Рим құқығының қалыптасу тарихы
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Рим құқығы және қалыптасу тарихы 7
1.1 Құқықтың жалпы түсінігі, жүйесі және қалыптасуының тарихи аспектісі 7
1.2 Римдегі құқықты зерттеудің қайнар көздері 10
1.3 Құқықтың даму сатылары мен негізгі бағыттары 18
2. Рим құқығының әлемдік маңызы мен функциялары 22
2.1 Рецепция ұғымы мен мазмұны 22
2.2 Рим құқығы рецепциясының типтері 27
2.3 Рим құқығын жүзеге асыру заңдар мен құқықтың маңызы 31
3. Рим құқығының қосымша аспектілері 39
3.1 Рим құқығындағы талап пен тұлға түсінігі мен мәні 39
3.2 Рим құқығындағы отбасылық қатынастар 44
3.3 Рим жеке құқығындағы міндеттеме, шарт және меншік құқығы туралы ілім 54
Қорытынды 69
Қолданылған әдебиеттер тізімі 73
Кіріспе
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Адамзат тарихында сирек кездесетін, таңқаларлық құбылыстар бар. Олардың маңызы – таусылмауы мен мәңгілігінде. Бұл құбылыстар тек қана өткен дәуірлермен бірге жойылмай, мың жыл өткен соң да белгілі бір бөліктері мен элементтері арқылы өмір сүріп, өркениетті қоғамдарға қызмет етіп, ғасырдан ғасырға заман талабына сай бейімделіп отырады. Бұндай құбылыстарға рим құқығы жатқызылады. Рим құқығы – адамзат баласының білімге деген құлшынысының нәтижесі, қазіргі кездегі көптеген құқықтық жүйелердің теориялық және терминологиялық негізі.
Жеке меншік негізінде экономикалық және әлеуметтік мүдделер толығырақ жүзеге асады., еркін ел мен басы бос тұлға қалыптасады. Бұл жерде ұлы философ Гегельдің пікірі өте өзекті: «Тарихты терең зарттеу, адамдардың әрекеттері, олардың мүдделері мен қажеттіліктерінен туындайды...».
Римнің жеке құқығы жеке меншік қатынастарының әмбебап реттеушісі. Бір мезетте бұл жүйе қоғамдағы жағымсыз нәтижелердің тежеушісі болып табылады. Бұл ақиқатты меңгеру үшін әрине, уақыт қажет. Дегенмен, Римнің жеке құқығы қазіргі азаматтық құқықтардың негізіндегі тамаша баға жетпес мәдени элемент.
1. Рим құқығы және қалыптасу тарихы
1.1 Құқықтың жалпы түсінігі, жүйесі және қалыптасуының тарихи аспектісі
Рим тарихшысы Тит Ливий (б. з. д. 59 ж.- б. з. д. XVII ғ.) қалыптасқан дәстүрге сәйкес XII кесте заңдары жариялы және жеке құқықтың қайнар көзі деп жазған. Кейін II ғасырда бұл екі түсінік заңтанушы Ульпиан теориялық жағынан негіздеген. «Жариялы құқық рим мемлекетіне жеке құқық – жеке адамның мүдделерін қорғайтын ережелер» (Д, 1. 1. 1. 2.) [4, 5 б.]. Ульпионның айтуынша «Жариялы құқық» (jus publicum) қасиетті заттарды, жерлерді қарастырады, оның ішінде абыздардың қызметтерін, магистраттардың ережелерін, яғни бұған мемлекет пен оның органдарының құқықтық жағдайын анықтап, олардың жеке тұлғалармен қатынастарын реттейтін заңдар мен нормалар жатқызылды. Ал жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты жеке құқық реттейтін болған, сондықтан оның нормалары жанұяқұқығы мен өндіріс, айырбас, меншік, мұрагерлік, міндеттеме сияқты институттарда көрініс тапты.
1.2 Римдегі құқықты зерттеудің қайнар көздері
Қазіргі кездегі барлық заңның шығу тегі мен қайнар көзі бар. Негізінен заңдылықтың қайнар көзі деп әдет-ғұрыпты атас да, басқа жазылған құжат түріндегі нормалар да бар. Мысалы, Кеңес Одағы кезіндегі заңдылық тәуелсіз Қазақстан заңдылығының пайда болуы үшін маңызды орын алып, негіз болды. Сол сияқты Римнің құқығының да шағуына әсер еткен маңызды құжаттар бар. Бұл құжаттарды Рим құқығының қайнар көздері дейміз.
Рим жеке құқығының қайнар көздері дегеніміз- рим жеке құқығының нормаларын бекіту және көрсету тәсілдері. Рим жеке құқығының қайнар көздеріне әдет ғұрып, заң, магистр эдиктісі, римдік заңгерлерінің қызметі, Юстиниан Кодификациясы жатады (4 кесте) [1. 19 б.].
Әдет-ғұрып- мемлекетпен санкциялау және бірнеше рет қолдану нәтижесінде римде қалыптасқан мінез-құлық ережелерінің жазылмаған жиынтығы.
Римнің дамуы, құқықтық өмірдің дамуы кезінде әдет-ғұрып цивильдік және квириттік құқықтың ескірген нормаларын жою қызметін атқарды және desuetudo деп аталды. Бұрынғы әдет-ғұрыппен қатар сот және сот тәжірибесі пайда болды. Бастапқы кезде әдет-ғұрып ата-бабалардың тәжірибесі және әдеттегі тәжірибеден тұрды [3.38 б.].
1.3 Құқықтың даму сатылары мен негізгі бағыттары
Рим құқығы туралы айта отырып, «Ежелгі Рим» құқығы түсінігі мың жылдан артық уақыт бұрын өмір сүретінін айта кету қажет. Бұл уақыт ішінде тұрмыс, дүниетанымын, қоғамдық саяси құрылыс өзгеріп отырды. Әрине, құқық салысында да, мәдениет элементтерніде де өзгерістер болды. Мысалы, ерте Республика құқығы мен Империя дәуірінің құқығы әр түрлі түсініктер [9. 78 б.].
Осыған сәйкес рим құқығына ортақ категория ретінде анқтама беру мүмкін емес.
Рим мемлекеті тарихының кезеңделуін қарастыратын болсақ, әдебиетте айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Жиі рим тарихы келесі кезеңдерге бөлінеді:
2. Рим құқығының әлемдік маңызы мен функциялары
2.1 Рецепция ұғымы мен мазмұны
Римнің жеке құқығы басқа әсіресе Еуропалық құқықтарға негіз болғандықтан, рецепция түсінігін қарастыру қажет болыр отыр.
«Рецепция» термині бірнеше мағыналарға ие. Өнерде, мәдениетте, қоғамдық ғылымдарда басқа елдерде немесе басқа дәуірде қалыптасқан форманы үлгі етіп алу дегенді білдіреді.
Құқыққа байланысты рецепция түсінігіне әр түрлі анықтамалар бар. Жалпылама түрде рецепция бір мемлекеттің басқа дамыған мемлекеттің құқық үлгісін қабылдау деген мағынаны білдіреді. Бұндай анықтама анықтамалық басылымдар үшін тән. Мысал, кез келген шет тілдері сөздігінен табуға болады. Бірақ ұқсас анықтамаларды арнайы құқықтық басылымдарда кездестіруге болады.
Бұндай анықтамалар 40 жыл бұрыңғы әдебиеттерде ғана емес, қазіргі романистік әдебиетерден де кездестіруге болады. Мысалы, Рим құқығының рецепциясын бүкіл континенталды Еуропа мен Шотландияға тән құбылыс деп анықтайды. Фактілі түрде бүкіл континенталды Еуропа елдері құқықтық жүйелерін Рим құқығының нормаларына негізделеді.
Рим құқығының рецепциясын құқықтық феномен ретінде сипаттап көрейік. Ескеріп кететін жағдай – романтистикада бұл түсініктің әр түрлі аспектілеріне назар аударылды. Әсіресе рецепция түсінігі Рим құқығына байланысты феодалдық және буржуазиялық Еуропада теңдеу, өңдеу, меңгеру, әрекетті қайта жаңарту сияқты мағынаны береді. [16, 110 б.].
2.2 Рим құқығы рецепциясының типтері
Жаңа зерттелу мәліметтері бойынша рим құқығының рецепциясы әуелі Шығыс Еуропалық аймақтық өркениетті қамтыды деуге негіз пайда болады.
Бірақ Еуропаның шығысы мен батысында рецепция процессі бірдей өтті деуге болмайды. Оның өзгешелігі географиялық, ұлттық, тарихи және саяси жағдайлармен ерешкленеді. Бұл ерекшеліктер Еуропаның жеке құқықытық жүйелерін бөліп қарастыру үшін негіз бола алады.
Ең алдымен рецепцияның үш «таза» типін бөліп көрсетуге болады:
2.3 Рим құқығын жүзеге асыру заңдар мен құқықтың маңызы
Рим құқығы Италияның ортасындағы Лациумде б. з. д. VIII ғасырда пайда болып, 13 ғасырда негізгі құқық болып император Юстинианның дәуіріне дейін (527-565 ж. ж.) сақталды. Бұның барысында адамзат баласы мал шаруашылығынан егіншілік сатысына өткен кезде, формальдық құқық тауар өндірісіне негізделген қоғамның жоғары дамыған құқық жүйесіне айналып, келесі дәуірлердің құқықтық мәдениеті мен заң тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді. Бұл құқықтық жүйе қазіргі кездегі жоғарғы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылады. Бұл құбылысты немен түсіндіруге болады?
Римнің жеке құқығы Рим империясынан артық уақыт сақталмаса да, зерттелер еді. Рим құқығының қайталамас сипаты басқа қауымдастықтардың құқықтық жүйелерінен ерекшелейді. Бұнда адамзат мәдениетінің тарихындағы нақты сатысы көрінеді, және ондағы бай, тарихи аяқталған құқықтық мәлімет құқықтың дамуының заңдылықтарын көрсетеді.
3. Рим құқығының қосымша аспектілері
3.1 Рим құқығындағы талап пен тұлға түсінігі мен мәні
Рим құқығы бойынша субъектілер ретінде тұлғалар, рим азаматтары, латында, перегриндер, құлдар, заңды тұлғалар болды деп есептелді.
Тұлға терминімен құқықтық субъектісі анықталады.. Тұлға болып рим қоғамында жекелеген адамдар мен заңды тұлғалар саналған. Жеке тұлғалар-азаматтар, ал жеке тұлғалардың қауымдастығы және жеке тұлғаларға тәуелді емес мекемелер-заңды тұлғлар. Тұлға бұл құқықтарға ие адам. Құқықтарға ие болу қабілеттілігі құқық қабілеттілік деп сол кезден-ақ аталған. Құқық қабілеттілік адам туғаннан пайда болады да, өлген кезде тоқтатылады. Бірақ бұл ережеден ауытқитын жағдайлар да болған. Мысалы, егер анасының жатырында жатқан бала мұрагерлік м\субъектісі болған жағдайда немесе бланың пайдасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда.
Ерте Римде толық құқыққабілеттілік үш элементтен тұрған:
3.2 Рим құқығындағы отбасылық қатынастар
Некенің құқықтық мәні
Отбасы әлеуметтік ұйым (қауым) элементі ретінде, құқықтық реттеу жағынан 2 жағдайда көрінісін табады: еркек пен әйелдің одағы және отбасында балалардың болуы.
Отбасы некеден құрылады. Мұны Ежелгі Римде өмір сүрген заңгер Модестинде келтірген болатын, ол Рим некесін рухани
және адамзат құқы өмір бойына қосқан еркек пен әйелдін одағы дейді.
Рим құқығындағы неке институтының құқықтық жағдайларын төмендегідей көрсетуге болады: 1) Неке өзара ерікті түрде жасалу керек; 2) Дене бітімінің келуі; 3) екеуінің келісімі; 4) отбасын құру мақсаты; 5) ерлі-зайыптылардың өмір бойы бірге тұруы.
Жұбайлардың құқықтық сапасына қарай некелері:
3.3 Рим жеке құқығындағы міндеттеме, шарт және меншік құқығы туралы ілім
Міндеттеме түсінігі. Міндеттеме-бұл несие берушінің борышқордан өзінің пайдасына нақты әрекетті, мінез құлықты талап ететін формальды мүмкіндігінен тұратын субъективтік юридикальгқ жағдай. Міндеттеме түсінігі Юстинианның Институцияларында көрсетілген. Бұл Институцияға сәйкес біздің мемлекетіміздің құқығына сай қандай да болмасын бір нәрсені орындауға байланысты құкықтық. Ал, Павел міңдеттемеге мынадай анықтама береді - міндеттеменің мәні қандай да болмасын затты біздікі ету емес, немесе сервитутты біздікі ету емес, бірақ басқа тұлғаны біздің алдымызда ол қандай да болмасын затты беру, жасау немесе ұсынуға байланысты байлап қою. Міндеттеме уәкілетті тұлғаның міңдетті тұлғаның мүлікгік сипаттағы нақгы әрекеттерді жасауын талап ету құқығын білдіреді.
Қорытынды
Рим құқығы Италияның ортасындағы Лациумде б. з. д. VIII ғасырда пайда болып, 13 ғасырда негізгі құқық болып император Юстинианың дәуіріне дейін (527-565 ж. ж.) сақталғаны туралы жоғарыда сөз қозғалды. Бұның барысында адамзат баласы мал шаруашылығынан егіншілік сатысына өткен кезде, формальдық құқық тауар өндірісіне негізделген қоғамның жоғары дамыған құқық жүйесіне айналып, келесі дәуірлердің құқықтық мәдениеті мен заң тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді. Бұл құқықтық жүйе қазіргі кездегі жоғарғы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылады.
Рецепция түсінігн қарастырғанда оның келесі типтерін қарастырғанбыз: Византиялық,батыс еуропалық континенталды, англосаксондық
Бұларды тереңірек қарастыратын болсақ, англосаксондық типтің маңызын басым қарастыру қажет шығар.