Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы 5
1.2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер 7
2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 13
2.1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы 13
2.2 Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі 21
2.3 Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар 27
2.4 Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы 31
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36
КІРІСПЕ
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, тәсілдерін ажырата алуы қажет.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді. Бұл ретте әртүрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекеті мен қарым- қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалар мен әдіс тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым- қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады.
1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы
Мектептегі оқу-тәрбие процесін демократияландыру мен гуманитарландыру, қоғамымыздағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл міндетті шешу, оқушы жастарға эстехикалық білім және тәрбие берумен, бұл педагогикалық процеске мұғалімдердің даярлық дәрежесін қамтамасыз ету мәселесімен тікелей байланысты. Себебі, ол адам баласының жақсы еңбегінде, әдемі бастамаларында, атқарған тамаша істерінде, дене бітімінің жақсы үйлесімділігінде, жан дүниесінің кіршіксіз тазалығы секілді ұғымдарда өзіндік бейнесімен орын алады.
1.2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер
Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, “рахым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты - заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік етуші топтар - филосовтармен жауынгерлердің талап тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рахымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы
Әр түрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық - пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез-келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану. Зерттеулер мен озат тәжірибелердің арасында педагогикалық ғылымда оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана тәрбие нәтижесі маңызды.
Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:
2.2 Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі
Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру - одан да қиындық, туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ, мерзімді зертеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады.
2.Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы — сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективті тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Сынып жетекшілері жоспар құруда мынадай қайнар көздерді білу, негізгі алуы керек.
1. білім, тәрбие туралы.
Мемлекеттік, аймақтық және жергілікті документтер
2. тәрбиені жоспарлау бойынша оқу - әдістемелік құралдар.
3. мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспары.
4. оқушыларға жасалған диагностика мәліметтері.
5. Ата –аналардың, оқушылардың ынта, тілектері.
6. Әлемде, елде немесе сол жерде таяуда болатын оқиғалар.
2.4 Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады Ол әдетте сыныптан тыс жұмыс мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі қоғамды қайта жүру жағдайында әрбір адамның, соның ішінде оқушы жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасы айрықша маңызға ие. Соған орай мектеп оқушылары мен жастардың өнер саласының әр түрімен айналысуы, нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері мен балалар фестивалдарының ұйымдастырылуы біздің қоғамымыздың өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз. Әр түрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық - пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. М, 1985г.
2. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. М, 2001г.
3. Беспалько Б.П. Слагаемые педагогической технологии. М,1989г.
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995.
5. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990.
6. Ильина Т.А. Педагогика. М, 1984г.
7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. А, 1999ж.
8. Караковский В.А., Новиков Л.И., Селиванова Н.А. Воспитание? Воспитание… Воспитание! –М., 1996 г.
9. Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
10. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.
11. Лихачев Б.Т. Педагогика. М, 1996г.
12. Макаренко А.С. Избранные педагогические сочинения в 2 томах. М., 1977.
13. Педагогика. Дәріс курсы. А, 2003ж.
14. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М., 1982.
15. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М., 1982.
16. Подласый И.П. Педагогика. 1,2 книги. М, 1996г.
17. Подласый И.П. Педагогика. Книга 1.Учебник для студ. пед. вузов; М., Владос, 1999 г.
18. Сластенин Б.А. Педагогика. М, 2002г.
19. Харламов И.П. Педагогика. М, 1990г.
20. Харламов И.Ф. Педагогика. Учебник. Минск. 1998 г.