Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жоғары оқу орындарында педагогикалық шешендіктануды оқытудың мақсат-міндеттерімен мазмұндық құрылымы

Қазіргі уақыт үздіксіз білім алудың қажеттігін айқындайды. Ал білім берудің, білікті маман мұғалім кадрларын даярлаудың тиімділігін арттырудың жолдары қайсы? Біздіңше, бұл мәселенің шешімін таптырар бір қыры - ертеңгі мектеп мұғалімінің педагогикалық шешендіктану ілімінен хабардар болуы.

Мұғалім сөзі - оқыту мен тәрбиелеу құралы. Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін емес, шәкіртінің ойына қозғау салу үшін беріледі. Ал педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп көмек керектігі дау туғызбайды. Осы орайда педагогикалық шешендіктану курсы келешек жоғары оқу орнын бітірушілерге сөйлеу өнері жөнінде білім қорын берумен бірге, сөз сөйлеу білік-дағдыларын жинақтауға септеседі. Бұл орайдағы мақсат - кәсіби коммуникативтік компетенцияны мейлінше молырақ меңгерген коммуникативтік қатынас жағынан аса сауатты мұғалім даярлау.

Пән ерекшелігінен туындата келе, алғашқы кезекте болашақ мұғалімнің дауыс тонының қалыптасуы, оның сөз сөйлеу техникасын жетілдіру жұмыстары қарастырылу тиіс. Эмоциональды тұрғыда мәнерлі кейіпте интонациялық жағынан құбылта да құлпырта, толқыта айтылған соз оқушылардың оқып жатқан пәнге қызығушылығын еселеп арттырмақ, айтылған материалды ұғынықты қабылдауға және есте жақсы сақтауға септеспек, мұғалімге оқушымен мейлінше тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ студенттер оқу үрдісі барысында мұғалім ретінде өзінің кәсіби іс-әрекетінде (лекция, баяндама, есеп, пікір алмасу, жиналыстағы сөйленер сөз, өмірбаян, мінездеме. күнделік жүргізу т.б.) қолданатын мәтін белгілерімен, оның құрылымдық ерекшеліктерімен, негізгі сөз сөйлеу жанрларына сәйкесті мәтін құра білу, білік дағдыларының қалыптасуына баса мән берілуі орынды.

Ендігі кезекте курс құрылымының мазмұнына үңілсек, аталмыш пән кіріспесі мазмұнына енер мәселелер шоғыры төмендегіше:
- шешендіктану және сөйлеу мәдениетінің ерекше пән екендігі, педагогикалық жоғары оқу орында оны меңгертудің міндеттері;
- жеке тұлғаның рухани әлемін қалыптастыруда оның әлеуметтік белсенділігін арттыруда сөздің мәнділігі;

Педагогикалық шешендіктану ғылымының баса акцент берілер бөлімі - мұғалімнің дауыс қойылымының, сөйлеу техникасының қалыпты болуы. Ал оның мазмұнына төмендегідей мәселелердің енгізілуі тиімді болар еді:

1. Мұғалім дауысының кәсіби тұрғыда сапалылығына қойылар талаптарды меңгерту. Онда қамтылар мәселелер ауқымы:

2. Сөйлеу әрекетінің негізгі аспектілері бұл ретте қамтылар мәселелер ауқымы мыналар:

Шешендік - шешендіктанудың осы кезеңдегі маңызды аспектісі. Ал риториканың өзі сол кезеңдегі барлық университеттерде оқылатын бірден-бір ғылыми пән болды. Оның басты өзегі ө адамның өзін сөзі арқылы танытуы. Сәйкесінше орта ғасырлық ғылымдар да адамның осы тұрғыда өзіндік дамуының қалыптасуына, өзін-өзі танытуына баулыды [4].