Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Дайын өнім

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Басқарушылық және қаржылық есептің ерекшеліктері 4
2. Ауылшаруашылығындағы дайын өнім – мақта өнімін өндірудің есебі 6
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 10

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайын дәстүрлі түрде өткiзiлетiн ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған кезекті республикалық кеңесте сөйлеген сөзiнде, Үкiмет пен барлық деңгейлердегі әкімдер алдына үстiмiздегi 2006-2007 жылдарға мiндеттер қоя отырып, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруде және өңдеуде кластерлiк жүйенi белсендi пайдалану қажет, Қазақстанда экономиканы дамыту үшiн перспективалы саналатын жетi салалық кластерлердiң ауыл шаруашылығына тiкелей байланыстылары тамақ және тоқыма өнеркәсiбi кластерлерi. Тоқыма өнеркәсiбiн дамытудың көкейкестiлiгiн оңтүстiктегi мақта шаруашылығын жоғары әлеуметiмен түсiндiруге болады
Кәсiпорында әр түрлi деңгейдегi менеджерлерге нарықта күшейген бәсекелестiк жағдайда, басқарушылық шешiмдi қабылдауға мүмкiндiк беретiн, iшкi есеп және есептеулер жүйесiн жасаудың объективтi қажеттiлiгi де бар. Есеп, ең алдымен, кәсiпорын оның құрылымдық бөлiмшелерiн басқару мақсаты үшiн қажет мәлiметтердi беруi керек.

1. Басқарушылық және қаржылық есептің ерекшеліктері
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан республикасында шаруашылық жүргізуші субъектілер заңды және экономикалық дербестік алады. Бұл олардың өзіндік және әлеуметтік даму бағдарламалары мен жоспарларын құру әрекеттеріне, баға белгілеудегі стратегияны анықтаудан, ұйым басшыларының басқарушылық шешімді қабылдауға асқан жауапкершілікпен қарауынан байқалады.
Қазақстан халықаралық есеп жүйесіне көшкеннен кейін жағдай жақсы жағына өзгеріп, бухгалтерлік–басқарушылық есептің біртұтас жүйесіндегі әдістерді интеграциялауға мүмкіндік алды. Әр түрлі оперативті экономикалық шешімдерді қабылдау үшін менеджерлер мен басшыларға кәсіпорынның өндірістік әрі қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды мәліметтер керек. Міне осы жағдай бухгалтерлік есептің екіге (қаржы және басқарушылық) тармақталуына әкеліп отыр.

2. Ауылшаруашылығындағы дайын өнім – мақта өнімін өндірудің есебі
Мақта зауыттарында кептіру - тазалау бөлімі құрылады, өйткені терілген мақта шикізаты көп ластанады және жоғарғы ылғалдылықта болады. Кептіру - тазалау бөлімінің мiндетi – мақта шикізатын кептіру және тазалау. Кептіру тазалау бөлімінің кызметінің құны белгілі мөлшер (тариф) бойынша мақта тапсырушылардан мақта шикізатын тапсыру кезінде алынады. Бұл цехтың жұмысы мен қызметінің құны мақта зауытының тауарлы өнімінің құрамына кірмейді. Кептіру тазалау бөлімінің нақты шығындарын 8030 «Көмекші өндіріс» баланстық шотынан аралық шот «Кептіру тазалау бөлімін» ашу арқылы есепке алуға болады.
Пайдалану мерзімі кезінде 8030 «Көмекші өндіріс» шотында есептелген барлық шығындар ай сайын 7010 «Сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтің өзiндiк құны» шотының дебетіне көшіріледі.
Пайданылмайтын мерзім кезінде кептіру тазалау бөлімінің шығындары 8030 «Көмекші өндіріс» баланстық шотында есептелініп, ай сайын 1620 «Болашақ кезеңдер шығындары» шотының дебетіне көшіріледі, осыған орай, 8030 шот бойынша жеке кредиторлық регистр ашылады.

Мақта тазалау өнеркәсібінде мақта шикізатын дайындау мен өңдеуді, есепке алу мен калькуляциялау 7 «Тауарлық – материалдық қорлар есебі» Бухгалтерлік есеп стандарттары (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістерімен) және оған «Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі» әдістемелік нұсқаулармен реттеледі, сонымен қатар 2 «Қорлар» Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (ХҚЕС) басшылыққа алады.
Мақта зауыттарында өндірістік ақаулар мен ысыраптарды есепке алу үшін 8040 «Үстеме шығындар» шотының қызметін кеңейтіп, оны келтірілген жіктеу кесіндісінде аралық шот «Өндірістік ысыраптар» арқылы жүргізуге болады. Бір мезетте өндірістік ысыраптардың аналитикалық есебін ұйымдастыруды үшін тұрып қалулар мен қондырғылардың техникалық ақауларының себептерін көрсететін классификатор арқылы жүргізу керек.

ҚОРЫТЫНДЫ
Нақты қол жеткен нәтижені талдау нақты және жоспарлы немесе нормативті деректерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Ұйым қызметін бағалаудағы бірінші қадам ұйым қызметінің тиімділігін бақылауға ауытқуды анықтаудан басталады.
Ауыл шаруашылығындағы дайын өнімді өндіретін,яғни мақта өндірісіндегі кәсіпорындарында ауытқулардың есебін дұрыс жүргізу мақсатында, мақта шикізатының құнының нормадан ауытқуы және артық немесе үнемделген шығынды анықтау үшін, «Мақта шикізатының құнының нормадан ауытқуын есептеу» және «Артық шығын мен үнемдеуді анықтау» құжат үлгілерін қолдануды ұсыну керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Нарықтық қатынастар кезеңінде басқарушылық есептің экономикалық мазмұны, мақсаты мен міндеттері //Журнал «АльПари », Алматы: 2005 - № 4(44) – 0,3 б. т. – 66-68 бб.
2. Мақта өсіретін шаруашылықтар және мақта тазалау кәсіпорындарының салалық, өндірістік және технологиялық ерекшеліктері және олардың басқарушылық есебін ұйымдастыруға әсері. //Журнал «КазЭУ хабаршысы», Алматы: 2005 - № 6 – 0,6 б.т.-224-228 бб. (басқа автормен бірге).
3. Организация учета по центрам ответственности на хлопкоочистительных предприятиях в условиях рыночной экономики. //Журнал «Экономика и образования», Ташкент: 2006 - № 4 -0,4 б.т.
4. Мақта тазалау кәсіпорындарында ақаулар мен өндірістік ысырап есебін ұйымдастыру. // Қаз ЭУ хабаршысы , Алматы: 2007 - № 1-0,4 б. т.
5. Организация управленческого учета. «Қазақстан Республикасындағы білім концепция-сын жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі жағдайы» /Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары (Оңтүстік Қазақстан Ашық университеті, Шымкент, 2005) – 0,3 б. т.-34-37 бб.
6. Ауылшаруашылғындағы дайын өнімнің есебі «Наука и техника в ХХІ веке, актуальные проблемы повышения качества подготовки специалистов» /Труды международной научно-практической конференции ( Университет Мирас, Шымкент, 2006) -0,5 б. т.-111-115 бб.
7. Басқарушылық есепте дайын өнімнің бастапқы құжат айналымын ұйымдастыру. «Наука и техника в ХХІ веке, актуальные проблемы повышения качества подготовки специалистов» / Труды международной научно-практической конференции ( Университет Мирас, Шымкент, 2006) -0,7 б. т.-115-120 бб.