Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 3
I-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 4
1.1 Валюта жүйесі: экономикалық мәні мен түрлері 4
1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі 9
II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ 12
2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы 12
2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш 18
III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КIРIСПЕ

Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштердің қарқынды өсуімен, дүниежүзілік рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзінің онды әсерін тигізеді.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шарушылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын тудыратын әдістер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлтаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді.
Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.

I-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Валюта жүйесі: экономикалық мәні мен түрлері

Валюта ( италиян сөзі , сөзбе - сөз – құн ) – елдің ақша бірлігі , оның шартты түрі, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.
Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келісім шарттарымен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді .
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы білдіреді.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда болды.

1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі

Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді ( 1 сурет). Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарасырайық.
Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері:
1) Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгізу тұралы» Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгізілді. Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдік валюталық қатынастарды еркін рыноктық түрде дамыту үшін еркін айналымға жібердік. Бүгінгі таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, еліміздің тұрақты экономикалық өсуіне даңғыл жол ашуда.
2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ

2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы

Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.
Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарасырайық.
Валюталық жүйенің маңызды элементтері – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетілген қызметтердің халықаралық барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттілігінен: дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарды бейнелеген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негізделеді.

2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш

Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді. Сондықтан жиынтық ұлттық өніммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептелінеді.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелерінің және түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы.

III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ

Рынокқа өту кезеңінде Қазақстан егеменді ел ретінде өзінің саяси дамуы кезеңінде ұлттық валюталық жүйесін құрып және валюталық саясаттарын жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұр.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВК-ға (Халықаралық валюталық қорға) мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын «Ямаика валюта жүйесінің» құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстанның ұлттық валютасының болмауы және Ресей валюта аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Жоғарыда аталған заңға қоса, « Қазақстан республикасының ақша жүйесі туралы « 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; «Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы « 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары үкімет қаулылары мен ұлттық банк басқалырымен нормативтік активтілері.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюталық жүйе қалыптасты.
Валюталық жүйе дегеніміз - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келісім шарттарымен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлінеді: