Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

ҚР валюта нарығының даму бағыттары


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Қазақстан Республикасының валюталық реттеудің мәні 8
1.1 Валюта нарығын құру, валюталық реттеу және валюталық бақылау 8
1.2 Валюталық операция туралы хабарлама куәлік берумемлекеттік қызметтер көрсету стандарты 12
1.3 Валюталық нарық бір қалыпсыз кеңестік тәрізді 20
2 Қазақстан Республикасындағы валютасының дау үрдістері 27
2.1 Девальвация, Қазақстандағы девальвацияның өтуі және қайта болуының мүмкіндігі 27
2.2 Валюта бағамының өзара байланысын, оның экспорттан түсуі мен экономикалық корсеткіштерін бағалау 36
2.3 Заңды тұлғалардың ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібі туралы 43
3 Валюта нарығының айбкарсының тенденциясы және даму перспективасы 53
3.1 Қостанай облысының валюталық нарығын талдау 53
3.2 Ұлттық валюта бағамын ынталандыру негізінде ғылымды қажет ететін өндірістерді инвестициялау 56
Қорытынды 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе
Валюталық нарықтар қаржы ресурстарының қозғалысы мен орналасуында маңызды рөл атқарады. Бұлар әлемдік көлемде валюталардың құны мен тауарлардың бағасын анықтауды қамтамасыз етеді, нарық қатысушыларына валюталардың пайыздық ставкалары мен бағамының болашақтағы өзгерісін бағалауға, сырт көздерді тарту есебінен елдердің төлем баланстарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Шетел валютасы түрінде көрінетін қандай да болмасын қаржылық талаптар валюталық нарықтың негізгі тауары болып табылады. Валюталық нарықта сату-сатып алу мәмілелері жасалынады, американ долларлары және басқа валюталар түрінде көрінетін талап етілгенге дейінгі валюталық депозиттер мен, құнды қағаздар және шарттармен жасалынатын операциялар жүргізіледі.

1 Қазақстан Республикасының валюталық реттеудің мәні
1.1 Валюта нарығын құру, валюталық реттеу және валюталық бақылау
Тәуелсіз Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру 1991 жылы нарықтық қатынастардың қалыптасуының серпінді даму үдерістерімен қатар басталды. 1991 жылғы 11 маусымда «Қазақ КСР валюталық реттеу туралы» Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды. Заңмен алғаш рет Қазақ КСР-нің Мемлекеттік банкі лицензиялауға жататын ағымдағы валюталық операциялардың және капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялардың тізбесі айқындалды. Заңның енгізілуіне байланысты меншік нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына ие болды, осы кезде валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті банктер арқылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеулер алынды. Валюталық нарықтың дамуын ынталандыру үшін азаматтарға валютаның шыққан көзі туралы мәліметтерді көрсетпей, ағымдағы валюталық шоттарды ашуға рұқсат етілді, сондай-ақ заңсыз валюталық операциялар үшін қылмыстық қудалау жойылды.

1.2 Валюталық операция туралы хабарлама куәлік берумемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) валюталық операциялар туралы хабарлау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны:

1.3 Валюталық нарық бір қалыпсыз кеңестік тәрізді
Монет бағасы – мемлекет тынысы мен оның мықтылығын білудің әжептәуір дәл тәсілі деп санады философ – ағартушы Вольтер (1694 – 1778).Алайд, ақша бағасын мұндай мойындауға қарамастан, валюта бағамын анықтау проблемасын әзірлеу және бұған орай теория құру батыс экономика ғылымнда тек ХХ ғ-дың 70 жылдары басталды.мұндай кешігудің себебі Ресей болуы мүмкін... Алтын рубль американ долларынан толымы жаңынан атрра қалып қана қлймай, батыс кеңестігінде еркіндік алып, олармен теңесе алмай қойды.Іс жүзінде негізгі әлемдік ақшалар сәйкестігі олардың арасындағы қарым – қатынасты қажет етпеді.оның үстіне бұл уақытқа дейін экономикалық жүйелер іс жүзінде жабық болды.Ел ішіндегі есеп айырысулар ұлттық меншік валюталарымен жүргізілді.

2 Қазақстан Республикасындағы валютасының дау үрдістері
2.1 Девальвация, Қазақстандағы девальвацияның өтуі және қайта болуының мүмкіндігі
Еркін нарық, ол тудырған әлемдік ауқымдағы дағдарыс күн өткен сайын
күрделі сипат алуда. Өткен аптада Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты бүгінгі бағамын қолдаудан саналы түрде бас тартып, оның
қазіргі объективті жағдайға сәйкес келетін айырбастау "дәлізін" бекітті.
Девальвация – қазақша тәржімасында ағылшынның "dе" – төмендеу, "Valve" – құндылық деген сөздерінің мағынасын білдіреді. Сонымен қазір теңгенің долларға қатысты құнсыздануы 23-25 пайызды құрады. Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы бағамын 117-120 теңге деңгейінде ұстау үшін өз резернімен қыруар ақша шығындауға мәжбүр болып, еліміздің алтын-валюта қорынан соңғы 4 ай көлемінде 6 млрд. доллар қаржы жұмсады. Дағдарыстың алдағы уақытта қандай бағытта өрбитіні беймәлім тұста мемлекеттің басты қазынасы – алтын-валюта қорын ысырап етіп, теңгенің құнсыздануын жасанды түрде тежеу рынок экономикасының болмысына қайшы келетін әрекет еді. Себебі, 2008 жылдың басынан бастап әлемдегі барлық елдерде ұлттық валюталардың долларға шаққандағы құны едәуір төмендей бастады. Мысалы, АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталардың девальвациясы 2008 жылдың басы мен 2009 жылдың қаңтар айы аралығында Ресейде – 44, Белорусьте – 28, Украинада – 53, Ұлыбританияда – 38, Еуроаймақта – 13, Норвегияда – 28, Бразилияда – 31, Австралияда – 27, Канадада 26 пайыз құрады.

2.2 Валюта бағамының өзара байланысын, оның экспорттан түсуі мен экономикалық корсеткіштерін бағалау
Елдің бәсекеге қабілеттілігі валюта бағамы саясатына байла-нысты. ¥лттық валюта құнсызданған кезде, онда елдің экспорттық тауарлары шетелдіктер үшін арзан, ал импорттык тауарлар оның резиденті үшін қымбаттау болады. ¥лттық валюта қымбаттаған кезде, керісінше, импорттық тауарлар арзан болады, ал олар жет-кізіліп беретін елдің валютасымен бағаланған экспорттық тауар-лар қымбаттайды.
Қазақстанның нақты теңге бағамы Ресейдегі жағдайға тым тәуекелді екені белгілі, өйткені оның сыртқы сауда балансында Ресейдің үлесі 46%-ды (1-сурет) құрайды.

2.3 Заңды тұлғалардың ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы
№ 705 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасына сәйкес Ұлттық Банк Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі - Ереже) жаңа редакциясына заңды тұлғалардың ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібіне өзгерістер енгізілді.

3 Валюта нарығының айбкарсының тенденциясы және даму перспективасы
3.1 Қостанай облысының валюталық нарығын талдау

Ұлттық банкінің филиалдары атқаратын қызметтерінің бірі- облыс бойынша банктердің және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың айырбастау пунктері сатып алтын және сататын шетел валютаның көлемдері туралы мәліметтерді жинақтап, олардың жиынтығын жинақтау болып табылады.
2010 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша Ұлттық Банкі Қостанай бойынша филиалыда 161 айырбастау пункті тіркелген , олардың ішінде: 102 банктердің айырбастау пунктері және 59 банктік операцияларды және түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың айырбас пунктері.

3.2 Ұлттық валюта бағамын ынталандыру негізінде ғылымды қажет ететін өндірістерді инвестициялау
Нақты валюта бағамына байланысты теориялық тұрғыда инвестицияның үш сценарийі болуы мүмкін:

Қорытынды
Ұлттық валютаның айырбас бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірлігіне көрініс беретін баға қатынасын анықтайды. Ұлттық валюталардың көрсеткіштерінің негізгі сипаттамалары ұлттық шаруашылықтарда қалыптасады, олардың сандық қатынас өлшемі әлемдік валюта нарығында валюталық айырбас операцияларын жүзеге асыру кезінде жүзеге асады. Ұлттық валютаның айырбас курсының аз уақыт ішіндегі өлшеміне біртұтас құн заңы, сатып алу мүмкіншілік басымдығы, пайыздық свтавкалар басымдылық, Фишер халықаралық әсері және күтілетін валюта курсы маңызды әсер етеді.