Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Сөз мәдениетінің тілді дамытудағы қызметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сөз мәдениеті – көпқырлы ғылыми пән 7
1.1 Қазақ сөз мәдениетінің қалыптасуы 7
1.2 Сөз материалдық мәдениеттің атаулары 13
1.3 Сөз этикасының нормалары 20
1.4 Мәдени-тілдік дәстүр және оның нормаларының қалыптасуына тілдік тұлғаның әсері 26
2 Әдеби тіл, оның нормасын сақтау – тіл мәдениетіндегі басты белгі 33
2.1 Тілдік нормаға тән сипаттар 33
2.2 Қазіргі қазақ әдеби тілі – халық тілінің мәдениленген, әлеуметтік мәнділігі аса жоғары бір формасы 43
2.3 Қаламгер тіліндегі сөз мәдениетінің көрсеткіші 46
2.4 Іскери қарым-қатынастағы сөз мәдениеті 53
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез-құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік-жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

1 Сөз мәдениеті – көпқырлы ғылыми пән

1.1 Қазақ сөз мәдениетінің қалыптасуы
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы [1], Қ.Жұбанов [2], І.Кеңесбаев [3], М.Балақаев [4], С.Аманжолов [5] т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды.
Сөз мәдениеті қазақ әдеби тілінің тарихымен тығыз байланысты. М.Балақаев [6], Р.Сыздықова [7], М.Томанов [8], Е.Жанпейісов [9] т.б. ғалымдардың еңбектерінде әдеби тілдің дәстүрлі нормаларының, ұлттық әдеби тілдің стильдік салалары мен тармақтарының, жанрларының зерттелуі; Б.Әбілқасымовтың [10] еңбектерінде қазіргі әдеби тіл нормаларының ескі қазақ жазба тілімен салыстырыла қарастырылуы; Р.Сыздық [7], Қ.Өмірәлиев [11], Е.Жұбановтың [12] әдеби тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, әсіресе ақын, жыраулар поэзиясының сөз үлгілерімен байланысты қарайтын зерттеулері сөз мәдениетінің нормативті-функционалдық аспектісін эмпирикалық, теориялық материалдармен байыта түсті.

1.2 Сөз материалдық мәдениеттің атаулары
Адамды, оның жан дүниесін тілінен тыс зерттеуге болмайды. Сондай-ақ тілді де адам арқылы, адамның жан дүниесі арқылы зерттемей болмайды. Адам өз сөзінің иесі, өз сөзінің қожасы болса, тілдің иесі де, қожасы да халық. Дәлірек айтқанда, тілдің субъектісі, біріншіден, тілдік тұлға (жеке адам, тілді тұтынушы), екіншіден, халық, ұлт (тілдік ұжым).
Бұдан бұрынғы дәстүрлі лингвистикалық зерттеулерде халық, ұлт, жеке тілдік тұлға, ескеріле бермейтін, яғни тілді өзінің субъектілерінсіз қарастыру үрдісі басым болды.
Тілді халық арқылы, халықты тілі арқылы, сондай-ақ адамды тілі (сөзі) арқылы, сөзі арқылы адамды тану идеясы әр дәуірдегі ұлы ойшылдарда да айтылған. «Адамына қарап сөзін алма, сөзіне қарап адамын ал» дейтін Абайдың философиялық ойы субъектінің сөзі арқылы оның әлеуметтік, білімдік, психологиялық тұлғасын тану жөніндегі идеямен байланысты екені айқын аңғарылып тұрады.

1.3 Сөз этикасының нормалары
Сөз этикасының нормалары – жұртшылыққа ортақ адамгершілік құндылықтар негізінде тілдесуші жақтардың мүдделерінің үйлесімді болуын қамтамасыз ететін тілдесу ереже-тәртіптерінің жиынтығы. Сөз этикасы жалпыадамзаттық моральға, ұлттық-мәдени дәстүрге негізделген. Мысалы, әкесі тұрып ұлы сөйлегеннен, шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір. Аузын баққан бай болар т.б.
Сөз этикасының нормалары риторикалық идеал ұғымының құрамына кіреді. Ал риторикалық идеал жөнінде жалпы түсінік ұлттық философия, ұлттық сөз саптау дәстүрі негізінде қалыптасады. Мысалы, өнер алды – қызыл тіл; сөзі мірдің оғындай; таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді; ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген; сөйлеуші желдей есілген, тыңдаушы бордай езілген т.б. тәрізді мақал-мәтел, нақыл сөздерден риторикалық идеалдың кейбір принциптерін айқын аңғаруға болады.
Сөз этикасына тікелей қатысты сипаттарға:

1.4 Мәдени-тілдік дәстүр және оның нормаларының қалыптасуына тілдік тұлғаның әсері
Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті саласындағы зерттеулердің бағыты, я болмаса аспектісі ретінде қалыптасып келе жатқан лингвоэкология негізінен тілдік орта мәселесін, оның өзгеру, даму динамикасын, тілдің дамуына, тілді қолдануға теріс әсер ететін себептерді зерттейді. Лингвоэкология сондай-ақ тілдің баюын, қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік тәжірибелерін жетілдіру жайттарын да қарастырады.
Тілдік орта лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы болып саналады. Ал тілдік орта дегеніміз – қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тәжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық факторлардың жиынтығы.

