Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Тіл біліміне Ахмет Байтұрсыновтың қосқан үлесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақ тілі және Ахмет Байтұрсынов 7
1.1 Ахмет Байтұрсынов қазақ әліппесін жасаушы 7
1.2 «Тіл құрал» - ерекше еңбек 15
2 А. Байтұрсынов - қазақ тіл теориясының негізін қалаушы 22
2.1 Әліп-би оқытудағы әдіс - тәсілдер 22
2.2 А.Байтұрсыновтың тіл дамытудағы жұмыс тәжірибесі 32
2.3 Байтұрсынов – рефарматор ғалым 34
3 Ана тілін оқыту мәселесі туралы 47
3.1 А.Байтұрсыновтың әдістемелік құралдары 47
3.2 Ахмет Байтұрсыновтың қазақ фольклоры теориясы туралы еңбектері 54
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Ресей өкіметі жаңа реформалар жасап, қоныстану саясатын іске асырды. Қазақ елін билеу жүйесіне өзгеріс енгізілді, ұлттық сана мен салттың жолы кесіліп, отаршылдық орыстандыру саясаты белең алды. Осындай қыспаққа түскен кезеңде халықтың тілін, дінін сақтау үшін қазақ топырағында әртүрлі ағым, құбылыстар қалыптасты.
Сондай әлеуметтік астары бар құбылыстардың бірі – ағартушылық идеясы, оның халықтық сипат алуы болды. Сол идеяны жүзеге асырудағы іс-әрекеттердің, жүзеге асырушылардың рөлі мен орнын айтпауға болмайды. ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ескі мен жаңаның қарбалас кезеңінде білімі мен күш-қайратын бала оқытуға жұмсаған ғалымдардың арасындағы ерекше тұлға Ахмет Байтұрсынов еді.

1 Қазақ тілі және Ахмет Байтұрсынов
1.1 Ахмет Байтұрсынов қазақ әліппесін жасаушы
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Торғай облысы Торғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартүбек деген жерде туған. 1891 жылы Ахаң Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде дәріс алады. Кейін Орынборға барып, мұғалімдер мектебінде оқыды, оны 1895 жылы бітіреді. Осы оқуымен-ақ қоғамдық қызмет пен ғылымда ұшаң-теңіз білім жиған, өзінің талмас ізденіс, еңбегімен халқының жүрегінен орын алды.

1.2 «Тіл құрал» - ерекше еңбек
Ахмет Байтұрсынұлына өзі көшбасшы болған қазақ тіл білімінде ғана емес, күллі түркологиялық әлемде атақ-абырой әперген «Тіл – құрал» атты кітабы болды.
«Тіл – құралы» оқулығы «Сөз басы», «Тіл мүшелері», «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлем мен сөз», «Сөз бен буындар», «Буын мен дыбыс», «Қазақ тіліндегі дыбыстар және олардың таңбалануы», «Сөз жазуының жалпы ережелері», «Жұрнақтар» /19 түрі көрсетілді/, «Атауыш сөздер» /зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік/, «Шылау сөздер», «Үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз, қорыту, тасымал» бөлімдерінен тұрады. Әрбір ұғымға анықтама берген, мысалдар келтірілген, «Сынау» деген айдармен түрлі жаттығу тапсырмалар ұсынылады. Берілетін анықтамалар өте ұғыныңқы, мәселен, зат есімге арналған тұжырымға назар аударайық:

2 А. Байтұрсынов - қазақ тіл теориясының негізін қалаушы
2.1 Әліп-би оқытудағы әдіс - тәсілдер
Әліп-би үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр әдісқой өзінше өзгертіп қолданған түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып түгесе алмас едік. Бүтін Еуропа әдісқойларының тұтынған әдістерін түгендемек түгіл, жалғыз орыстың ғана әдісқойларын алып сөз қылар болсақ, оның өзі әлденеше сан журнал бетін аларлық сөз болар еді, сөз созылып ұзаруынан қашып, орыс әдісқойларының бірін де өткен сандарда сөз қылмай өтіп кеттік.
Бұған дейін сөз болған әліп үйрету жүзіндегі әдістердің негізгі түрлерін алып, солардың қайсысы жақсы деп сауал қояр болсақ, оған ешкім мынасы жақсы, мынасы жаман деп кесіп айтып, тура жауап бере алмайды.

2.2 А.Байтұрсыновтың тіл дамытудағы жұмыс тәжірибесі
Тіл – құрал. Құрал болғанда толып жатқан есепсіз бөлшектері бар, ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын толып жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина секілді құрал.
Қандай құрал болса да, оны жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір – біріне үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап жүріп, онымен көп істес болып барып, тәжірибе арқылы таниды.

2.3 Байтұрсынов – рефарматор ғалым
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) — мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, түрколог, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, «Алаш» партиясы көсемдерінің бірі, «Қазақ» газетінің (1913-1917) ұйымдастырушысы әрі редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны..
Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов - Алаш қоғамы жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің дербес мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи түлға. 1919 жылы Алаш басшылығының келісімімен Ахмет Байтұрсынов Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайындалды, яғни, Кеңес өкіметі кезіңінде де жоғары лауазымды ресми қызметтер атқарды: Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби Комиссияның төрағасы, халық оқу-ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан халық комиссариаты Академиялық орталығының жетекшісі, Алматы, Ташкент жоғары оқу орындарының профессоры болды.

3 Ана тілін оқыту мәселесі туралы
3.1 А.Байтұрсыновтың әдістемелік құралдары
Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ол бұл салада 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын /әріптерді/ түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методикалық құрал тұңғыш әліппемен /«Оқу құралымен»/ қатар дүниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін факт – 1920 жылы Қазанда шыққан «Баяншының» басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады. Демек «Баяншы» ол 1910-1912 жылдары ұсынған. Өйткені оның бала оқытқан кезі - 1895-1909 жылдар болатын. Бұл – көлемі жағынан өте шағын /не бары 15 беттік кітапша/, бірақ нағыз методикалық құрал. Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын Ахмет Байтұрсынов «Әліп-би астары» атты еңбегінде көрсетеді [18, 32].

3.2 Ахмет Байтұрсыновтың қазақ фольклоры теориясы туралы еңбектері

А. Байтұрсынұлының фольклор теориясын сөз еткен еңбегі «Әдебиет танытқыштың» «Ауыз әдебиеті» бөлімінде карастырылған. Бұл еңбек 1926 жылы Ташкент-Қызылордада басылып шыққан. Ол фольклордың белгілі түйінді мәселелерін арнайы зерттеген еңбек емес, оқу-ағарту ісінің зәру мәселесі - оқулық жазу мақсатынан туындаған зерттеу болып табылады.
Ғылыми құндылығы терең «Әдебиет танытқыш» кітабы Ташкент, Орынбор, Қызылорда секілді Қазақстанның астанасы болған қалаларда ашыла бастаған жоғары оқу орындарына оқулық ретінде жазылған.

ҚОРЫТЫНДЫ
Аса көрнекті ағартушы, өткендегі саяси және мәдени тарихымыздың ірі тұлғасы, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымның негізін салған ғұлама ғалым, дарынды ақын, шебер аудармашы Ахмет Байтұрсынов – артына өшпес із, қадірі кемімес мұра қалдырған адам. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ бас кезіндегі қазақ өмірінің қай саласында да Ахаңның атымен байланыспаған бірде-бір мәселе жоқ дерлік.