Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстандық қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, оларды топтастыру.
Қылмыстық іске қатысушы мемлекет органдары мен адамдар.
Сот - қылмыстық істер бойынша сот билігін жүзеге асыратын орган. Соттың процессуалдық мәртебесі, қарсылық білдіру негіздері, оны шешу тәртібі.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Прокурор. Тергеу бөлімінің бастығы. Тергеуші. Анықтау органы. Анықтаушы. Олардың қылмыстық іс жүргізудегі мәртебесі, оларға қарсылық білдіру негіздері, қарсылықты шешу тәртібі.
Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар:

Сезікті, айыпкер, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық жауапкер, азаматтық талапкер және олардың өкілдері қылмыстық процеске қатысушылардың екінші тобын құрайды.
Ендігі қарастыратын мәселе процеске қатысушылардың жүйесі.
Процеске субъектілердің және процеске қатысушылардың түсінігінің арақатынасы топ және түр ретінде белгіледі. Әрбір, процеске қатысушы оның субъектісі болады, бірақ әрбір процесс қатысушы бола алмайды.
Үшінші топ - тұлғалардың бірігуі, бұнда мемлекеттік органдарға көмектесуші ретінде процеске қатысады. Бұл куә, сарапшы маман, тілмаш, айғақ, сот мәжілісінің хатшысы.

Тұлғаны сезікті деп тану үшін заңда көрсетілген бірде-бір айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы немесе ұстау қолданылмаса, сезікті процеске нақты түрде қатыспайды.
Сезіктіні ұстау мерзімі былай шектеледі: ұстау жетпіс екі сағаттан аспауы керек, ал бұлтартпау шарасын таңдау - он тәуліктен. Осы уақыт ішінде тұлғаға айып тағуға немесе бұлтартпау шарасының күшін жоюға міндетті.

Егер де ұсталған тұлғаның сезікті екендігі нақтыланбаса, онда бұлтартпау шарасы алынып тасталып тұлға сезікті болып табылмайды. Көп жағдайларда қылмыстық істе сезікті айыпкерге айналады - қаулыны шығарудың нәтижесінде айыпкер болып, не процестің қатысушысынан алынып тасталады.[5]
Осы пікірлерді тұжырымдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады. Сезікті бұл ұсталған немесе айыптағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған қылмыстық процеске қатысушы тұлға.