Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет:

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын аты Мұхамедқанафия) 1835 ж. Қосмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай обл.) дүниеге келген.
Ш. Уәлиханов – ғалым, этнограф, ориенталист, тарихшы, географ, фольклортанушы. 12 жасына дейін жеке меншік мектепте оқыған. Ол мектепте жүріп өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді оқып үйренді. Шығыс тілдерінен араб, парсы тілін, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

1847 ж. күзде Шоқанды әкесі кадет корпусына оқуға береді. Бұл Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналған. Оқу мерзімі 8 жыл болатын. Кадет корпусының оқушылары әскери пәннен басқа географиядан, тарихтан (Ресей тарихы мен жалпы тарих), орыс және батыс әдебиетінен, философия негізінен, зоология және ботаникадан, физикадан, математикадан, геодезиядан, құрылыс пен архитектура негізінен білім алған. Ротаға ірі чиновниктер мен жоғары шенді офицерлердің, ал эскадронға қазақ балаларын алған.

1853 ж. Кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібір казак-орыс әскерлеріне қызметке жіберіледі. Онда оның ерекше қабілетін байқаған Бат. Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорт 1854 ж. Ш. У-ты өзіне адьютант етіп алған. 1855 ж. Шоқан Г.Х. Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында бірге болды. 1855 ж. К.К. Гутковскийдің экспедициясымен Қапалда болып, қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаған.

1861 ж. көктемде науқастанып, Омбыға көшіп келген соң Ш.У. үкіметтің дала халқын басқару жөніндегі іс-шараларына араласып, бірқатар практикалық ұсыныстар енгізді. Ол өзінің негізгі ойларын үкімет атына жазылған «Даладағы мұсылмандық туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы жазба» деп аталатын бірқатар еңбектерінде білдірді.

1958 ж. Ш.У.-тың Алтынемелдегі зиратына үлкен ескерткіш орнатылды. Г.А. Колпаковский қойған мәрмәр тас соның қабырғасына қойылды. Көкшетауда бір аудан, пед. ун-т, Алматы обл.-ндағы бір елді мекен Ш.У. есімімен аталады. ҚР ҒА-ның тарих, археология және этнография ин-тына, Алматы қ-нда 68-ші мектепке, бір көшеге Ш.У. аты берілген. Қазақстанның мемл. сыйлықтарының біреуі (Бейнелеу өнері және архитектура саласындағы сыйлық) Ш.У. атымен аталады.