Көліктің техникалық жасақталу көрсеткіштері
Жоспар
1. Негізгі категорияны 3
2. Жүктердің жіктелуі 5
Әдебиеттер 7
1. Негізгі категорияны
Негізгі категорияны, көліктің әрбір түрінің техникалық деңгейін және техникалық жабдықталу қуатын сипаттайтын, көрсеткіштер ұсынады. Бұл категорияға қатынас жолдары желісінің ұзын бойлығы (авто және темір жолдар, өзен немесе ішкі су жолдар, әуе желілері және т.с.); көліктік бірліктер паркінің саны (автомобильдер, локомотивтер, вагондар, кемелер, ұщақтар және т.б.);жылжымалы құрамның жалпы жүк көтергіштігі (тоннаж); жылжымалы құрамның (активті бірліктердің) жиынтықты энергетикалық қуаты; еңбекті механикаландыру құралдарымен, әсіресе жүкті тиеу түсіру жұмыстарының өндірісі кезінде пайдалану кәсіпорындарының толықтығы; желілерде жөндеу және пайдалану кәсіпорындарының (базалар, станциялар, кемежайлар, аэдромдар, терминалдар, жөндеу зауыттары және т.б.) бар болуы сияқты көрсеткіштер кіреді.
2. Жүктердің жіктелуі
1. Габаритссіз жүктер- бұл жүктер өздерінің өлшемдері бойынша автомобиль кузовына сыймайды, бір орынның өлшемі мынадай болуы керек: 2,5 м-ден артық, биіктігі немесе ені 2-метрден артық немесе ұзындығы 3,5 метрден артык.
2. Ұзынөлшемді жүктер - габаритсіз жүктердің бір түрі, кузов үзындығының 1/3 —нен артық шығып тұрады. Оларды тасымалдау үшін тіркеме-роспускілерді қолданады.