Қылмыстық процестегі дәләлдемелер теориясы. Негізгі ережелер
Жоспар
1. Дәлелдеме ұғымы 3
2. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясының орны 6
3. Таным теориясы-дәлелдеме теориясының негізі 9
4. Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны 12
5. Дәлелдемелердің көздері 16
6. Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі 19
Әдебиеттер 24
1. Дәлелдеме ұғымы
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
1) тектік сипаттағы философиалық ұғым;
2) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз – шындықты анықтаудың процесі, пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынадағы дәлелдеме қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай – ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқалы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар мағынада – бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиалық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
2. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясының орны
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі табылады. Н.С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы «дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негідерін, заңдық регламеттің даму сипаттамасың, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т.т. қамтиды».
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп, Г.М. Миньковский былай деп жазды: «Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
3. Таным теориясы-дәлелдеме теориясының негізі
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды обьективті түрде талап етеді.Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі,айналып келгенде таным теориясы аталған философиялық дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық- материалистік қозқарас жатыр. Бірден –бір ғылымы әрі дұрыс маркстік- лениндік таным теориясын айқындаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытынды ережелердің ұғымды сипатын шындық үшін тану қажет.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланасы мынада:
4. Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты шындықты анықтау болып табылады. Философияның көзқарасы бойынша шындық дегеніміз- танушы субъектіні объектінің барабар бейнелуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырында үлкен қателікке ұрындырады. Шындыққа қол жеткізбеу салдарының көрнекі құралы ретінде « гомель ісі»мысал бола алады, осы іс бойынша 1981 жылы тергеуші мен инспекторды саналы түрде «өлтіргені үшін» 5 кінәсіз адам сотталды. Екі жылдан кейін тап сол жерде тағы да кісі өлімі болды. Бұл қарақшылықтың бәрін К. атты ағайынды үшеу және олардың екі баласы жасаған болатын. Бұл адамдар жоғарыда аталған кісі өлімдерінің арасында тағы да он бір қылмыс жасаған.
5. Дәлелдемелердің көздері
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖҚ-нің 115-бабының 2- бөлігінде тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің жауап беруі, айыпталушінің жауап беруі, сарапшының қорытындысы, заттық айғақтар, процессуалдық іс-қимыл хаттамалары және өзге де құжаттар.
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей көздерін, сондай –ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру мен пайдалануды түсіну керек.
6. Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі
Іс бойынша объективті шындықты анықтау кезінде дәлелдемелерді іріктеудің бет алды сипатты болмайды. Ісжүргізушілік мағынасындағы белгілі бір дәлелдемелерді тергеудің және соттың қабылдауы, оларды нақты қылмыстық іс бойынша процесске тарту дәлелдемелердің жатыстылығы туралы мәселені шешуге негізделген. Дәлелдемелердің қатыстылығы- олардың және дәлелденуге жататын жағдайлардың арасында қисынды байланыстын болуы деп түсіну қабылданған, осыған байланысты қылмыстық іс бойынша белгілі бір фактілерді негіздеу немесе жоққа шығару үшін пайдалануы мүмкін. Дәлелдемелердің қатыстылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді: