Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Баяндама

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандықтарының саяси құрылымы

Жоспар
1. Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамындағы өкімет билігі мен басқаруды ұйымдастыру ерекшелігі 3
2 Қазақстан территориясындағы хандықтар 4
3 Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы: а) хан мен сұлтандардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; б) діни адамдардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; в) ру беделдерінің би батыр бай әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; г) шаруа, төлеңгіт, құлдрдың құқықтық мәртебесі 5
4 Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері 8
Негізгі әдебиеттер 10

1. Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамындағы өкімет билігі мен басқаруды ұйымдастыру ерекшелігі
XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың қазақ деп аталатын этникалық топқа қайтадан топталунан құрылды.

2 Қазақстан территориясындағы хандықтар
Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты.

3 Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы: а) хан мен сұлтандардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; б) діни адамдардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; в) ру беделдерінің би батыр бай әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; г) шаруа, төлеңгіт, құлдрдың құқықтық мәртебесі
Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.
Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады.

4 Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері
Қазақ хандығы мемлекет ретінде көшпелі шаруашылықтың регресті дамуы немесе дағдырысқа ұшырай бастаған дәуірінде дүниеге келді. Ұлы жібек жолы тарихи сахнадан кетіп, сауда жолдары теңіздер мен мұхиттарға көшті. Батыста феодалдық қатынастар шегіне жетіп, жаңа нарыққа негізделген капиталистік қатынастар етек келе ала бастады.Көшпелі өмір тұрақты мемлекеттік аппарат ұстауға мүмкіндік бермеді. Себебі ханның өзі де халықпен бірге көшіп қонды.

Негізгі әдебиеттер
1. Абайдельдинов Е.М. Политико-правовая история Республики Казахстан. – Алматы, 1999.
2. История государства и права Казахской ССР. – Т.1 .- Алма-Ата, 1982.
3. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти томах. – Алма-Ата, 1977-1980.
4. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI в. – Алма-ата, 1985.