Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негіздері


Жоспар
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негіздері 3
1.1 Ақпараттық негіздердің заңдылық негіздері 3
1.2 Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен маңызы 3
Әдебиеттер 6

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негіздері
1.1 Ақпараттық негіздердің заңдылық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі мыналар жатады:
1)бухгалтерлік баланс;
2)қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3)ақша қаражаттарыяың қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп жэне есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.

1.2 Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен маңызы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кэсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.
Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі ез орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады.

Әдебиеттер
1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2. Мельников В. Д., Ли В. Финансы. Учебник. Алматы, 2005
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник – Алматы, Юридическая литература, 2004
4. Финансы: учебник для вузов / под ред. Романовского М.В. – Москва: Перспектива, 2000
5. Саясат: ақпаратты-аналитикалық журнал, 2002 – 2005 ж.