Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
“Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы “Заңы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне — банк ісінен түсетін табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру.
Меншікті қаражаттардың салыстырмалы тапшылығы инвестициялық банктерді бағалы қағаздардың эмиссиясын орналастыру үшін синдикаттарды және консорцумдарды құруға мәжбүр етеді. Мұнда олардың рөлдері бірдей емес, әдетте синдикаттарда және консорцумда 1-5 банктің басшылықты орыны болады.
Өздерінің делдалдық қызметі үшін үшінші типті инвестициялық банктер инвестордың төлеген сомасы және эмитент – компанияның алған пайдасының айырымы көлемінде комиссионды төлем алады.
Ал екінші типті инвестициялық банктерге келсек, олар бірінші типті инвестициялық банктерден ұйымдастырушылық құрылымда, қызметтері мен операцияларында елеулі айырмашылығы бар. Екінші типті инвестициялық банктер акционерлік негізде, мемлекеттің қатысуымен аралас меншік формасында және таза мемлекеттік болып құрылуы мүмкін. Мұндай банктердің негізгі функциялары шаруашылықтың әртүрлі салаларын, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізуімен және ғылыми – техникалық революция жетістіктерін іске қосумен байланысты арнайы –мақсатты жобаларды орта және ұзақ мерзімді несиелеу болып табылады.
Сонымен экономиканы инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр.
Банктердің қаржылық инвестицияларға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.