Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ тіліндегі коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтіндік негізі

Тіл-тілдегі сөйлем құрылымды фразеологизмдер мақал-мәтел және мақал-мәтел емес коммуникативтік фразеологизмдер болып екі үлкен жүйеге топтасады. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдер өзінің дербестігі жағынан мәнмәтінде жеке хабар беруші сөйлем түрінде қолданылады. Мақал-мәтел фразеологизмдердің арасында дәстүрлі, классикалық сөйлем құрылымдыларымен қатар, грамматикалық жақтан ұйымдасуы тұрғысынан формальды түрде сөйлем ретінде танылатындары да бар. Синтаксистік тұрғыдан сөйлем ретінде танылатын тұлғалардан өзге, мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің қатарында грамматикалық жақтан аморфты құрылымдар да кездеседі. Олардың қатарына әр түрлі мақсатта қолданылатын, бір мүшесі кем тұлғалар жатады, мысалы: Тисе-терекке, тимесе- бұтаққа ; Адамына қарай сәлемі т.б.

Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтіндегі басқа сөздермен, сөйлемдермен байланысының негізгісі – семантикалық байланыс. Кез келген мақал-мәтел мәнмәтінде жайдан-жай, тура мағынасында қолданылмайды. Мақал-мәтелдерді тура мағынасында, жалпы өмірлік тәжірибе қорытындысы түрінде қолданғанда да, олардың семантикасынан белгілі – бір астарды байқаймыз. Мысалы :

Басқа тілдік тұлғалардың мән-мазмұны мен мағынасы сөйлемде, мәнмәтінде лексикалық және синтаксистік заңдылықтарға сәйкес тұлғаланып жан-жақты анықталатыны сияқты, фразеологизмдер де мәнмәтін құрамындағы сөйлемдермен, сөздермен семантикалық және грамматикалық байланысқа түсіп, өздерінің фразеологиялық қасиеттерін анықтайды. Коммуникативтік фразеологизмдерді сөйлем құрылымдас үлгілерде қалыптасқандығына қарап, жеке-жеке бөлшектерге талдауға болмайды. Синтаксистік еркін сөйлемдер мен коммуникативтік фразеологизмдердің айырмашылығы олардың парадигматикасынан да, синтагматикасынан да көрініп тұрады. Фразеологизмдер тұлғасы жағынан номинативтік (сөз тіркесі құрылымын) және коммуникативтік (предикативтік құрылымын) даму барысында сақтағанымен, семантикалық құрылымы өзгеріп, даму барысында жаңа сапаға, фразеологиялық сипатқа ие.

Әдебиеттер
1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы, «Ғылым», 1977. –712 б.
2. Сатенова С. К. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. – Алматы, КДА, 1997. –180 б.