Арқаның дәстүрлі ән мектебі
Жоспар
1. Қазақтың ән өнері.
2. Сал-серілік өнер.
3. Қазақ әні, әншілері оның зерттелуі.
4. Қазақтың әншілік өнері.
5. Ән және әншілік ерекшеліктер.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.
Халықтың әнші сазгерлерінің тағдырындағы шиеленісті оқиғалар олардың көзқарасына, дүниені танып-білу қабілеттіне, көркемдік шеберліктеріне ықпал етпей қалмағандығын атап айтуға тұрарлық. Сондықтан да олар шығарған өлең-жырлардың көпшілігінде азаматтық әуен кеңірек сипатталады. Мәселен, Біржанның «Жанбота», «Көлбай,Жанбай», «Адасқақ»,Жаяу Мұсаның «Ақсиса», «Хаулау», «Бұзау зары», Кененнің «Бозторғай»,Ақан серінің «Құлагер» әндерінде, басқа да авторлардың шығармаларында әлеуметтік теңсіздік, еркіндік, өмір шындығы айқын көрініс тапқан.
Қазақтың дәстүрлі кәсіби ән-ақындық өнер өкілдерінің ішінде ұлы ақын-компази-тор Абай Құнанбаевтың орны бөлек. Ол ауызекі өнер мен жазбаша мәдениеттің дәс-түрлерін біріктірген суреткер. Абай өзі жасынан өлең және сол өлеңнің мақамын шығарса да, басқа сал-серілер тәрізді ауылды аралап, халықты өз өнерімен таныстырған ақын емес. Сонымен қатар, ол өлеңдерін ауызша шығармай, хатқа салып жазатын. Ал Абайдың әндерін халық арасына жайған өзінің шәкірттері Шәкәрім, Көкбай ақын, Уайыс, ұлдары Ақылбай, Мағауиялар да ұстазы тәріздес, әндерінің сөзін хатқа қалдырып жазған. Ақынның өнеріндегі шешендік өнермен байланысты ерекшеліктің бірі – үндеушілікті, тура айтушылықты кеңінен пайдалануы. Бұл ерекшелікті негізінен Абай да атап көрсеткен. Ол ән мен әуен оятады, адамның жан сезімін толқытады әсерлендіреді деп бағалаған. Суырып салып айту – ақындық өнердің ажырамас ерекшелігі. Ал, суырып салмалық қабілет шығармашылық тәжірибе барысында қалыптасады. Ақындардың көбі: Біржан сал, Ақан сері, Әсет және басқалары айтыстарға қатысу арқылы өз шеберліктерін жетілдірді. Ақындар өлең сөз бен әуенді тасыған өзендей түйдек-түйдегімен төгеді. Нағыз ақындар суырып салма болып келеді. Ол әрқашанда өз заманының ең көкейкесті мәселелерін қозғайды. Суырып салушылық өнер халық арасында кеңінен дамығанын атап көрсету керек.
Ақын компазиторлардың шығармашылығы қазақ халқының жүздеген жылдар бойы дамыған ән ақындық дәстүрдің саласында жалғасын тапты. Осы дәстүрдің шеңберінде ұлттық ой сана мен ұлттық мінезді келтіретін бейнелеу жүйесі, тақырыптары, тіл ерекшеліктері қалыптасты. Мысалы Жетісу, Арқа, Батыстың әншілік дәстүрлері; ал Абайдың тұлғасы жеке ән мектебі болып дараланды.
Әннің халық аузында сақталып, таралу жолдарының өзінше себептері бар. Ол уақытта қазіргідей компазитордың шығармасын профссионал әнші жаттап алып, радио, теледидар арқылы орындайтын жағдайдың жоқтығынан шығарған әнін айтып, халыққа тарататын да компазитордың өзі болды. Егер ол компазитордың әншілік өнері басым болса, онда орындалған әннің көркемдік дәрежесі де жоғары, сапалы болып шығып, тыңдаушыларды қызықтырып, олардың көкейлеріне тез қонатын. Ал жақсы ән шығарып, бірақ оны автордың өзі тиісті дәрежеде орындай алмаса, ол шығарма аз таралуымен қатар, кейде ұмытылып та кететін еді. Әнші жыршылар бір жерден екінші жерге барып, өнерлерін көрсетіп, елдің сыйлы қонағы болып жүрді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Т. Жұмағалиева, Д Ахметбекова, Б.Ысқақов,Ә.Қарамедина, З.Қоспақов.
2. «Қазақтың әншілік өнері» З.Қоспақов
3. «Замана бұлбұлдары» А.Жұбанов