Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Cөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Жалпы сөзжсам 6
1.1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы 6
1.2 Жалпы сөзжсам 7
1.3 Сөзжасам жүйесі 8
2 Cөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы 11
2.1 Сөзжасамның морфологиямен байланысы 11
2.2 Сөзжасамның синтаксиспен байланысы 13
2.3 Сөзжасамның лексикалогиямен байланысы 15
2.3 Сөзжасамның лексикалогиямен байланысы 15
2.4 Сөзжасамның морфонологиямен байланысы 17
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23

КІРІСПЕ
Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы да тілдің жалпы сөзжасам жүйесінің заңдылығына толық сай келеді. Негізгі сөз таптарының сөзжасам жүйесі бойынша алдымен әр сөз табының лексикалық қоры сөзжасамға негіз болады, содан кейін басқа сөз табының лексикалық единицалары сөзжасамға негіз болады. Осы принцип етістіктің синтетикалық тәсіліне қалай сақталса, етістіктің аналитикалық тәсілі арқылы жасалуында да солай сақталады. Етістік сөзжасамының аналитикалық тәсілі тілдің жалпы жүйесінің заңдылықтарына толық сәйкес екені даусыз. Сөзжасамның жүйелік сипаты етістіктің аналитикалық тәсілі бойынша жасалуынан да анық көрінеді.
Есте болатын жағдай етістік сөзжасамының аналитикалық тәсілі де, синтетикалық тәсілі де – көне тәсілдер. Тіліміздің жалпы сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдері болып саналатын бұл тәсілдердің етістікке де кең қолданылуы заңды деп санаймыз. Тілімізде сөз таптары түрліше болғанымен, олардың сөзжасам жүйесінде ортақ құбылыстар өте көп, өйткені әр сөз табының сөзжасамдық элементтерде ерекшелік болғанымен, олардың сөзжасам тәсілдері де түрліше болып қалыптасқан. Сондықтан да сөзжасамдық тәсілдердің түрлері сөз таптарынан әлдеқайда аз. Бұл тілдің сөзжасамдық құбылысының жүйелілігімен байланысты.

1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Жалпы сөзжсам
1.1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы
Міне осы алдымыздағы жұмыстың мазмұны болып етістіктің сөзжасамы болып табылады. Кіріспеден ең әуелі жалпы етістік пен сөзжасамның не екенің көрсетіп, оларға нақты анықтама бермекшімін. Негізгі бөлімнен осы саланың синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалу жолдарын көре аламыз. Қорытындысына келер болсақ, осы жерде жұмысты қорытындылай келе қандай, нендей мәселелер одан әрі қарастырылу керек екені қамтылғанын көреміз.
Етістік – деп, заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табын атайды. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш болады. Не істеді? Не қылды? Не істелінді? Қайтты? Деген сұрақтарға жауап береді [2]. Мысалы: Олар Тоқаш Бокинді айуандықпен азаптап өлтірді.

1.2 Жалпы сөзжсам
1. Ол баста сабақты етістіктердің объектісі болған (болатын да) ас (ас жеу), ат (атын айту), жиын (жиын жаю) туынды түбір зат есімдер – а, - е аффиксті ас-а, жин-а, жұмс-а туынды түбірлер туынды түбір сабақты етістіктерге айналады.
2. Туынды түбір сабақты етістіктің ендігі бір тобына: өрт-е, сын-а, мін-е, түз-е, тең-е, қин-а, жасқ-а туынды түбірлер жатады.
Осындағы етістіктер немесе өзге сөздер болсын өз тура мағыналармен бірге ауыспалы, жанамалай мағыналарында қолданылады. Мәселен, мінеу етістігі бір нәрсенің мінін табу, мінін айтумен бірге, сол мінін түзеу, мінсіз ету деген де мағынаны беріп жұмсалады. Мысалы: Тігейін деп көйлек пішіп едім, қарап, анау-мынау кемістігі болса, мінеп берші.

