Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 23 стр.

Полный просмотр работы

Экономикалық теориянын және экономикалық саясат

ЖОСПАР
1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы 3
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері 9
3. Экономикалық-математикалық модель (үлгі) жасау 11
4. Экономикалық категориялар мен заңдар 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт - аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады.

2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіңдірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінін жаратылыстану ғылымдарыидагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардын мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, экс-перименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.

3. Экономикалық-математикалық модель (үлгі) жасау
Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиыи міндет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық зандарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ казіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оган "диагаоз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономикаиы математикалық модельдеу өте киын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.

4. Экономикалық категориялар мен заңдар
Адамзат қоғамын, оныңнегізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы - экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістікқатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық емірдегі құбылыстарды сипаттап қорытындылауга кемектеседі. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, оларқоғамдық формацияныңқалыптасу, даму процесін сипаттайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.
2. Экономикалық теория. Әкімбеков
3. Дробат Ю.Л. Экономическая система.-Москва.:Асафа 2004.-302с.