Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2014

Предварительный просмотр

Экономикалық теорияның пәні


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Экономикалық теорияның пәні 4
1.1 Негізгі экономикалық түсініктер 4
1.2 Экономикалық теорияның әдістері, санаттары және заңдары 5
1.3 Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері 7
2. Қоғамдық өндірістің негіздері 8
2.1 Адам және экономика 8
2.2 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы 9
2.3 Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері 11
2.4 Қайта өндіру: кезеңдері, түрлері, тұрпаттары 12
3. Экономикалық жүйе 13
3.1 Экономикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас 13
3.2 Экономикалық жүйе және оның элементтері 13
4. Меншіктік қатынастар және олардың экономикадағы рөлі 15
4.1.Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні 15
4.2 Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары 16
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21
ҚОСЫМШАЛАР 22

КІРІСПЕ
Экономикалық білім жүйесіндегі экономикалық теория пәнінің орны мен сипаты, қалыптасу тарихы өзіндік маңыздылығымен ерекшеленеді. Экономикалық теорияның негізгі мәні байлық, игіліктер көзі туралы сұрақтарды қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономика» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы ХVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды. Экономикалық теорияның алғашқы қаланған мектебі – меркантилизм. XVI-XVIII ғасырлардағы феодализмнің құлдырау дәуіріндегі «бүгінгі заман батырлары», яғни ең бай касталары – көпестер болды. Оларға сауда дамуының теориясы «баюдың ғылымы» қажет болды. Оны олар меркантилистердің қолынан алды. Меркантилизмнің ең көп тараған жері – Англия еді, оның ең басты теоретиктерінң бірі – экономист Томас Ман (1571-1641, Англия) және Антуан де Монкретьен (1575-1621, Франция).

1. Экономикалық теорияның пәні
1.1 Негізгі экономикалық түсініктер
Экономикалық теория шектелген ресурстар әлеміндегі адамдарды қанағаттандыру әдістерін зерттейді. Соған сәйкес келетін бірнеше санаттар бар.
Тұтынушылық – жеке индивид пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған қажеттілікті анықтаушы. Сатып алу қабілетімен бекітілген тұтынушылық тауар мен қызметке сұранысты көрсетеді. Экономикалық әдебиетте (Маслоу) адамдардың тұтынушылығы 5 деңгейге бөлінеді:

1.2 Экономикалық теорияның әдістері, санаттары және заңдары
Экономикалық теория өзінің зерттеулерінде экономикалық құбылыстардың ғылыми танымының келесі әдістерін пайдаланады:
а) синтез бен талдау әдісі - әлеуметтік-экономиканың пайда болу бөліктері (талдау) және тұтастай (синтез) өзара байланысы мен өзара тәуелділігі бойынша зерттеуді қарастырады. Бұл әдіспен экономикалық теорияны шаруашылық жүйесін екі әр түрлі деңгейде қарастыратын микро және макроэкономикаға бөлу логикалық байланысты. Сондықтан, микроэкономика осы жүйенің жеке элементтерімен істі болады. Ол бөлек фирмалардың, үй шаруашылығының, өндірістің, бөлек өнімнің бағасын және экономикасын зерттейді. Яғни, микроэкономикалық зерттеу талдау әдісіне жақын. Макроэкономика шаруашылық жүйесін тұтастай зерттейді немесе агрегаттар деп аталатын экономикалық бірлікті, мысалы ұлттық экономиканы зерттейді. Макроэкономика синтездің әдістеріне негізделіп және жиынтықты, агрегатты көрсеткіштермен жұмыс істейді: жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс және т.б.;

1.3 Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері
Экономиканы талдау нормативтік және позитивтік әдістерді пайдалануды қарастырады. Позитивтік немесе дискриптивтік экономика экономиканың қызмет етуінің ғылыми және объективтік түсініктемелерін іздейді. Ол болуы мүмкін немесе болатын нәрсемен байланысты болады. Мысалы, егер үкімет бір тауарға салық салса, онда оның бағасы өседі.
Нормативтік экономика субъективті, жеке бағалау пікіріне негізделген іс-әрекеттің рецептісін ұсынады. Ол мүмкін болатынмен байланысты болады. (6)
Мысалы, бюджетті толтыру үшін, бір экономист салықтарды көбейтуді ұсынады. Бірақ салықты көбейту кәсіпкерлікті ынталандыруды төмендетуі мүмкін. Егер «тиісті» немесе «қажет» деген пікірлер кездесетін болса, онда ол нормативтік әдіске жатады.
Экономикалық теория келесі қызметтерді атқарады:

2. Қоғамдық өндірістің негіздері
2.1 Адам және экономика
Адам – бұл ең басты өндіруші күш, өйткені ол жасап қана қоймай, жүзеге асырады және өндіріс құралдарын пайдалану әдістерін анықтайды. Өз кезегінде, өндірістің жаңа құралдарын тарату жұмыс күшіне жаңа талаптар қояды.
Экономикалық немесе шаруашылық қызметі тұтас мақсатты қызметті, яғни, әр түрлі тараптағы тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған және белгілі бір есепке негізделген шаруашылыққа адамдардың күш жұмсауын көрсетеді. Бір жағынан ол энергияны, ресурстарды және т.б. шығындарда, ал екінші жағынан өмірдегі шығындарды соған сәйкес толтырғанда көрінеді. Мұндай жағдайда, экономикалық субъект (шаруашылық қызметіндегі адам) шығын мен табысты салыстыру арқылы, ұтымды іс жүргізуге тырысады. Адамдардың шаруашылық қызметі – бұл төрт сатыға бөлінетін әр түрлі пайда болулар мен үдерістердің күрделі кешені: меншікті өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну.

