Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Ежелгі Кашмир мен Делидегі Түркістан перзенттері

Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан даналар ішінде Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) – ғылымның барлық саласы, Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048) – әсіресе география, Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) – медицина, Ұлықбек (1394-1449) – астрономия, Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (951-?) мен Исмайл әл-Жауһари әл-Фараби (?-1002) араб тіл білімі ғылымына өзіндік үлес қосса, бұлармен қатар Исфиджаб-Сайрам, Ясы-Түркістаннан шыққан асыл перзенттеріміз де мұсылман заңы мен хадистану, тәпсір секілді ислами ілімдер саласына қалам тербеп, ислам мәдениеті мен ғылымынан өзіндік орын алды. Солардың арасынан күні бүгінге дейін біз Ясыдан шыққан, XІ-XІІ ғасырларда өмір сүріп “Диуан-и-Хикмет” – “Даналық кітабы” атты тамаша шығарма қалдырған ойшыл, кемеңгер, түркі халқының рухани атасы Қожа Ахмет Ясауиды (993-1167) ғана білеміз. Сол себепті Ясыдан өзге парасат иелері шыққан жоқ па деген сауалдардың қойылатыны да заңды.

Ясы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (ХV ғ.) еңбегінде де ұшырасады. Бұл шаһар орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабат қалыптасты. ХV ғ. І-жартысында Шараф ад-Дин Әли Йазди Ясыны “шағын елді мекен болды” деп көрсетсе, ал ХVІ ғ. Рузбихан Исфаһани “Михманнама-и Бұхара” – “Бұхара мейманының жазбаларында: “Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауар¬лар мен қымбат, бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүкте¬рін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”, – деп жа¬зыл¬ған. [Түркістан. Халықаралық энцик¬лопедиясы. Алматы, 2000, 590-бет].
Абд ал-Хаий әл-Хасани әл-һинди атал¬мыш еңбегінде осы Ясы – Түркістаннан шыққан бірқатар ойшылдардың аттарын атайды. Олар Әбу-л Аббас Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи, Аш-Шейх Шамс ад-Дин Ахмед бин Абд әл-Мумин ат-Түр¬кімани әл-Банипати, Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Малик Әл-Ясауи Ташқанди, Шейх Ахмед бин Мұс¬тафа ибн әл-Муин әр-Рафиқи әл-Каш¬мири, Аш-Шейх Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Шейх Таййб бин Ахмед ар-Рафиқи, Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири, Маулана Нұр әл-һуда бин Абд Алла бин Мұхаммед Фадл әл-Ясауи, Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири, Мүфти Абд әл-Му¬мин әл-Кашмири, Имам Замини Түркістани.

Сонымен ғалымның өз аты Мырза Камил болса, әкесінің есімі шейх Ахмед, ал бабасының аты Малик Мухаммед әл-Ясауи ат-Ташканди. Ташканди дегенге қарағанда бабасының туған жері Ташкент болса керек. Содан кейін ол Ясыға көшіп келген соң ұлы Ахмед және немересі Мырза Камил Ясыда дүниеге келген.
Ал Умар Рида Каххала оның аты-жөнін: “Камил бин Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи ат-Ташканди, соңыра әл-Кашмири еді” деп жазады. Мұнда жоғарыда әл-Бабани көрсеткен “мырза” деген сөз жоқ. Оған Камил деген есімді Осман тарихшысы Хаджи Халифа (1609-1657) әл-Бабани секілді қосқан. Ол Ясылық данышпанның ныспы тізбесін “Аш-Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед әл-Ясауи әл-Кашмири” деумен бірге оны да “Түркістан уәлаятындағы Ясы қыстағынан шыққан” дей отырып, әл-Ху¬сайни әл-Һинди оның бабаларының Каш¬мирге сол жақтан келгендігіне назар ау¬да¬рады. “Камил содан өле-өлгенше Каш¬мир¬дегі пәтуа үйінің меңгерушісі болды” дейді.

Иә, осындай қазақ даласы перзенттері кейбірінің ата-бабалары Х-ХVІІІ ғ. көне Ясыда, немесе ежелгі Түркістанда туылып, бірақ саналы бар өмірін Кашмирде өткізіп, ислам дінінің осы өлкеде біржола тұрақтап қалуына қызмет етуге арнағандары ғана емес, сондай-ақ ХVІ ғасыр ұланы, тамаша тарихшы ғалым, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати де осы Каш¬мир¬де ислам діні, оның ішінде суннизм¬нің Әбу Ханифа мазһабының өркен жаюына барынша қызмет етіп, үлкен рөл атқарған. Соның арқасында қазіргі Үндістан һәм Кашмир мұсылмандарының басым көпшілігі Орта Азия мен қазақстандық мұсылмандар сияқты Әбу Ханифа мазһабын берік ұстанып келеді.
Міне, Ясы-Түркістанда туылып, Каш¬мирде ислам дінінің өркен жаюына аянбай қызмет еткен жерлес ғұламалар жайлы әзіргі қолда бар мағлұматтар осылар.