Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп - кассалық қызмет көрсетулер. Қолма-қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАСССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ 5
II БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАССАЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ КЛИЕНТТЕРГЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ 13
2.1 Есеп айырысу-кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты жабуды жүзеге асыру 13
2.2 Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі ойынша есеп айырысу 15
2.3 Төлем талап - тапсырысымен есеп айырысу 18
2.4 Төлем карточкасымен есеп айырысу 20
III БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАССАЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ КЛИЕНТТЕРГЕ КАССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР 24
3.1 Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету 24
3.2 Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету 26
3.3 Касса және құндылықтарға тексеру 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талабына сәйкес банк жүйесі қалыптасты. Бәсекелестік ортада банктер жүйелі қызмет атқару үшін бөлшектік банктік қызметті қалыпты жүргізу, салымдар көлемін кеңейту, клиентке қызмет көрсетудің материалдық-техникалық базасын кеңейту мәселелерін қарастыруда. Нарық талабын орындай алмаған банктер таратылды. Ал қалыпты қызмет атқарушы банктер тұрақты ресурстық базасын қалыптастырып, тартылған қаржыларды орналастырып, нарықтық экономиканың табыс көздерін іздестіруде.
Сан қилы сыннан өткен банктер бәсекелестік ортада клиентура базасын кеңейтуде. Сол себебті заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызмет көлемін кеңейту, клиент қызығушылығын таба білу, есеп айырысудың жаңа нысандарын енгізу банктің басты басқарушылық жоспары болып табылады. Қазіргі таңда күнделікті жүзмыңнан аса аймақаралық төлемдер жүргізіледі, және банктер қоғамдық көзқарасқа негізделе қызмет етеді.
Жұмыстың зерттеу обьектісі- есеп айырысу-кассалық бөлімде клиентке қызмет көрсетудегі жүргізілетін операциялардың түрі, мәні мен мазмұны, орындалу тәртібіне негізделеді.
Жұмыстың бірінші бөлімінде клиентке қызмет көрсетудің басты аясы есеп-кассалық бөлімнің ұйымдық- құқықтық негізі мен жалпы түсінігі, клиентке қызмет көрсетудің ұйымдастырылуына көңіл аударылады.
Екінші бөлімінде есеп айырысу-кассалық бөлімінде клиентке қолма қолсыз есеп айырысу формасында қызмет көрсетулермен таныс боласыздар, яғни клиенттерге банктік шот ашу, рәсімдеу, шот бойынша операция жүргізу,төлем тапсырысы, төлем талап тапсырысы және пластикалық карточкалар бойынша есеп айырысулармен таныс боласыздар.
Үшінші бөлімде клиентерге қызмет көрсетуде кассалық операцияның мәні, жалпы түсінігі, яғни нақты ақшаны қабылдау, нақты ақшаны беру және оның бухгалтерлік есепте бейнеленуі қарастырылады және есеп айырысу-кассалық бөлімде есеп айырысудың енгізілген жаңа нысандары қарастырылады.
Жұмысты орындау барысында негізгі әдістемелік реттеуші құрал ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30. 03. 1995. №2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30. 05. 2001. №182-II), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31. 08. 19995. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25. 04. 2001. №179-II), Қазақстан Республикасының «Ақша төлемдері мен аударулары туралы» Заңы 29. 06. 1998. №237-I (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 29. 03. 2000. №42-II), «Пруденциалды нормативтер туралы» ережелер 23. 05. 1997. №219 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 02. 06. 2000. №265), Ұлттық Банктің Қаулысы «екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының минималды мөлшері» 02. 06. 2001. №192, Ұлттық Банктің «Екінші деңгейлі банктерде және банк операциясының жекеленген түрін жүзеге асыратын мекемелерде кассалық операцияны жүргізу» ережесі 03. 03. 2001. №58, оқулықтардан Банковское дело. Под ред. Сейткасымов Г.С. – Алматы «Қаржы-Қаражат», 1998, Қалғұлова Р. Ж. Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп –Алматы, 2005.
Жұмыстың барысына байланысты төмендегі сұрақтар қарастырылады:
• Клиентке шот ашу, шот бойынша операциялар жүргізу;
• Құжаттарды формалды және мәні жағынан тексеру;
• Кассалық операциялардың есебі;
• Есеп айырысу операцияларының есебі;
• Есеп айырысу-кассалық операциялардың жаңа нысандары.
I Бөлім. Есеп айырысу-касссалық қызметтің ұйымдық-құқықтық негізі
Екінші деңгейлі банктерде (бұдан әрі банктерде) клиентерге қызмет көрсетулер есеп кассалық, салымдарды қабылдау, несие ұсыну және басқа да операциялар түрінде көрсетіледі. Банктер клиентерге қызмет көрсету ауқымын кеңейту арқылы клиентура базасын кеңейтеді. Банктің сенімділігі мен өтімділігі оның қызметінің кірістілігін мінездейді. Банктің клиенттерге қызмет көрсетулері Ұлттық Банк ережелеріне сәйкес орындалады. Заңда көрсетілетін түсініктемелер:
Банк- «ҚР банктер және банк қызметі» туралы заңға сәйкес банк қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банк құрылымын 1. кестеде көре аласыздар.
II Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету
2.1 Есеп айырысу-кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты жабуды жүзеге асыру
Шаруашылық байланыстар банк қызметіндегі қажетті шарттардың бірі болып табылады. Банктің шаруашылық байланысы келісімдік қатынаспен белгіленеді. Есеп айыру қатынасы- сатып алушының мерзінде қызметті төлеуі және банк келісім міндеттемені орындағаннан кейін қарызын қайтаруы.
Ақшасыз есеп айырысу- банктің мекемелерде төлеушінің (ақша жіберуші) шотынан алушы шотына қаржыларды аудару негізінде жүргізілетін есеп айырысулар.
Ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру процесінде шаруашылық келісімдерді орындау бойынша, жабдықтаушы мен сатып алушы арасында өзара бақылау жағдайын туғызатын қарым-қатынас пайда болды, ал банк қойылған есеп-айыру ережелердің орындалуын және есеп айыру операциялардың заңды түрде болуын бақылайды.
Ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру процессінде оларды ұйымдастыру принциптер маңызды рөл атқарады:
2.2 Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі ойынша есеп айырысу
Төлем тапсырысы– ақша жіберуші тұлғаның қызмет көрсететін банкіге тапсырыста белгіленген соманы бенфициар шотына аудару туралы тапсырысы. Төлем тапсырысты ақша жіберуші жазады да, өзінің банкіне ұсынады (мерзімі 10 күн). Жазылған күннің уақыты көрсетілген тапсырыс, банкпен 10 календарлық күн ішінде қабылданады. Төлем тапсырыс бойынша төлемдер, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша жүзеге асырылады. Төлем тапсырыс көбіне алған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін жазылады (қосымша 4).
Тауарлы емес операцияларға жататындар:
Операциялық департамент немесе басқарманың шот менеджері келесілерді тексереді:
• клиенттің ағымды шотында қаржылардың бар болуын ;
• барлық реквизиттердің дұрыс безендіруін:
• құжаттың бар болуын;
• құжаттың нөмірін;
• құжат жазылған күн, ай, жылын;
• ақша жіберушінің толық атауы;
• ИНК, ҚҰБ – мен белгіленген коды;
• алынған ақшалардың толық атауы, оның ИНК-і мен бенефициар коды;
• ақша жіберуші банкінің толық атауы мен БИК
• төлем түрі мен ҰБ белгілеген төлем коды;
• төлем құжат негізінде жүргізілгендектен, сол құжаттың номері, атуы және датасы болуы керек, салық сомасы, төлем сомасы санмен және жазумен;
• бюджетке төлем кезінде бюджет топтастырудың коды;
• валюта уақыты-бұл юенефицияр ақшаны алу уақыты;
• бенефициар мен ақша жіберушінің СТН.
Шоттың менеджері төлем тапсырысын келесі тәртіппен орналастырады:
А) 1-ші данасы төлеушінің банкіндегі күндік құжаттар ішінде қалады және келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:
Дт-2203
Кт-1051, (2203)
Б) 2-ші, 3-ші данасы алушы банкіне жауапты өткізбе құру үшін және ақшаны алушы шотына енгізу үшін жіберіледі:
Дт-1051
Кт-2203
В) 4-ші данасы банк белгісімен бірге клиентке қайтарылады.
Төлем тапсырысымен төлем жүргізгенде шот менджері барлық данаға уақытты, ал 2-ші және 4-ші данаға қол, штампты қояды. Егер төлем тапсырысы 2 данада ұсынылсы, онда 1-ші данасы төлеушінің банкінде күндік құжаттар ішінде қалады, екіншісі қайтарылады.
Төлем тапсырысымен есеп айырысудың схемасы:
2.3 Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу
Төлем–талап тапсырысы- жабдықтаушының сатып алушыға көрсетілген қызмет немесе өнімнің бағасын келісім негізінде төлеу тапсырысы болып табылады. Бұл есеп айырысу формасы жабдықтаушы банкінен басталады. Жабдықтаушы реестр кезінде төлем-талап тапсырысы 2 данада өзінің банкіне инкассоға ұсынады (қосымша 5).
Ұсынылған құжаттарды шот менеджері тексереді, яғни ақша жіберушінің аты, СТН, ИНК, кодын жіберуші банктің толық атауы мен оның БИК және бенефициар бойынша ұқсас реквизиттерді тексереді.
Қалааралық есеп айырысу кезінде төлем-талап тапсырысы 4 данада, электронды түрде 2 данада толтырылады. Барлық құжаттар тексерілгеннен кейін төлем-талап тапсырысы реестрінің 1-ші данасы банкте қалады, 2-сі банк белгісімен бенефициарға қайтарылады. Шот менеджері төлем-талап тапсырысқа банк штампын қойып төлеуші банкке жібереді. Банк 30 календарлық күн ішінде тапсырыс жазылған күннің уақытымен бірге төлем-талап тапсырысты қабылдайды.
