Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы


Мазмұны
Кіріспе 3
I Бөлім. Қаржылық есеп беру түрлері және оларды құрастыру принциптері 8
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері 8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері 14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық операциялардың жіктелімі 17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі 20
II Бөлім. Қаржылық есептеме – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы 22
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың ақпарат көздері 22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар 28
III Бөлім. «Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау 31
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың қалыптасу көздерінің динамикасын талдау 31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау 37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты көрсеткіштерін талдау 44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау 48
Қорытынды 55
Қолданылған әдебиеттер тізімі 58

Кіріспе
Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер болды.
Нарықтық экономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақтарына толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әртүрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамассыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек.

I Бөлім. Қаржылық есеп беру түрлері және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері
Нарықтық экономикада бухгалтерлік баланс қолданушылар ортасы үшін негізгі ақпараттық көз болып табылады. Ұйымның балансы меншік иелерін, менеджерлерді және басқа да басқарумен байланысы бар тұлғаларды шаруашылық субьектісінің белгілі бір күнге мүліктік жағдайымен таныстырады. Олар баланстан меншік иесі немен иегер екенін біледі.
Баланс бойынша ұйымның жақын уақытта үшінші тұлғалардың – акционерлердің, кредиторлардың, инвесторлардың, тұтынушылардың, сатушылардың және басқалардың алдында өздерінің міндеттемелерін орындай ала ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұр ма, соны анықтайды.
Балансты оқи білу дегеніміз – бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін мынадай мүмкіндіктер береді:

1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері
Кіріс пен шығыс есебі – бұл белгілі бір уақытта ұйымның қызметінің ойдағыдай болғанын өлшейтін есеп беру. Іскерлік және инвестициялық орталарда ол ұйымның рентабельдігін, инвестициялық құндылықтарды, несиеге қабілеттілікті анықтау үшін қолданылады. Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына ақша қаражаттары қозғалысының болашағын әртүрлі әдістермен болжауға көмектеседі.
Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес ұйымдар Кіріс пен шығыс есебінде немесе оларға ескертуде шығындардың сипатына негізделіп, жіктелген шығындарға талдау жасау керек.
Талдаудың бірінші әдісі шығындардың сипаты әдісі. Шығындар есеп беруде олардың сипатына қарай біріктіріледі (мысалы, тозу және амортизация, материалдарды сатып алу, транспорттық шығындар, жалақы, жарнамаға кеткен шығындар) және ұйымның ішінде әр түрлі қызмет бағыттары бойынша өз арасында қайта бөлініске түспейді.

1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық операциялардың жіктелімі
Есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерді бөлек түрде ақша қаражаттарының қозғалысы ақпараттары көрсетіледі.
Осыған байланысты ақша қозғалысы есебі ақша құрылымдарын қызмет түрлеріне қарай шектеуге көмектеседі.
Ақша қаражаттарына ақшалар және талап етілген салымдар кіреді.
Ақша қаражаттарының эквивалентіне ақша қаражаттарына тез арада айналатын жоғары өтімді және қысқы мерзімді салымдар кіреді.
Кәсіпорынға түсім әкелетін операциялық қызмет дегеніміз негізгі қызмет.
Инвестициялық қызмет дегеніміз ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып алу бойынша қызмет.
Қаржылық қызмет - меншікті капитал құрамын және қарыз қаражаттарын тарту бойынша міндеттемелерді өзгеріске әкелетін қызмет.
Операциялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының қозғалысы тауар сатудан, қызмет көрсетуден немесе орындалған жұмыстан ақша қаражаттарының түсуіне және жеткізушілерге кредиторлық борыштарды жабуға жасалған төлемдер нәтижесінен, жұмыскерлерге еңбек ақы төлеудің кредиторлық борыштары, бюджетке салық төлеу және басқа да төлемдер жасау нәтижесінен ақша қаражаттарының жылыстауына алып келеді.

1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі
Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына компанияның қаржылық жағдайына, жиынтық табыстар мен шығындардың барлық елеулі өзгерістері жайлы нақты ақпарат беруге міндетті.
Кіріс пен шығыс есебін құрастырған кезде табыстар мен шығындар (мысалға, негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсімнің өсуі немесе азаюы) ескерген жөн. Бұл баптар бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес меншікті капиталдағы өзгерістерде кәсіпорынның иелерімен байланысты операциялармен бірге көрсетіледі.
Екі есеп беру уақыты аралығында ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда барлық табыстар мен шығындарды есепке алу керек. Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары қаржылық есептеменің жеке формасы ретінде ұйымның жиынтық табыстары мен шығындарын көрсететін, оның ішінде меншікті капиталға тікелей танылатынды кіргізетін есеп беруді талап етеді.
Мұндай есеп беру «Меншікті капиталдағы өзгеріс есебі» деп аталынады, және ол келесілерді сипаттайды:

II Бөлім. Қаржылық есептеме – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың ақпарат көздері
Нарықтық қатынастары жағдайында басқару шешімдерін қабылдау барысында компаниялардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы өте зор.
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.

III Бөлім. «Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың қалыптасу көздерінің динамикасын талдау
Нарықтық қатынастары жағдайында басқару шешімдерін қабылдау барысында компаниялардың қаржылық есептемесін талдаудың маңызы өте зор. Қаржылық есептеменің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтерді нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке таптарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.Қаржылық есептемені талдау баланстан басталады. Баланс бойынша кез-келген компанияның қаржылық жағдайы анықталынады.
Қаржылық жағдай инвесторлардың өз бағасын алады, егер келесі теңсіздіктер сақталынса:

3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады.Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Төлем қабілеттілігі компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды.
Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шартты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады.Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстар дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, немесе пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштеріне:

3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау және талдау қорытынды кезең болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайда ең алдымен оның қаражат айналымының жылдымдығынан көрінеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталынатындығын айта кету керек.

Қорытынды
Кез – келген ұйымның қызметінің тиімділігі негізі болып табылатын нақты бір жүйеге келтірілген бухгалтерлік есеп және бақылау болып табылады.
Меншік түрлеріне қарамай – ақ кез – келген компанияның қаржылық және заңдылық негізін, оның мемлекеттік органдармен және бекітілген нормалармен және тәртіппен сәйкестілігін растайтын бухгалтерлік есеп керек.
Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп, бір жүйеге келтіру болып табылады.