Манарбек Ержанов
Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.
Манарбектің қазақтың ән мәдениетіндегі орны өзгеше, ол халқымыздың топжарған абыройлы асқақ әншісі бола білген жан. Манарбектің атымен оның күмістей таза ашық та жарқын «жарқылдаған» жауҺар дауысы, орындаушылық шеберлігі, әншілігі күні бүгінге дейін халқының қайнар бұлақ қасиетті қазынасына айналып отырғанына біздер куәгерміз.
Манарбек Ержанов Қазақ драма театрының (1928 ж.), Қазақ музыкалық театры (1934 ж.) – болашақ опера-балет театрының (1937 ж.) алғашқы әртісі болып ұлттық өнеріміздің алғашқы жұлдызды шоғыры Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиевтермен бірге тұңғыштар тобында сахнаға шықты. Ғарифолла Құрманғалиев екеуі бірсыпыра ұлттық операларда рольдерді кезектесіп, бөлісіп ойнады. Біріне- бірі ұқсамайтын қос саңлақ ұлттық операларымыз: «Қыз Жібекте» Шеге, «Жалбырда» Елемес, «Ер Тарғында» Сақан, «Абайда» Әзім, «Біржан-Сарада» Естай бейнелерін сомдады. Бұл рольдерді ойнауға Ғарифолла мен Манарбектің бүгін қайсысы шығар екен деген ынтызарлық әркез халықты қызықтырып елегізіп отыратын. Манарбек пен Ғарифолла арасында бірінші құрамда қайсысы ойнайтыны үнемі қиындықтар тудыратын. Екеуі де шебер, біріне-бірі сай, тең түсіп жататын.
1936 жылы қазақ өнерінің Мәскеуде өткен Декадасына баратын бірінші тобында Манарбек те, Ғарифолла да болды. «Қыз Жібекпен» ашылатын Декада шымылдығында Шегенің ролін ойнауға екі жампоздың қайсысы шығатыны үлкен жауапты мәселеге жетті. Ақыры таңдау Манарбек Ержановқа түсті. Ақын Шеге бейнесін айқара ашып көрсететін көтеріңкі көңілдегі музыкалық беташарды Манарбектің өзі тауып қосқан еді. Кейін Е.Брусиловский осыны еске алып – «Мен көптен бері осы жерге бір халықтық әуенді таба алмай жүретін едім, оны Манарбектің өзіне де айтқам.