Шет тілінен білім сапасын арттыру үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын тиімді пайдалану
Ғылымы мен білімі дамыған елдің - мәртебесі биік болады. Қазіргі жаһандану жағдайында алдыңғы қатарлы іргелі ғылымы, озық технологиясы бар мемлекеттер ғана әлемдегі дамыған елдер қатарына кіре алады. Сондықтан, ғылымның, техниканың дамуының басым бағыттарынан үлкен мәні бар ғылыми-техникалық кешендер іске асырылуы қажет. Ғылым мен білімнің дамуы да, келешегі де, перспективасы да бірге егіз іспеттес болуы тиіс. Білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Бүгін талғам өзгергенімен, талап жалғыз. Ол - қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру.
Халқымыздың «Білекті бірді, білімді бірді жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін біз терең түсінеміз. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық - рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең алдымен білім күшіне арқа сүйейді.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де, білікті, іскер де, белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Білім қоғамды әлеуметтік, мәдени - ғылыми прогресспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғарғы құндылық. Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми - техникалық саясатында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласындағы кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім беру жүйесін дамытудың ең негізгі мақсаты - ұлттық білім моделін жасау. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолауында көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Бітімгерлерге, оқушыларға өмір талабына сай білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - техникалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.