Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Полный просмотр работы

Компьютердің құрылымы

Жоспар
Кіріспе 3
І бөлім. Электрондық есептеуіш машиналардың дамуы мен қазіргі ғылым мен техникадағы маңызы 4
ІІ бөлім. Компьютер конфигурациясы 6
1.1 Ішкі компоненттер 6
1.2 Процессор 6
1.3 Аналық плата 6
1.4 Чипсет 7
1.5 Оперативті жад 7
2.6 Қатқыл диск 8
2.7 Иілгіш дисктер дискжетегі 9
2.8 Графикалық жеделдеткіш 9
2.9 TV/FM-тюнер 10
2.10 Дыбыстық карта 11
2.11 Корпус 11
2.12 Салқындату құрылғысы 12
2.12.1 Салқындату жүйелері: вентиляторлар, оның техникалық өзгешеліктері 12
2.12.2 Вентилятордың құрылымы және жұмыс істеу өзгешеліктері 12
2.12.3 Қисық вентилятордың сипаттамасы 16
2.12.4 Видеокарталарға арналған кулердің бес түрі 17
2.13 Желілік карта 21
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 23

Кіріспе
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Компьютердің құрылымы.
Мақсаты: Компьютердің құрылымы мен оның дұрыс жинақталуының техникалық маңыздылығын зерттеу.
Міндеттері:
1. компьтер құрылғысының даму тарихына шолу;
2. компьютердің басты құрылғыларын сипаттау;
3. компьютердің перифериялық құрылғыларын сипаттау;
4. компьютер құрылымының техникалық шарттарын қарастыру.
Гипотезасы: компьютер құрылымын білу мен бөлшектерін дұрыс анықтау – маманның біліктілігінің кепілі
Таңдалған тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде ғылым мен техника үздіксіз қарқынды дамып келеді. Адамзаттың жұмыс іс-әрекеттерді жүзеге асыруындағы кез-келген салада заманауи техникалық құрылғылар орын алып, күннен-күнге көптеген өндірістік және ғылыми операцияларды элекронды машиналар көмегіп атқарып отырғанына күнделікті көзіміз жетуде. Осы орайда есептеуіш жұмысының негізгі принциптерін, құрылымын тереңірек зерттеп, оның басты деген құрылғыларын айқындауды ұйғардық.

І бөлім. Электрондық есептеуіш машиналардың дамуы мен қазіргі ғылым мен техникадағы маңызы
Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электррондық құгрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адм жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т.с.с.
Электрондық құрылғы - жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.

ІІ бөлім. Компьютер конфигурациясы
2.1 Ішкі компоненттер
Ішкі компоненттер дегеніміз компьютердің корпусының ішінде орналасатын компоненттер.
2.2 Процессор
Процессор, орталық процессор (CPU) - компьютердегі басты микросхема. Ол барлық бағдарламаларды жүзеге асырылуына жауапты, оған барлық жүйенің өнімділігі байланысты. Процессордың такттік жиілігі (МГц) қаншалықты жоғары болса, осындай процессорлы компьютерде орындалатын программалардың жылдамджығы соншалықты жоғары болып келедісонымен қатар, орталық процессор жұмысының жылдамдығы оның типімен де анықталады. Процессордың қандай аналық платаға қосылатыны ескерілуі тиіс.

2.3 Аналық плата
Аналық плата, жүйелік плата (mainboard, mother-hoard) - процессорды, оперативті жадты, басқа да клмпоненттерді қосуға арналған разъемдар мен микросхемалардан тұратын үлкен плата.

2.4 Чипсет
Чипсет (chipset) - аналық платаға орнатылған бірнеше микросхемалардан тұратын жиынтық. Егер орталық процессорды дербес компьютердің «жүрегі» десек, чипсетті аналық плата «жүрегі» деп атауға болады. Ол аналық платаға қосылған компьютердің барлық компоненттері мен құрылғыларын жұмысын қамтамасыз етеді.

2.5 Оперативті жад
Жад, оперативті жад, оперативті жад модулі (memory, RAM) - берілгендерді және қазіргі уақытта компьютер жұмыс жасап отырған программаларды сақтайтын микросхемалар. Компьютер қоректенуі өшірілген кезде оперативті жадта сақталып отырған барлық ақпарат жойылады.

2.6 Қатқыл диск
Қатқыл диск, винчестер (HDD) - ақпараттың үлкен көлемдерін сақтап, компьютер өшірілгенде оларды жоймайтын құрылғы. Осы қатқыл дискіде операциялық жүйе мен компьютерге орнатылған барлық программалар сақталып отырады.

2.8 Графикалық жеделдеткіш
Графикалық жеделдеткіш, графикалық адаптер, видеокар¬та (videocard) - компьютердің кез-келген бейнені мониторға шығаруын қамтамасыз ететін плата. Видеокарта аналық платаның (PCI немесе AGP) разьемдарына орнатылады. Оның сыртқы бетінде монитор кабель арқылы қосылатын разъем орналасады, кейбір видеокарталарға үш монитор, оған қоса теледидар да қосып қоюға болады.

