Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған?

Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі — Кіші жүз ханы Әбілқайыр. Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі, тарихи портреті сан мәрте талқыланып, сан қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен нақты бағасын ала алмай келеді.
Кеше ғана қазақты жоңғар жұтуға шақ қалғанда үш жүздің ығайы мен сығайын, хандары мен сұлтандарын, батырлары мен билерін мойындатып бас қолбасшы сай­ланып, жауын талқандап, кейін қашырған, еліміздің батысы мен солтүстігіндегі қалмақ пен казак орыстан, оңтүстігіндегі Бұхара, Хиуа, түркімен, қарақалпақтан еш тайсалмаған, көршілес башқұрт елінің хан тағына шақырылған жалғыз қазақ – Әбілқайыр тарихы осыншама неге 300 жылға жуық мерзім бойы пікірталас нысанына ұласып келеді?
XVІІІ ғасырдағы зерттеушілер П.И.Рычков, ХІХ ғасырдағы ғалымдар А.И.Левшин, Л.Мейер, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов, ХХ ғасырдағы кеңестік тарихшылар А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, П.Е.Матвиевский, Е.Бекмаханов, В.Я.Басин, А.Сабырханов, қазақстандық И.В.Ерофеева, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Жақсығалиев, Ж.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев... Міне, осылай Әбілқайырды зерттеушілер тізімі жалғаса береді.

Г.Гельмгольт, Джорд Тоул, Уолф Шьербранд сияқты шетелдік зерттеушілер Әбілқайыр мен Бөгенбайдың пікірлеріне тоқталып, ұлы далаға қарсы қалмақ, казак орыс, башқұрттардың әрекеттерінің агрессиялық саясаты жатқандығын айғақтайды (Есмағамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. А, 1992. С. 94-95).
Жоғарыдағы келтірілген деректерге назар аударсақ, сол тұстағы қазақтың басты жауы Ресей болғандығына көз жеткіземіз. Бүгінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар Ресейдің көздеген жоспарын жүзеге асырушылар ғана, Жоңғарияны да қаруландырып, Қытаймен екі ортадағы плацдарм ретінде пайдаланған Ресей саясаткерлері болғаны жиі жазылып жүр. Олай болса, XVІІІ ғасырдың басындағы шиеленісті жағдайды Ресей қолдан жасады. Ерте ме, кеш пе қазақ тағдыры орыс патшасының қитұрқы жоспары арқылы шешілетін еді. Түркі тілдес бауырлар — ноғай, татар, башқұртқа кигізілген қамыт қазақтарды да күтіп тұрды.
Оның хабаршысы Кіші жүз руларына жойқын әскери шабуылдар мен тонаушылық салдарынан солтүстік-батыстағы жайылымдардың тарылуымен байқалды. Оған қабаттаса жоңғар жасақтары қазақтарды шығыстан батысқа, оңтүстікке ығыстыра бастады. Оңтүстікте парсы шахына сенген Хиуа, Бұхара хандықтары қазақтардың тығырыққа тірелген жағдайын өз мүддесіне пайдаланып қалуға ұмтылады. Қазақ тағдырының сын сағаты соқты. Тарих лабиринтінен шығудың жолы іздестіріле бастады.
Екінші тағылым, қазақтардың орыс “бодандығын” ерікті түрде қабылдады деген тұжырымның орнығуына байланысты. Мұрағат құжаттарындағы “бодандық” туралы әңгіме басында башқұрт Алдарбай жүреді. 1730 жылғы орыс патшасына жазылған хаттар мен одан шыққан жазбаларда қазақтың басты жауы ретінде башқұрттар аталып, солармен келісу үшін “бодандық” мәселесі сөз болған. 1730 жылы қазан айында Санкт-Петербургке Әбілқайыр хан атынан келді делінген елшілер Сейітқұл Қойдағұлов, Құтлымбет Қоштаевтың айтуымен толтырылған жазбаға сенсек, “қазақ қалмақ, жоңғар қонтайшысымен бейбіт келісімге келеді де, тек башқұрттар ғана патшаның бұйрығынсыз келісімге” көнбейді.