2 Әдеби тіл, оның нормасын сақтау – тіл мәдениетіндегі басты белгі

2.1 Тілдік нормаға тән сипаттар
Норманың негізгі сипаты – жұртшылықтың бәріне бірдейлігі, тұрақты және өзгермелі болуы. Егер норма тұрақты болмаса, тез өзгеріп отырса, бір ұрпақ екінші ұрпақты түсінбестей халге ұшырайды.
Норманың тұрақтылығы халықтың дүниетанымын, ұжымдық тәжірибесін, рухани мұрасын, мәдени дәстүрін сақтауға, келесі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Сол танымдық, руханилық дүниеліктердің, мәдени дәстүрді сақтап, келесі бір аса зор рухани құндылықтарды жасаудың, дамытудың қуатты әлеуеті болуы тілдік норманың тұрақтылығымен байланысты.

2.2 Қазіргі қазақ әдеби тілі – халық тілінің мәдениленген, әлеуметтік мәнділігі аса жоғары бір формасы
Қазақ тілі – ерте замандағы рулық, ру-тайпалық тіл, тайпалық одақ тілі, халықтық тіл деңгейіне көтерілген тіл. Ал қазіргі қазақ әдеби тілі – осы халық тілінің мәдениленген, әлеуметтік мәнділігі аса жоғары бір формасы. Оның негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фольклор мен ауыз әдебиеті, публицистикалық сөз, ісқағаз тілі мен ғылыми әдебиет (оқулық, энциклопедия, монография, ғылыми-көпшілік басылымдар), әсіресе аса биік профессионалдық деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері арқылы қалыптасты. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның санасында әдеби тілдік норма туралы таным-түсінік пайда болды. Ең алдымен бұл үлгілер халық тіліндегі барды талғау, саралау арқылы әдебиет, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығында кәдеге асып, «мәденилендірілді». Сондықтан әдеби тілдің көптеген құралы халық тілімен еншілес. Алайда халық тілі кеңістігінде кездескеннің бәрі ғалымдар талдап көрсеткендей, кейбір көркем сөз зергерлері байқағандай, әдеби тіл кеңістігіне ене бермейді. Халық тілі «кеңістігі» мен әдеби тіл «кеңістігін» ойша беттестірсек, әдеби тілден тысқары жатқан едәуір тілдік бірліктерді байқауға болады.

2.3 Қаламгер тіліндегі сөз мәдениетінің көрсеткіші
Әдетте көркем шығарма құрылымы әлдеқайда күрделі болады. Мұндайда мәтінге дейін де автордың санасында тілдік емес құрылымдар түзіледі. Коммуникацияның мәтінге дейінгі бөлігіне автордың ойлаған көркем идеясы, сол идеяны тілдік құралдармен объективтендірудің тәсілдері мен амалдары ойластырылады. Автор өзінің санасындағы тілдік бірліктерді таңдап, талғай бастайды. Сөйтіп, автордың «нені айтсам», «қалай айтсам», «кімге айтсам» деген мәтіндік құрылымға дейінгі ойша сөзі, яғни «коммуникацияның» бірінші кезеңі тілдік таңбалар арқылы объективтеніп, мәтінге, яғни екінші кезеңге – сөз актісінің бір бүтініне айналады, бірақ коммуникация аяқталмайды. Коммуникация мәтінді оқырман қабылдаған соң, автордың идеясын нені айтқанын, қалай айтқанын, кімге айтып отырғанын, не мақсатпен айтқанын игерген соң аяқталады.

2.4 Іскери қарым-қатынастағы сөз мәдениеті
Сөйтіп, барлық іс сөзден басталып, сөзбен аяқталады. Іскери қарым-қатынастың басы да сөзден басталады. Адамдар бір-бірімен сөйлеседі, ұғысып тіл табысады. Бір-біріне әсер етіп, бір нәтижеге қол жеткізеді. Адамдардың қызметі, жұмысы қалайда белгілі бір кәсіпорын, шаруашылық, мекеме, әртүрлі ұйым, ұжым, фирма, шығармашылық одақ т.б. қоғамдық орындармен байланысты, солардың бірі болмаса біріне қатысты. Мұндай орындарда іскери тілдік қатынастың мәні айрықша. Адамдардың бір-бірімен аса қажетті ақпарат алмасуы, жұмысқа қажетті ой-пікірлер, жұмысты үйлестіру, бағалау, қорытынды шығару, қол жеткен нәтижелерге баға беру; мәжіліс, кеңес, отырыс тәрізді қызметтік жиындарда іскери қатынас тілінде жүзеге асады. Іскери кеңес, іскери әңгіме, телефон, факс арқылы байланыс жасау іскери қатынастың дербес түріне жатады. Сонымен, қызмет бабындағы ресми жағдаятта іскерлік қарым-қатынас қажетін өтейтін тіл іскери тіл деп аталады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз мәдениетінің қазақ тіл білімінде лингвистикалық пән ретінде қалыптасуы ең алдымен проф. М.Балақаевтың есімімен тығыз байланысты. М.Балақаев қазақ тілі мәдениетінің, біріншіден, зерттеу нысанасын анықтады, екіншіден, іргелі ұғымдарын айқындап, оларға анықтама берді, үшіншіден, аталмыш пәннің негізгі мақсаты мен атқарар міндеттерін көрсетіп берді. Сөйтіп, сөз мәдениетінің қазақ тіл білімінде дербес пән ретінде қалыптасуының негізін салды. Әдеби тілдің нормасын сөз мәдениетінің түпқазық ұғымы ретінде танытудың барысында сөздің “дұрыстығы” деген коммуникативтік сапа алдымен тілдік норма арқылы айқындалатын болды. Бұл сөз мәдениетінің тілдік-құрылымдық аспектісіне қатысты мәселелер болып табылады.