Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент


Жоспар
Кіріспе 3
1 Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент 6
1.1 Менеджмент іс - әрекетінің бағыты 6
1.2 Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері 7
1.3 Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері 10
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер 19

Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

1 Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент
1.1 Менеджмент іс - әрекетінің бағыты
Менеджмент мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
1) экономикалық
2) әлеуметтік – психологиялық
3) құқықтық
4) ұйымдық – техникалық
Экономикалық бағыттың мәні - өндірісті процесті басқару. Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресурстарын координациялау.
Әлеуметтік – психологиялық бағыт – басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.
Басқарудың төменгі және орта деңгейіндегі менеджерлердің қызметі және жұмысшылар мен коллектив арасындағы дұрыс өндірістік қатынастар орнатуға бағытталған.

1.2 Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері
Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер - ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

1.3 Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері
Экономика дамыған қазіргі таңда менеджер қызметі ең кең таралған, қажетті бағыттыражың бірі. Сондықтан Қазақстанда практика жүзінде қолдану және теориялық жағынан оқытуға негіз бар, себебі Қазақстан жаңа экономикалық қатынастар мен әлеуметтік – экономикалық басқару жүйесіне көшуді бастаған болатын. Осы тұрғыдан менеджмент негізінің теориялық – методикасын терең оқыту және басқару жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде практика жүзінде қолдану қажет.

Қорытынды
Қоғамдағы экономикалық байланыстың дамуы мен өндірістік масштабтың өсуі басқару процесін қиындатты. Нарықтық байланыста дамығанға дейін басқару функциялары универсалды сипатқа ие болды. Өндірісті басқару өндіріс құралдарының иелері арқылы жүргізіледі, бірақ капиталды концентрациялау процесінде қоғамдық өндірістің жаңа ұйымдық формалары пайда болды, мұның өзі басшылық еңбектің жеке түрлерін басқару функцияларын кеңейтті.
Басқару объектілері ретінде қоғамдық өндірістің әр түрлі ұйымдық формалары танылады: салалар, бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, мекемелер, жеке еңбектік қызмет немесе ұйымдар.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Макаров С.Ф. Менеджер за работой.-М., моладая гвардия, 1989. (26 – 29 бет)
2. Руководитель коллектива. Наше общество сегодня и завтра. –Л., 1924-23 ст.(20 – 25 бет )
3. Бобрыщев Д.Н. Основные категориитеории управления. М.: 1988-189 ст.(30 – 35 бет )
4. Гвишиани Д.М. Организация и управление. М. Наука, 1972-535 ст. .(120 – 128 бет )
5. Оксфордский учебный словарь английского языка (А.С. Хориби – Оксфорд: Изд-во Оксвордского ун-та, 1974-англ. яз). .(13 – 15 бет )
6. Шағын кәсіпкерлікті басқару. О. Сәбден. А. Тоқтанова. «Білім». Алматы, 2002 ж. .(32 – 35 бет )