2.10 Дыбыстық карта
Дыбыстық карта, аудиокарта (soundcard) - дербес компьютерге дыбычстар мен музыканы құлаққалқандар немесе акустикалық жүйелер (колонкалар) арқылы ойнатуға мүмкіндік беретін құрылғы. Олардың негізгі арналу саласы – компьютерлік ойындардағы дыбысты ойнату. Қазіргі кезде дбыссыз ойын ойнау үнсіз кино қарағанмен пара-пар.

2.11 Корпус
Корпуста компьютерлердің барлық ішкі компоненттері орналасады: қоректендіру блогы, процессор мен аналық плата, графикалық жеделдеткіш, дыбыстық карта, желілік карта, ішкі модем, қатқыл дисктер, иілгіш диск дискжетегі, компакт-дисктер мен DVD-дисктерді оқыға арналған дискжетектер, т.б. компоненттер орналасады.

2.12 Салқындату құрылғысы
2.12.1 Салқындату жүйелері: вентиляторлар, оның техникалық өзгешеліктері
Компьютерді салқындату үшін вентилятор маңызды роль атқарады. Олар процессордың кулерінде, қатқыл диск пен видеокартаны салқындататын құрылғыларда, қоспьютер корпустарында, қоректендіру блоктарында, перифериялық техникаларда және т.б. қолданылады.
2.12.2 Вентилятордың құрылымы және жұмыс істеу өзгешеліктері
Қазіргі қолданыстағы вентиляторлардың тұрақты тогы бір немес екі фазалық вентильді двигательдерден тұрады. Двигательдің өзін екі негізгі құраушыларға бөлуге болады. Олар: басқару схемасы және индукторлы машина. Индукторлы машина ротор-статорлы тізбектен тұрады. Мұндағы ротор - тұрақты дөңгелек магнит болса, статор – төрт полюсті (кейде алты полюсті) индуктор.

2.12.3 Қисық вентилятордың сипаттамасы
Барлық вентиляторлардың ең маңызды сипаттамаларының бірі – оның өнімділігі. Бұл сипаттама міндетті түрде вентилятордың техникалық құжатында көрсетіледі және оның тиімділігін әділ бағалауға мүмкіндік береді. Жасалған вентилятордың барлық санаулы объектілері шектелген шамада ауаның қозғалысына кедергі болады. Нәтижесінде вентилятордың шын өнімділігі, оның ауа жылдамдығының көлемі эксплуатациялық жағдайда вентилятордың, процессор кулердің т.б қорабындағы көрсетілген белгілерден едәуір төмен болуы мүмкін.

2.12.4 Видеокарталарға арналған кулердің бес түрі
Жалпы видеочиптерге арналған кулерлер өте аз. Мұндағы құрылғыларды өндірушу компаниялар чиптерді салқындатушы деп атайды. Ал, салқындатқыш чипке қалай бекітіледі? Оның екі әдісі бар. Біріншісі-радиатордың жылу өткуізгіш желімімен чиптің жоғарғы бетіне желімдеу болса, ал екіншісі- радиаторға бекіту болып табылады.

Қорытынды
Қазіргі кезде жаһандық ақпараттандыру кезеңді бастан кешірудеміз. Сол себептен барлық салаларға электрондық құрылғылар негізіндегі машиналар мен автоматтар жаппай енгізілуде. Ғарышты қашықтан басқару және бақылау станциялары, қашықтан оқыту, пайдалы қазбаларды зерттеу, ультра дыбыстық медицина, лазерлік операциялар жасау, өндіріс пен технологияны автоматтандыру, дүниежүзілік ұялы байланыс, жерсеріктік арналар, күрделі тәжірибелерді виртуальды модельдеу, т.б. жетістіктерді электрониканың дамуынсыз елестету мүмкін емес.

Қолданылған әдебиеттер
1. Конфигурация ПК
2. Железо ПК
3. Ә.Берікұлы Техникалық электроника, - А., 1995
4. Потемкин И.С. Функциональные узлы цифровой автоматики, - Энергоатомиздат, 1988 г.
5. Лачин В.И., Савелов Радиоэлектроника – М., 2004
6. Китаев В.Е. Электротехника с основами промышленной электроники, - М., 1980
7. Минаев Е.И. Основы радиоэлектроники, - М., 1985
8. Вершинин О.Е. Применение микропроцессоров для автоматизации технологических процессов, - Л., 1986
9. Колонтаевский Ю.Ф. Радиоэлектроника, - М., 1988
10. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные cистемы – М.: Телеком, 2000г.
11. Зельдин Е.А. Цифровые интегральные микросхемы в информационно-измерительной аппаратуре – Л.: Энергоиздат , 1986 г., c.
12. Фролкин В.Т., Попов Л.Н. Импульсные и цифровые устройства – М.: Радио и связь, 1992 г.
13. Интернет сайты: WWW. abc. WSV.ru 3
14. Интернет сайты : rff.tsu.ru, pub. mirea. ac. ru