1.3 Сөзжасам жүйесі
Міне осы жазылған жұмыстың мазмұны болып етістіктің сөзжасамы болып табылады. Кіріспеден ең әуелі жалпы етістік пен сөзжасамның не екенің көрсеттім, оларға нақты анықтама бердім. Негізгі бөлімнен осы саланың синтетикалық және аналитикалық тәсілддер арқылы жасалу жолдарын көре аламыз. Қорытындысына келер болсақ, осы жерде жұмысты қорытындылай келе қандай, нендей мәселелер одан әрі қарастырылу керек екені қамтылған. Осы жұмыста етістік, сөзжасам, оның синтетикалық және аналитикалық тәсілддер арқылы жасалу жолдарын түгелдей зерттедім.
Қорытындылай келе мынандай нақты – нақты тұжырымдар мен анықтамаларды жасауға болады.

2 Cөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы
2.1 Сөзжасамның морфологиямен байланысы
Етістік синтетикалық тәсілмен ғана жасалып қоймайды, сонымен бірге аналитикалық тәсіл де етістіктің жасалуыеда кең қолданылады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер саны туынды түбір етістіктерден көп болмаса аз емес. Сондықтан аналитикалық тәсіл етістік сөзжасамының негізгі тәсілдерінің бірі және ол тәсіл – тілімізде көне кезеңдерден бері қарай үздіксіз қолданылып келе жатқан өте өнімді тәсіл.
Етістік сөзжасамының аналитикалық тәсілі деп сөздерді бір-біріне тіркестіру арқылы күрделі қимыл ұғымын немесе сөзге қимыл мағынасын беруді айтамыз [8] .

2.2 Сөзжасамның синтаксиспен байланысы
Етістік сөзжасамының аналитикалық тәсіліне қатысты сөзжасамдық элементтердің іштей өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер аналитикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бірінші компонентке де, екінші компонентке де қатысты. Аналитикалық тәсіл арқылы екі етістіктің тіркесінен де, есім мен етістіктің тіркесінен де күрделі етістік жасалады. Күрделі етістік екі етістіктің тіркесінен жасалғанда, оның бірінші, екінші компоненттері етістік болатыны белгілі. Ал күрделі етістік есім мен етістіктің тіркесінен жасалғанда, оның бірінші компаненті есім сөзден, екінші компоненті етістіктен болады. Бұдан аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктердің іштей ерекшеліктері, айырмасы бары анық көрінеді. Ол аналитикалық тәсіл арқылы етістік жасайтын компаненттерге байланысты. Ол алдымен бірінші компанентке қатысты, өйткені бірінші компанент бірде етістіктен, бірде есім сөзден болады. Екіншіден, соңғы компаненттер де бірдей емес. Соңғы компанент бәріне де етістіктен болғанымен, олардың мағыналары тең емес. Аналитикалық тәсіл арқылы етістік жасауға екінші компанент болып қатысатын етістіктердің толық мағыналы етістік болуы да, көмекші етістік болуы да мүмкін. Осы ерекшеліктермен байланысты аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктерді екі үлкен топқа бөлуге болады. Күрделі етістіктер және құранды етістіктер. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталу қажет.

2.3 Сөзжасамның лексикалогиямен байланысы
Күрделі етістік ең кемі екі компоненттен құралады. Күрделі етістіктің компоненттері көбіне тілдегі байырғы сөздік қорға жататын негізі түбір етістіктерден болады. Бұл жағдай күрделі етістіктердің жасалуы көне кезеңдерге жататынына айғақ сияқты. Басқаша айтқанда, күрделі етістіктердің көбінің негізгі түбір етістіктерден жасалуына қарап, олар тілде туынды түбір етістіктердің аз, негізгі түбір етістіктердің көп кезеңіне жасалған болар деген жорамал жасауға болады. Бұлай жорамал жасауға себеп күрделі етістіктің құрамына тілде сол кезде бар етістіктер ғана кірген. Ол кездегі етістіктердің көбі негізді етістіктер болғандықтан, күрделі етістіктердің құрамында қолданылмайтын негізгі түбір етістіктер жоқ. Келесі бір дәлел – күрделі етістіктердің компоненттері болатын етістіктердің жалпы санынан күрделі етістіктердің жалпы саны әлдеқайда көп. Бұған себеп – күрделі етістік жасауға қатысатын етістіктер бірімен-бірі түрліше тіркесе береді. Мысалы: алып кел, оқып кел, көріп кел, беріп кел, айтып кел, қайтып кел, сұрап кел, қарап кел, тыңдап кел, байқап кел, т.б. осы сияқты күрделі етістіктерде кел етістігі екінші тірек компоненті ретінде қатысып, күрделі етістік жасап тұр. Сол сияқты ол басқа тірек компоненттерімен тіркесіп тағы да қосымша күрделі етістік жасайды.

2.4 Сөзжасамның морфонологиямен байланысы
Жоғарыда ауыспалы компоненттегі қимыл тірек компоненттегі қимылмен қатар я бірге жасалатын қимыл болуы керектігі айтылады. Оны келтірілген мысалдардан көру оңай. Мысалы: тақап келді деген күрделі етістікті алайық. Мұндағы тақау қимылы сөйлеушіге қарап бағытталған қимылды білдігеді, сондықтан оның сол бағытты білдігетін кел етістігімен тіркесуі заңды. Ал кет етістігі сөйлеушіден әрі қарай бағытты білдіреді, солай болғандықтан тақа етістігі онымен тіркеспейді, өйткені олар түрлі бағыттағы қимылды білдіреді.
Күрделі етістік – сөзжасамның аналитикалық тәсілінің нәтижесі. Сондықтан күрделі етістік тілде біртұтас лексикалық мағына береді. Күрделі етістіктердің құрамындағы компоненттердің мағынасы кірігіп, біртұтас мағынаға ие болады. Ол – жалпы күрделі сөз атаулыға қатысты ортақ заңдылық, өйткені күрделі сөз жасалғанда, ол бұртұтас лексикалық мағына арқылы ғана күрделі сөз бола алады, ортақ лексикалық мағынасыз күрделі сөз болуы мүмкін емес, тек сөз тіркесі ғана болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Етістік сөзжасамының синтетикалық тәсілінде басқа сөз табынан етістік жасау ерекше орын алады, етістік сөзжасамының өте бай көзі. Бірақ аналитикалық тәсіл арқылы басқа сөз табының сөздерінен етістік жасау онша дамымаған, оған сөзжасамдық элементтерге тіліміз бай емес. Дегенмен аз да болса, тілімізде мұндай сөзжасамдық элементтер де бар. Оған ет, қыл, бол, сал т.б. элементтер жатады. Мысалы: Сіз кімнің алдында тұрғаныңызды білесіз бе? – деп ақ жағалы еркек бір қолымен үстелді сарт еткізіп ұрды (Қ.Мәшһүр-Жүсіпов). Келтірілген мысалдағы сарт еткізіп деген құранды етістіктің жасалу жолын алайық. Мұндағы сарт деген – есім сөз, еткізіп деген – көмекші етістік; ол өздігінен лексикалық мағына бермейді. Ет көмекші етістігі сарт деген еліктеуіш сөзге қимыл мағынасын қосып тұр. Лексикалық мағына жағынан оны сартылдат деген туынды етістікпен салыстыруға болады. Бұл екі етістік лексикалық мағына жағынан сәйкес екені күмән тудырмайды. Олардың айырмасы қимылдың жасалу тәсілдеріне ғана байланысты болады. Сарт еткізіп дегенде бір рет жасалған қимылды білдірсе, сартылдат деген оның қайталануын білдіреді. Мұнда сарт деген еліктеуіш сөзден аналитикалық етістіктің жасалуы қимылдың қысқа, бір дүркін жасалуын қоса білдірумен байланысты қажет болған. Еліктеуіш сөздерден әрі синтетикалық, әрі аналитикалық тәсілмен етістік жасаудың өзіндік қызметі, мағыналық ерекшелігі бар.