Каспий теңізінің табиғи су қоймасы
Жоспар
Кіріспе 3
1 Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама 5
2 Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы 8
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 17
Кіріспе
Каспий өңірі... Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен,оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз десеңіз Каспий қайраңы тұңғиығынан да тура бүгін-ертең мұнай өнімін алу көзделуде.
Алайда соңғы жылдары аз да болса Каспий өңірінің проблемаларына бет бұрылып, оларды шешудің жолдары қарастырылуда.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі.
Жұмыста ең алдымен көтеріліп отырған мәселе Каспий өңірінің экологиялық ахуалы. Тек Қазақстан ғана емес, жағалауында орналасқан бес мемлекеттің көңілін алаңдатып отырған Каспийдің проблемаларын шешуде жаңа геоақпараттық технологияларды, кешенді анализ және дистенционды зондтау әдістерімен бақылауды жүргізуді қолдану.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Каспий теңізі өңірін тек мұнай-газ қорының, бекіре балығының, пайданың көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық апат аймағы тұрғысынан қарастыру.
1 Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама
Жер шарының ғажайып табиғи су қоймасы - Каспий теңізі. Оның ескі атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар және т.б. Ол - Евразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Жалпы ауданы 376000 шаршы км. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км, қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т.б. 50-ге тарта арал бар. Ірі түбектері: Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
2 Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы
Каспийдің бір ерекшелігі - адам әрекетіне жиі өзгеретін климаттық жағдаймен түсіндірілетін, оның деңгейінің тұрақсыздығы. Сондықтан да теңіз деңгейін болжау, өзгерістері біркелкі емес және әртүрлі теңіз суының балансын құрайтын экстраполяция тәсілімен алынатын және үрдістердің тұрақтылығынан туындайтын ықтималды - статистикалық және климаттық (гелиофизикалық) әдістерге негізделген.
Көмірсутекпен ластану көздері - су тұрақтар, кеме шаруашылығы және мұнай шығару кешені. Бірақ, теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалау шаруашылығынан жел көтерме әсерінен туындаған төгілу, бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезіндегі авариялық жайылымдарға байланысты ластану өсіп келеді.
Қорытынды
Жер шарындағы өзіндік орны бар, ғажайып табиғи су қоймасы - Каспий, қазіргі таңда орналасқан 5 мемлекеттің басты байлықтың қайнар көзі болып отырғаны анық. Еліміз үшін әлемдік аренадағы Қазақстанның иемденіп отырған құрметті орынның кепілі де осы Каспий емес пе?
Алайда, Каспий теңізі мен оның жағалауы Қазақстан үшін тек қана мұнай долларының көзі емес, сонымен қатар экологиялық апат аймағы. Бұл жағдай республика өкіметінің де ескеріп отырған мәселесі. Бұған дәлел: Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған түрлі бағдарламалар мен алға қойылған мақсаттар. Еліміздің көздеп отырғаны - Каспий жағалауындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз экожүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық апаттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат қойылды.
Қолданылған әдебиеттер
Газета “Капитал” 2006 ж. 9 ақпан.
“Экология” А.Ж.Ақбасова, Г.А.Саинова. Алматы 2003.
“Почвоведение”-№ 10. Егоров В.В, Минашина Н.Г.
“Экология” Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева. Алматы 2002.
“Экология және табиғатты тиімді пайдалану”. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев. Алматы 2004.