2.4 Төлем карточкасымен есеп айырысу
Пластикалық карточка- заңды және жеке тұлғалармен тауар және көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақшаны алуға, шетел валютасымен айырбас операцияларды жүргізу үшін қолданылады.
Банкомат-қолма-қол ақша беруге арналған электронды-техникалық құрал.
Дебеттік карточка-өз иесіне карт-шотындағы ақша қалдығы шегінде есеп айырысуды жүргізуге мүмкіндік береді. Жүргізілетін операциялар –қолма-қол ақшаны алу;- тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлем.
Кредиттік карточка-карт-шоттағы ақша мөлшеріне қарамастан көп мөлшерде есеп айырысуды жүргізуге болады. Бұл карточка банктен белгілі мөлшерде ақшаны жалға алу шегінде лимит қойылады, яғни несие алу. Мұндай несие бойынша сый-ақы үлкен емес және пайыз нақты сомаға, несие қолдану мерзіміне есептелінеді.
Кредитті карточка бойынша мыналар жүзеге асырылады:
III Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге кассалық қызмет көрсетулер
3.1 Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету
Екінші деңгейлі банктің клиенттерге кассалық қызмет көрсетуі және нақты ақшаны орнықтыруы үшін есеп айырысу кассалық бөлімде кассалық операция бөлімшесі ашылған. Кассалық операция қызметі Ұлттық Банктің екінші денгейлі банк және банк операцияларының жекеленген түрін жүзеге асыратын мекемелердегі кассалық операцияны жүргізу бойынша 2001 жыл үшінші наурыздағы № 58 ережесіне сәкес орындалады. Заңда қолданылатын түсініктемелер - касса нақты ақша және басқа да құндылықтарды қабылдау және беруге арналған арнай бөлімше; кассалық операция, бұл қабылдау, қайта санау, айырбастау, нақты ақша беру және құндылықтарды сақтау операциялары.
Орындалған жұмыс көлеміне байланысты келесі кассалар құрылуы мүмкін:
Қойма барлық техникалық талаптарға сай келуі керек. Қойманы ашу және жабу материалды жауапты тұлғамен беітілген бір уақытта жүргізіледі.
Клиенттерден банктерге ағымды және корреспонденттік шоттарына ақша аудару екі құжат бойнша жүргізіледі:
1. хабарламаға қолма-қол жарна (Қосымша 7);
2. кіріс касалық ордер (Қосымша 8).
Хабарламаға қолма-қол жарна үш бөлімнен тұрады:
а. хабарлама;
б. түбіртек;
в. ордер.
Клиент хабарламаны толтырып аяқтаған соң, шот менеджеріне ұсынады. Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексереді және кіріс кассалық журналға тіркейді. Хабарлама кассаға өткізіледі. Клиенттен нақты ақша қабылданады, хабарлама кассада қалады, түбіртек клиентке мөр басылып беріледі, ал ордер бухгалтерияға немесе бэк-офиске өткізіледі. Келесі өткізбе құрылады
3.2 Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету
Нақты ақшаны беру шығыс кассасы арқылы ақшалай чек және шығыс кассалық ордер (Қосымша 9) құжаттары бойынша жүргізіледі. Ақшалай чек – бұл қатаң есептегі құжат болып табылады, клиенттің өзінің шотынан ақша алуы үшін жазылады (Қосымша 10).
3.3 Касса және құндылықтарға тексеру
Ақша қаражаттары мен құндылықтарының сақталуын бақылау мақсатында банк мекемелерінде жоспарлы және кенеттен тексеру жүргізіледі. Банкнота мен монеталарды келесі жағдайлрда тексереді:
1. банк басшысының тапсырысы бойынша тоқсанына бір рет;
2. жыл сайын, қаңтардың 1-де;
3. басшы касса менгерушісі ауысқанда;
4. банк немесе Ұлттық Банк төрағасының өкімі бойынша.
Есеп айырысу - кассалық бөлімде тексеру кезінде ақша артығы табылса онда келесі өткізбе құрылады:
Қорытынды
Қазіргі таңда банкоматтармен қатар, есеп айырысудың электрондық әдісі, төлемдердің «Home-Банкинг» қызметі арқылы бонктік қызметті үйде тұтынуға болады.
Бұл жүйенің бастамасы 1982 жылы Nottingam Building Society құрылыс компаниясымен Шотландия банкі және британдық байланыс компаниясының Homeline жүйесін енгізуден басталады. Осы жүйені қолдану арқылы клиент банкке келмей-ақ банктік қызметтерді тұтынады, яғни:
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
2.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30. 03. 1995. №2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30. 05. 2001. №182-II);
3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31. 08. 19995. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25. 04. 2001. №179-II);
4. Қазақстан Республикасының «Ақша төлемдері мен аударулары туралы» Заңы 29. 06. 1998. №237-I (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 29. 03. 2000. №42-II);
5. «Пруденциалды нормативтер туралы» ережелер 23. 05. 1997. №219 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 02. 06. 2000. №265);