Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Қылмыстық тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік және биологиялық байланыстар

Қылмыскер тұлғасын зерттеудің түбегейлі мәселелерінің бірі оның әлеуметтік және биологиялық байланыстары болып табылады. Оның айтарлықтай тәжірібелік, идеологиялық мәні бар және ол қылмыстылықтың себептерін түсіндіру мен оның күреспен негізгі бағыттарын анықтауға елеулі әсер етеді. Биологиялық факторларды бағалау криминологиялық теорияның біраз тұстарын қамтиды.Осы айтылып отырған проблеманың маңыздылығын баса айтқанымыз жөн, өйткені криминологияда биологиялық детерминанттар әлеуметтік детерминанттар сияқты рөл атқарады деген негізсіз тұжырымдар жиі айтылып жүр.

Кейбір ғалымдар биологиялық факторлардың өзі де қылмыстық мінез-құлыққа итермелейді деген ұйғарым айтады. Расында мұндай мінез-құлыққа бейімділік биологиялық түрде жоққа шығарылмайды, ол тұқым қуалаушылыққа да ұрынуы мүмкін.
Осы айтылғандардаң маңыздылығы қазіргі жағдайда жалпы психологиялық шиелінстермен сипатталатын әрекеттермен, ашу-ызаға салынушылықтармен, психиканың шектен шығып кетушілік көріністерімен дәлелденіп те отырғаны шындық.

Бұл жерде тұлғаның қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі ретінде, сондай-ақ адамның тәрбиемен, ортаға байланысты әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуы жөнінде айтып отырмыз.
Сонымен бірге биологизаторлармен күрестегі тұлғаның әлеуметтік мәні туралы ілімді қорғай отырып, тұлғаның қоғамдық қатынастарға тәуелді екендігін естеп шығарып алып, тұрпайы социологизмге ұрыну қауіпіне тап болатындықты ұмытпау керек. Тұлғаның белгілі бір биологиялық және әлеуметтік қатынаста болатындығын да естен шығармаған дұрыс.