Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 4
1.1 Несие туралы ұғым және несиенің формалары 4
1.2 Несие беру шарттары және оның элементтері 7
1.3 Несие түрлері 13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА-ЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА НЕСИЕ ДАМУЫНЫҢ ӘСЕРІ 19
2.1 Несиенің экономикадағы қызметтері 19
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті банктік несиелендіру 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымда Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің түсінігін, түрлерін, атқаратын қызметтерін, маңыздылығын қарастырдым. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерді несиелендіру және жалпы несиелеу жағдайын көрсету үшін «Банки Казахстана», «Аргументы и Факты» және т.б. журналдарымен салыстырдым..
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы несие туралы түсінік беріп, оның түрлерін, формасын, атқаратын қызметтерін, экономикаға тигізетін әсерін және экономика үшін маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу үшін банктердің жасайтын жұмыстарын, тәртіптерін зерттеу.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Несие туралы ұғым және несиенің формалары
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

1.2 Несие беру шарттары және оның элементтері
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
І Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1.3 Несие түрлері
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА-ЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА НЕСИЕ ДАМУЫНЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Несиенің экономикадағы қызметтері
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының арысында несие қатынастары пайда болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында банктер несиелік ресурстардың негізін құрайды және өз клиенттеріне толық қаржылық қызмет көрсетеді.
Қазіргі нарық экономикада және кәсіпорындарының жұмыс істеуі мен дамуында несиенің ролі зор. Несие - есеп операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.
Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс-тәжірибеде несиенің басқа көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін несие, жеке және заңды тұлғаларға берілетін несие және тағы басқалар.
Сонымен қатар несиенің коммерциялық және банктік несиелері бар. Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.