Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

ХVІІІ ғасырда қазақ батырларының қоғамдағы әлеуметтік және саяси орыны мен орта жүз батырларының елшілік қызметтерге қатысуы

Отандық тарихымызда алғаш ғылыми дәлелдерге сүйеніп, қазақ батырларының әлеуметтік табиғатын ашып көрсетуге ат салысқан тарихшы Е.Бекмаханов еді. Ғалым қазақ фольклорын танушы тарихшылар мен әдебиеттшілердің арасында батырлардың әлеуметтік бейнесі жөнінде сұрақтар бойынша ғылымда қайшы көзқарастар орын алғандығын жазады. Тарихи фактілерге қарамастан, барлық қазақтың батырлары еңбекші халықтың мүддесін ғана қорғаушылар қатарына жатқызылып келгенін, батырлардың әлеуметтік табиғаты жөнінде мұндай талқылаулар маркстік-лениндік түсінікпен қоғамдық-тарихи процесте еш бір қатынасы жоқ екендігін айқындап берген.

Қалай айтсақ та, қанша ғасырды басынан өткерген қазақ халқы, батырлар образдарын батырлар жыры, аңыз, дастан, қисса секілді ауыз әдебиеті үлгілерінде ұмыт қылмай сақтап келетінін баршамыз білеміз.
Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-потестарлы топтың шығуымен тығыз байланысты болса, «батыр» терминінің пайда болуы ерте ортағасырлардан бастау алады. Ортағасырларда батырлардың жеке басына тәң ерлік, күш иесі, қаһармандық, ұлтжандылық т.б. қасиеттеріне қарамастан қоғамда жеке белгілі бір әлеуметтік топты қамтымаған.

Қазақ халқының арасында батырлық жоңғарларға қарсы күреске дейін, кен таралғаны түсінікті. Жоңғар шапқыншылығы тұсында Жоңғар мемлекеті қазақ даласына көп уақытқа созылған басқыншылық әрекеттері халықтың жағдайын тым ауырлатып жібереді. Тәуке ханның бастамасымен 1710 жылы Қарақұмда бүкіл қазақ ордасын жоңғарларға халықтық жасақ құрып қарсы тұру үшін құрылтайға шақырады. Бұл құрылтай бұдан ертерек өткізілу керек болатын, алайда дәл осы кезде жоңғарлардың кезекті шабуылы тағы да өрістей түсті. Қазақ ордасының тарихында алғаш рет ұлыс тағдыры ханға емес, сұлтанға емес, Кіші жүздің табын руынан шыққан қара қылыш батыры Бөкенбайға тапсырылады.

Қазақ-жоңғар соғыстарында ұйымдастыру қабілеттерін арттырып қана қоймай, материалдық мүліктік жетістікке жеткенненн соң саяси жағдайға да өз ықпалдарын тигізе бастады. Ертеде старшындар көбінесе билердің арасынан сайланса, XVIII ғасырда қазақ старшындарының жартысына жуығы батырлардан құралғаны белгілі. Батырлар, күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда хан, би, сұлтандармен бірге немесе өз алдына жеке өзге мемлекеттерге елшілік қызметтерін де атқарды. Қазақ батырларының ішінде елшілік қызметтерге барғандары көптеп кездеседі. Біздің мақсатымыз ХVIII ғасырда солардың ішінде Орта жүз батырларының елшілік қызметпен барғандарын қарастыру.