2.2 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы
Экономикалық ресурстар – бұл өндіріс үдерістерінің мүмкіндіктері, қаржылар, көздер. Олар материалдыққа, еңбек және қаржылық ресурстарға бөлінеді. Материалдық ресурстар өндіріс үдерісінде қолдану мен өңдеуге арналған заттық элементтер кешенінің барлығын көрсетеді. Нақты құрамы бойынша олар өзіне шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды, жағармайды, энергияны, сондай-ақ өндірістегі өңдеуі бітпеген жартылай фабрикатты қосады. Еңбек ресурстарына қоғамдық пайдалы еңбекке жарамды елдің тұрғындарын қосады. Қаржылық ресурстарға – мемлекеттің қарауында болатын ақшалай қаржыларды, кәсіпорындарды, мекемелерді, тұрғындарды қосады.

2.3 Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
Өндіріс – бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, адамдардың мақсаттылықты қызметі. Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндірістерге бөлінеді.
Материалдық өндіріске мыналар жатады:

2.4 Қайта өндіру: кезеңдері, түрлері, тұрпаттары
Қайта өндіру - өндірістің үзіліссіз жалғасатын үдерісі. Қайта өндіру кезеңдері: өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну.
Өндіріс кезеңі өндіріс құралдары мен жұмыс күшін тікелей қосуды қарастырады. Бөлу кезеңі өндіріс факторларын салалар және өндіріс аясы бойынша бөлуді қарастырады. Айырбастау – бұл өз еңбегінің өнімдерімен өндірушіге айырбастауға мүмкіндік беретін жүйе. Тұтыну адамдардың тұтынушылығын қанағаттандыру үшін жасалған игіліктерді пайдалануды білдіреді.

3. Экономикалық жүйе
3.1 Экономикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас
Жүйелі көзқарас күрделі ұйымдастырылған объектіні зерттеудегі әдістердің жиынтығын көрсетеді. Мұндай көзқарас бөлек жүйелер ішіндегі ұлттық экономиканың түрлерінің үлкен жиынтығы және ірі блоктарды бөліп қарауға және олардың қызметін белгілеп, олардың арасындағы қайтарылымды байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйе – ұйымдасқан тұтас бірлікті құрайтын, өзара байланысты элементтердің немесе бөлшектердің жиынтығы немесе комбинациясы.
Жүйелер қарапайым және күрделі болады. Күрделі жүйе әр деңгейдегі жүйелер ішінде біріккен өзара іс-қимылдағы элементтерден тұратын көп деңгейлі конструкцияны көрсетеді. Егер күрделі жүйені басқару бір орталыққа жинақталса, ол орталықтандырылған деп аталады, егер басқару орталығы бірден көп болса, ондай басқару – орталықтанбаған деп аталады. (9)
Күрделі жүйенің негізгі айрықша белгілері:

3.2 Экономикалық жүйе және оның элементтері
Экономикалық жүйе – ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
Экономикалық жүйені үш ірі блок құрайды:

4. Меншіктік қатынастар және олардың экономикадағы рөлі
4.1.Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні
Әлеуметтік қатынастар немесе меншік бойынша қатынастар өндірістің кез келген әдісінің басты өндірістік қатынастары болып табылады. Олар өндірістің заттық факторлары мен жеке бірігу әдісін сипаттайды және бөлудің, айырбастаудың және тұтынудың қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің рөлі мен орнын келесі жағдайлар анықтайды:

4.2 Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары
Меншік нысаны – бұл меншік субъектісінің белгілері бойынша сипатталатын критерий, яғни, әр түрлі объектілердің бір табиғи субъектінің меншігіне қарайтынын анықтау. Меншік мынадай нысандарға бөлінеді:
а) жалпы халықтық;
ә) мемлекеттік;
б) ұжымдық;
в) бірге үлестік;
г) жеке және т.б.
Меншіктің барлық осы нысандарын меншіктің негізгі екі түріне топтауға болады: мемлекеттік және жеке.
Мемлекеттік меншік – мемлекет меншік иесі ретінде көрінеді , ол мемлекеттік сектор ұйымдарымен және кәсіпорындармен, жергілікті жердегі және орталықтағы органдармен бейнеленген. Мемлекеттік меншік екі нысанға бөлінеді:

ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық білім жүйесіндегі экономикалық теория пәнінің орны мен сипаты, қалыптасу тарихы өзіндік маңыздылығымен ерекшеленеді. Экономикалық теорияның негізгі мәні байлық, игіліктер көзі туралы сұрақтарды қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық ғылымның қазіргі мектебінің екі бағыты бар: