Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 60 стр.
Год: 2013
Жас-жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарын зерттеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 Жас-жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу 10
1.1 Психологиядағы жас-жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың зерттеудің негізгі бағыттары 10
1.2 Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері 22
1.3 Отбасындағы кездесетін келіспеушіліктер 24
1.4 Жас- жұбайлардың неке-отбасылық қатынастарың коррекциялау 29
2 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу және интерпретация жасау 43
2.1 Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама 43
2.2 Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы 56
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
КІРІСПЕ
Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі.Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу.
1 Жас-жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу
1.1 Психологиядағы жас-жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың зерттеудің негізгі бағыттары
Отбасындағы жұбайлар арасындағы орын алып отырған мұндай жағдайлар қоғамдағы белгілі бір экономикалық және әлеуметтік себептерге де байланысты болып есептелінеді. Дегенмен, ең бастысы, бұл қызметтің әрбір тарихи кезеңдерде отбасының басқа әлеуметтік қызметтерінің маңыздылық иерархиясында әртүрлі орын алуында болып табылады. Егер де отбасындағы жыныстық қарым-қатынастың эволюциясын байқайтын болсақ, бұл қызмет аясында маңызды тарихи кезеңдермен салыстырғанда дәл осы уақытта отбасындағы өмірде барынша маңыздылықтың жоғары қасиетіне жетті. Адамзат баласының жыныстық сезімінің жануарлар әлемінен айырмашылықтарының бірі жай биологиялық және биопсихологиялық сезім еместігінде болып табылады. Сондықтан отбасылық және некелік өмір бақыты ақылдылық, көңілділік және жыныстық бейімделуге тікелей байланысты болып саналады.
1.2 Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері
Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы.
Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады [26].
1.3 Отбасындағы кездесетін келіспеушіліктер
Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер — оның қалыпты жағдайына ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Дауылдатып, шулатып, тына қалатын көктемгі нөсердей жеңілі де бар. Ренжісуден соң ұйқы жайсыз болады, көңіл жабырқайды. Ұрыс үстінде ерлі-зайыптылар бір-бірінен бұрын көрсетпеген мінездерін танытады. Екеуара қарым-қатынастың дамуына біржағынан алғанда мұндай қайшылықтың пайдасы да бар сияқты. Себебі, ерлі-зайыптылар бір-біріне өкпе-назын, ренішін жеткізеді. Ал соңынан майдалап кешірім сұрап, еппен шағын «шайқасты» әзілге айналдырады ашуланған жарын еркелетіп, татулыққа жетелейді. Осындай, ұсақ-түйек үшін ұрыс-таласты асқындырып алмаудың жайын ойлаған дұрыс.
1.4 Жас- жұбайлардың неке-отбасылық қатынастарың коррекциялау
Отбасылық қарым-қатынастарды түзету. Отбасы психокоррекциялық әсердің объектісі. Отбасы эволюциясының процессін зерттегенде және өткізілетін профилактикалық жұмыстарына қызығушылық көптеген авторлар бойынша қазіргі заманда кездесетін мәселелерге тіреледі дейді.
Олар: айырылысу деңгейінің жоғарылауы, олардың ішінде асырауға алынған балалары бар және жалғыз отбасылық адамдар көп кездеседі.
Қазіргі кезде психологтардың, қоғамның, педагогикалық ұжымдардың күші отбасының ажырасуына жол бермеу, отбасы арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты түзетуге бағытталған.
2 Жас жұбайлардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қиыншылықтарың зерттеу және интерпретация жасау
2.1 Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама
Бүгінгі таңда отбасыішілік дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен баланың, анасы мен қызының тіл табыса алмау мәселелері, нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету жағдайлардың мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның зардаптары, жалпы қоғамымызда айқын көрінуде. Оған себеп, отбасылық жылулыққа, татулыққа деген саналы көзқарастың жетіспеушілігі мен мәдениеттің төмендігі. Мұның өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасыішілік жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттілігін туындатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Отбасы - жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның өмірінде арасан зор орын алады. Оның маңызды сипаттамалары болып оның қызметтері, құрылымы және динамикасы табылады. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қоғамның үлгісі ретіндегі отбасының өмірлік іс-әрекетін құрайды. Отбасының тұтас жүйе ретінде дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді. Қазіргі ғылымда отбасының өмірлік циклдерін жіктеуде бірнеше жүйе бар. Дегенмен кез келген отбасы ол циклдер жүйесінің ешқайсысына нақты сай келмейді. Бұл оның қоғамдық институт ретіндегі ерекшелігін көрсетеді.