш қанаттары мен ескек аяқтары болса керек.
Тұщы су гидробионттарының кейбірі су бетінде кәдімгі құрлықтағыдай сырғанап та жүреді. Мәселен, тоқтау сулар мен көлшік бетіне көңіл аударсаңыз «жүзгіш» насекомдардың біраз өкілін көреміз. Олар - кәдімгі су қандалалары мен су қоңыздарының өкілдері.
Топырақ түзу процесінде жоғары сатыдағы өсімдіктердің де өзіндік үлесі мол. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі арқылы органикалық заттардың қорын жасаса, ал олардың шіріген қалдықтары топыраққа қайта оралып қарашірікті молайтады. Осы¬лайша: "топырақ-өсімдік-жануар-топырақ" жүйесі бойынша табиғатта зат және энергия айналымы үздіксіз жүріп отырады.
Геофильдср - тіршіліктің біраз бөлігі топырақпен байланысты организмдер. Оларға: шегірткелер, коңыздар, қандалалар, ұзын аяқтылар, масалар, т.б. жатады.
Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып ересектері жер бетінде тіршілігін жалғастырады.
Паразитті тіршілік етуге бейімделген организмдердің даму эволюциясы өте күрделі. Олардың көбісі алғашқы кездерде кәдімгі басқа организмдер тәрізді өз бетінше жер бетінде тіршілік етуге бейімделгені тарихи анықталған жағдайлар. Олар бертін келе көптеген абиотикалық немесе биотикалық факторлардың әсерінен тіршілік ортасы мен формасын өзгертуге мәжбүр болған. Сондықтан паразит пен оның иелері арасында күрделі қарым-қатынастар қалыптасқан. Нәтижесінде, паразит өзінің иесінің денесінде өмір сүру үшін бейімделсе, ал өз кезегінде иесі де пара¬зитқа түрліше әсер етіп, қорғаныс қабілетін дамытып отырады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Бисенова А.С. «Экология». Алматы, 2002 ж.
2.Оспанова, Баешев «Экология», Алматы, 2002ж.
3.Оду Ю. «Экология». Москва, 1976 ж.