Жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету
Жоспар
1 Еңбек нарығының түсінігі. 3
2 Жұмыссыздың құқықтық мәртебесі 11
3 Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері 15
Әдебиеттер 17
1 Еңбек нарығының түсінігі.
Қазақстанның және өзге де кеңестік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда болуына және еңбек нарығының туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мәселесі елдің миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.
Қазіргі заманда еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығын білдіреді.
2 Жұмыссыздың құқықтық мәртебесі
Жұмыссыз тұлғаның құқықтық мәртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен тұрады:
- еңбекке құқықсубъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен міндеттерді иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек құқығының қатысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда тіркелген сәтінен бастап еңбекке құқықсубъектілігін иеленеді (ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 15-бабы).
- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың еңбекке құқықсубъектілігіне ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға иеленеді.
Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда немесе азамат өзінің бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан жағдайда, жұмыссыздар өз келісімімен уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқу орындарында білім алуға құқылы. Жұмыссыздарға кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту және біліктілігін көтеру кезінде көрсетілетін әлеуметтік дайындықтың жағдайлары және тәртібі заңдарда көзделген.
Мұндай жағдайда жұмыссыздарды оқыту еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуге жәрдем беру және оларды жұмысқа орналастыру да әлеуметтік қорғаудың түрлерінің бірі болып табылады. Лайықты жұмысты іздеуді және жұмысқа орналастыруды, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл ретте заңдарда шетелде жұмысқа орналастыруға қатысты тыйым салынбаған.
3 Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері
Біздің мемлекет азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асырудың кепілдіктерін жариялай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді: