Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Полный просмотр работы

Ақша реформасы

Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы 4
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі 4
1.2. Ақша реформасын жүргізудің маңыздылығы 6
ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары 10
2. 1. 1947 жылғы ақша реформасы 10
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы 12
2.3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 16
2.4. Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 21
Қорытынды 25

Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегңнің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, таур формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі
Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктың несиелік билеттері жатады. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1.2. Ақша реформасын жүргізудің маңыздылығы
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мемлекеттік банкке 1,2,3,4,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234г) 10 рублге теңесті. Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда векселдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарылып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігмен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

2.2 Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.

Қорытынды
Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Ақша құнсыздана бастады. Ақшаның қатты құнсыздануына байланысты оның нәтижесі: шаруашылық қатынастарының натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылыуы болып табылады.
1922-1924 жылдары ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды.