Әскери қылмыстардың түрлері
Мазмұны
Кіріспе 3
1 бөлім. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы 5
2 бөлім. Әскери қылмыстардың түрлері 10
2.1 Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар 10
2.2 Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар 20
2.3 Арнайы қызметтерді атқару тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар 27
2.4 Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар 35
2.5 Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар 42
2.6 Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар 50
Қорытынды 54
Қолданылған әдебиеттер 56
Кіріспе
Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы ІІ-1897 Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.
1 бөлім. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституцияның 36-бабының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау, ұлтына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік және лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси және өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты борышы және міндеті болып келеді [1].
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде атқарады (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі).
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.
2 бөлім. Әскери қылмыстардың түрлері
2.1 Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар
Қазақстан Республикасының «Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы» Заңының 5-бабына сай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының ең маңызды қағидасы болып орталықтандырылған басқару және бір бастылық келеді. Соңғысы командирді (бастықты) бағыныштыларына қарағанда өкімді биліктің толықтығына бөлеуден және олардың әскери қызметті атқаруының барлық жақтары үшін оған жеке жауапкершілікті жүктеуден құралады. Қарулы Күштердің Уставына сай бір бастылық қағидасы командирге (бастыққа) бағыны шындағыларға бұйрықтарды беру және соңғыларды осы бұйрықтарды сөзсіз орындауға міндеттеу құқығын береді [4].
Командир (бастық) – бұл бір немесе армия, флот, әскери құрылым, әскери бөлімше, әскери кеменің немесе олардың бөлімшелерінің оған тұрақты болмаса уақытша басқа әскери қызметшілері бағынатын әскери қызметші.
2.2 Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде басқа әскерлерінде және әскери құрылымдарында әскери қызметті өту тәртібі қатаң реттеледі. Әрбір әскери қызметші қызметті заңмен бекітілген мерзім ішінде атқаруы тиіс және бөлім, гарнизон және қызмет атқарудың өзге орнында үздіксіз болуы тиіс.
Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Жалпы әскери Жарғыларына, ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтарына негізделген. Ол қылмыстың тікелей объектісі болып келеді.
2.5 Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін реформалау кезінде бірталай маңызды роль әскери басқару органдарында да болып келеді. Оның қызмет етуінің үздіксіздігіне, оның жұмысшыларының адалдығы мен жауаптылығына байланысты республика қорғаныс қабілеттілігін нығайту бойынша ірі масштабтық міндеттері шешіледі. Осыған орай әскери басқару органдарының өз қызметкерлері арасындағы қылмысты көріністер көтеріңкі қауіпті болып келеді.
Не десек те, қылмыстық – біздің елдің Қарулы Күштерінің басқару қатарларына да еніп кетті. Бұл органдардың жұмысшылары өздерінің құқыққа қайшы әрекеттерменен соңғылардың қалыпты қызметін бұзады, олардың беделін, мәртебесін қоғам көзінде төмендетеді. Сондықтан әскери басқару өкілдерінің қылмыстық әрекеттеріне жол беруге болмайды және олар қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыруы тиіс.
Қорытынды
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынадай қысқаша тұжырымдарға келеміз.
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.