Экология және денсаулық
Адамның көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.
Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендейтін болса, олардың қоры азайатыны сөзсіз.Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы, алюмини рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі 150 жылға, мырыштікі 200-300 жылға жетеді екен.
Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы уақытта түщы су, оттегі және т.б қосылады. Соңғы 400 жыл ішінде жер бетіне құстар мен сүтқоректілір жануарлардың 130 түрі жойылып кеткен.қазірдің өзінде жойылуға жақындаған өсімдіктер, омыртқалы жануарлармен, кейбір құрт- құмырсқалар түрлерінің саны он мыңнан астам.
Соңғы жылдары халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған табиғат байлығын тиімді пайдалануды, әсіресе су көздерін ластанудан, тұзданудан қорғайтын бірнеше заң қабылданды.
Олардың кейбіреулері мыналар: қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы, су кодексі, су қорғау ережелері.