Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Жоспар
1. Сайлау, сайлау жүйесі және сайлау құқығы түсінігі. 3
2. Сайлау құқығы қағидалары 5
3. Сайлау органдарының жүйесі 7
4. Сайлау алдындағы үгіт. Сайлауды қаржыландыру 8
5. Сайлау нәтижелерін анықтау 10
Әдебиеттер 11
1. Сайлау, сайлау жүйесі және сайлау құқығы түсінігі.
Сайлау референдуммен қатар халық билігін білдірудің формасы; халық егемендігінің бір көрінісі болып саналады, конституцияның 3-бабының 2-тармағы және 33-бабының 2-тармағына сәйкес сайлауға және сайлаушыға азаматтардың құқығы бекітіледі. Сайлау жолымен мемлекеттің өкілді органдары құрылады.
Сайлау науқаны (өзіне сайлау округтерінің, учаскелерінің құрылуын, сайлаушылар тізімдерін жасау мен тексеруді, сайлау комиссияларын құруды, кандидаттарды ұсынуды, сайлау алдындағы күресті, дауыс беру күшін енгізеді) заңмен белгіленген белгілі ережелер, қағидалар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі. Бүкіл осы ережелер мен қағидалардың жиынтығы сайлау жүйесін құрады.
2. Сайлау құқығы қағидалары
Сайлау құқығы түрінде құқықтық нормалардың жиынтығын ғана емес, сонымен бірге азаматтардың нақты сайлау құқығы, яғни азаматтардыңмемлекет пен қоғам істеріне саяси қатысуын да түсінуге болады.
Сайлау құқығының негізгі қағидалары:
4. Сайлау алдындағы үгіт. Сайлауды қаржыландыру
Сайлау алдындағы үгіт үміткерлерді тіркеген күннен басталып және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары қоғамдық бірлестіктер сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқықтарына ие.
Президент, Парламент, Мәслихат-депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауларымемлекеттен қаржыландыруға жатады.
5. Сайлау нәтижелерін анықтау
Дауыс беру сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың бюллетендермен жұмыс жасауы үшін кабиналар орнатылатын арнайы бөлмелерде өткізіледі.Аталмыш кабинада сайлаушыдан басқа ешкім болмауы тиіс, егер оның бюллетенді толтыруға өз мүмкіндігі болмаса, сайлаушының комиссия мүшесі мен бақылаушыдан басқа, кез келген тұлғаны кабинаға шақыру құқығы бар. Сайлаушы бюллетенді толтырып болғаннан кейін, комиссия мүшелері алдын ала көрсеткен жәшікке салады; жәшікті сайлаушылар мен бақылаушылардың қатысумен учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы сайлау басталардың алдында мөр соғып жабады.Оны өткізу кезінде заң бұзушылықтар жіберілген болса, сайлаузаңсыз депсаналады.