Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Ақша мәні және реформалары


Мазмұны
Кіріспе 3
І БӨЛІМ 4
1.1 Ақша мәні және негізгі функциялары 4
1.2 Ақша реформасының мазмұны 6
ІІ БӨЛІМ 9
2.1 1922 - 1924 жылғы және 1947 жылғы ақша реформалары 9
2.2 Рубль бағамының жоғарылауы және оны 1950 жылы алтын базасына өткізу 12
2.3 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 14
Қортынды 18
Пайдаланған әдебиеттер 20

Кіріспе

Менің бұл жұмысымның тақырыбы Қазақстандағы ақша реформасының қажеттілігімен маңызы жайында болғандықтан мен бірінші бөлімде, Ақшаның және негізгі функциялары және Ақша реформасының түсінігі туралы айта кетемін.
Ал екінші бөлімінде Қазақстандағы 1922 - 1924 жылғы және 1947 жылғы ақша реформалары жайында, және Рубль бағасының жоғарлауы және оны 1950 жылы алтын базасына өткізу және 1961 жылғы деноминация жәнеде ҚР-нің 1993 жылғы ақша реформалары жайында.

І БӨЛІМ

1.1 Ақша мәні және негізгі функциялары

Ақшаның өндіріс күштер мен тауар қатыстығының біршама жоғары даму нәтижесінде пайда болғандығы ертеден белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттеген басты анық болғаны болғаны, ал оның тауарлы шығу тегіне байланысын көрсетеді.
Тауар дегеніміз - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы. Ақшаның пайда болғандығы объективті алғы шарттарын туғызған. Нақты және абстракты еңбегінің жеке және қоғамдық еңбек бөлінісі тұтыну құнымен құнның арасында тауар табына байланысты болатын айырбас түрінің әртүрлі формаларын туғызды.
Айырбас дегеніміз - бір тауар өндірушіден 2-біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Енді тауарлардың баламалығын, яғни тауардың түріне сапасына формасына өлшенуін талап етеді. Әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мал = 1 қап бидай = 1 балта.

1.2 Ақша реформасының мазмұны

Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құкық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұ-рақты валюта болып табылды.

ІІ БӨЛІМ

2.1 1922 - 1924 жылғы және 1947 жылғы ақша реформалары

Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
1917 ж. жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп атады. Несиелік ақшалар мен «керенкилерден» басқа Уақытша укімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.